Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің аты- жөнім

17 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балаларға өзінің аты - жөндерін дұрыс айта білуге үйрету. Сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Білім саласы: "Қатынас"
Оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: "Менің аты - жөнім"
Мақсаты: Әр адамның аты - жөні болуына құқылы екені жөнінде білімдерін кеңейту. Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Оқу іс - әрекет барысы:
- Балалар есім деген не?
- Қалалар мен өзен - көлдердің атауы бола ма?
- Тағы ненің атауы болады?
- Дүниеге сәби келгенде оған ат қояды, оған есімді кім таңдайды?
- Есімдер қалай таңдалады?
- Сәбиге есімді атасы немесе әжесі таңдайды. Әрбір есімнің өз мағынасы бар. Мысалы: Аружан деген есімді айдай ару, әдемі дегенді білдірсе, жан - дегеніміз адам дегенді білдіреді екен. Сол сияқты батырлардың есімдерін де қояды.
Ал, енді біз бір - біріміздің есімізді айтып танысайық.
Сенің атың кім?
- Менің атым - Дария, фамилиям - Жоламан, жасым төртте. Менің атымды нағашы атам қойған екен. Теңіз, дариядай кең пейілді болсын деп маған Дария есімді берген екен
- Ал, сенің атың кім?
- Менің атым - Ертай, жасым төртте. Менің атымды әжем қойыпты. Әкемнің артынан ерген тай болсын, тұяғы болсын депті.
(балалар өздерінің аттарын айтып танысады)
- Қалай ойлайсыңдар, адамдарды өз есімімен атаған ұнай ма?
- Балалар, адамның атын толық немесе қысқартып айтуға болады, солай ма?
- иә, еркелетіп те атайды.
Мысалы: Бексұлтанды - бикош дейміз, Айаруды - айок т.с.с.
- Енді, балалар, "Есімдер" ойынын ойнайық.
- Мен допты лақтырып, сол баланың есімін толық атаймын, қағып алған бала өз есімін айтады.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің, әкелерің қалай атайды?
(балалар үйдегі үлкендердің атағандарын айтады)
- Ботам, құлыным, жаным т.с.с еркелету сөздерін қосып атайды.
"Ойын: "Еркелетіп ата"
11 013
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Зат есім
Зат есім
Зат есімнің жасалу жолы, зат есім жасайтын жұрнақтар жайлы мәлімет беру, басқа сөз таптарынан ажырата алуға, сұрақ қоя білуге үйрету;
Сан есім. Сағат неше?
Сан есім. Сағат неше?
Сан есімді түсіндіріп, сауатты сөйлеуге және жазуға үйрету
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сан есім
Сан есім
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×