Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы ойындар

21 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қысқы ойындар»
Мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша балалардың сөздік қорын молайту; Сөз, сөйлем ойлау қабілеттерін дамыту; Өз тәжірибесін қолдану арқылы сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, түйсігін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз жолдастарының пікірін назар салып тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Күртік қар, ұлпа қар.
Көрнекілігі:
1. Шаңғышы, коньки тебуші, велосипедші, шана бейнеленген суреттер;
2. «Қысқы ойындар «видеотаспасы;
3. Дидактикалық ойын «Суретті құрастыр»
4. «Туыс сөздер» ойынына қатысатын демонстрациялық суреттер.
5. Сазды әуен.( педагогтың таңдауымен)
Әдіс – тәсілі: Көрсету, баяндау, сұрақ – жауап.

Мотивациялық – қозғаушы
Тыныштық сәт і (әуенмен) « Аққала»
Мақсаты: Балалардың психо-эмоционалдық жағдайын, бұлшық ет жүйесінің жұмысын жақсарту.
Жүрісі: Балалар дөңгеленіп тұрады. Көздерін жұмып, денесін бір қалыпты күйге түсіреді. Айналаның бәрі аппақ қар. Балалар қардан аққала жасай бастады.. Алдымен оның денесін, басын жасады. Енді оның екі жаққа созып тұрған қолын ағаш бұтағынан жасады. Басына шелек кигізіп, көзін, мұрынын салды.. Аққала үлкен әрі әдемі болып аяғын нық басып тұрды. Ол балаларға қарап жымиып тұрғандай болды Балалар қатты қуанды. Көзімізді ашамыз.
Іздену ұйымдастырушы
Педагог балаларға сұрақ қояды.
Педагог:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Сендердің әрқайсыларыңның қыс кезінде сүйіп ойнайтын ойындарың бар. Осыған орай біз қазір
«Сөйлемді аяқта» ойынын ойнаймыз. Балалар бір – біріне қар ұшқынын( қаршық) беріп тұрып, «Мен қысты жақсы көремін, өйткені...» деп сөйлемді аяқтайды. Келесі бала да осылайша жалғастыра береді.
Балалардың жауабы.
- Қыста мен қар лақтырып ойнағанды ұнатамын.
- Қыста мен аққала жасаймын.
- Қыста мен коньки тебуді ұнатамын.
- Қыста қардан мұнара тұрғызамыз.

2. Педагог:-- Ал, балалар енді тақтаға назар аударыңдаршы.
«Не артық» ойыны ойналады.
Тақтада шаңғышы, конькиші, шана сүйреген бала және велосипедші бейнеленген суреттер ілініп тұр. Балалардың жауаптары.
Велосипедшінің суреті артық, өйткені қыста велосипед теппейді, ал қалған суреттер спорттың қысқы түрлеріне жатады.
Педагог: - Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетінің тақырыбы: «Біз қыста қалай ойнаймыз?» Сендер суретке қарап, әңгіме құрастырасыңдар.

3. Балалар топшаларға бөлініп отырады. Әр топша үшін үстел үстінде 8 – ге бөлінген сурет бөліктері жатыр.
Педагог: - Балалар, енді біздер «Суретті құрастыр» деп аталатын ойынды ойнаймыз.
Балалар бір – бірімен ақылдаса отырып, суретті құрастырады.
- Қане балалар қандай сурет құрастырдыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Қар ұшқыны не қаршық, қарға, ақшақар. Педагог осы ретпен суреттерді тақтаға орналастырады.
- Осы суреттердің атауларында қандай ортақтастық бар?
Балалардың жауабы.
- Барлығында «қар» сөзі кездеседі.
Балалар интерактивті тақтадан қысқы ойындар бейнеленген көріністерін видеотаспа арқылы тамашалайды.
Педагог:-- Балалар, осы мезгілге байланысты қар сөзін қатыстырып, тағы қандай сөйлем құрастыруға болады?
- Қар жауып тұр. Жерде күртік қар жатыр. Ағаштар қар жамылып тұр.
Педагог: - Сендер өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар.
Тіл ұстарту.
«Ыс - ыс - ыс, келіп жетті қыс»
«Ар - ар - ар, жауып жатыр ақша қар»

4.- Балалар, енді алдарыңдағы әліппе дәптердің белгілеп қойған бетін ашып, ондағы суреттерге назар аударыңыздар.
Балалардың жауабы:
- Кірпі шанамен зырлап барады.
- Қояндар конькимен сырғанап жүр.
- Ит шаңғы теуіп келеді.
- Түлкі хоккей ойнап жүр.
Педагог:
- Балалар, осы көріністерді бір сөзбен қалай атауға болады?
- Қысқы ойындар немесе спорттың қысқы түрлері.
Педагог қыс туралы өлең жолдарын балалармен бірге айтады.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
48 334
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Қысқы ойындар, Қар кескіні
Қысқы ойындар, Қар кескіні
Балалармен бірге қысқы ойын - сауық атауларын бекіту. Қыс мезгілі, қар, қысқы ойындар туралы түсініктерді қалыптастыру. Қардың қасиетін, қысқы ойын түрлерімен таныстыру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Көкөністер
Көкөністер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×