Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы ойындар, Қар кескіні

29 наурыз 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Қысқы ойындар», «Қар кескіні».
Блок тақырыбы: Табиғат әлемі.
Апта тақырыбы: Қыс қызығы.
Кіріктірілген білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Жаратылыстану. Сурет салу.
Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалармен бірге қысқы ойын - сауық атауларын бекіту. Қыс мезгілі, қар, қысқы ойындар туралы түсініктерді қалыптастыру. Қардың қасиетін, қысқы ойын түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылығы: Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру. Тіс пастасымен жұмыс істеуге жаттықтыру. Қимыл – қозғалыстарын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы слайд, бейнебаян, қар, тіс пастасы, Аққала.
Қостілділік: қар - снег, аққала - снеговик

Мотивациялық қозғаушылық
- Қыстап қалған торғайларға жем береді, (ұясына салады)
- Қәне ендеше орнымызға отырайық.

Ұйымдастырушы
ізденушілік 1. Кіріспе сұрақтар:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай болады?
- Айларын кім атап береді?
- Қыс мезгілінде ауа - райы қандай болады?
- Балалар мен сендерге бейнебаян арқылы қыс мезгілінің қызықтарын көрсетемін.

2. Суретпен жұмыс: «Қысқы ойындар»
- Балалар ендеше теледидарға зер салайық, суреттерді тамашалайық.
1. Шана ойыны.
2. Шаңғы ойыны.
3. Коньки ойыны.
4. Аққала ойыны.

3. «Қыс қызығы» бейнебаян.
- Балалар терезеге қарайықшы, қыс мезгілі келді, қараңыздаршы қандай әдемі, айналаға ақ - мамық қар жауып тұр. Ол жолдарға, талдарға, үйлердің шатырларына қонып жатыр. Көшеге қарды тазалайтын арнайы көліктер келіп жатыр, олар көлік жүретін жолдарды қардан тазалап жатыр, егер жолдарды жауған қардан тазаламаса көліктер жолда жүре алмай қалады.
- Ал балалар сендерді қыс мезгілінде ойнайтын ойындарды қараңыздаршы, мына балақай шана мен төбеден сырғанауға келді. Ол қызықты ойын ойнап жатыр. Ал мына адам шаңғы тебуге шықты. Таза ауада шаңғы тепкен өте пайдалы, спорттың бір түрі екен. Ал мына балақай мұздың үстіне коньки теуіп ойнап жүр, ол оған қатты ұнаған секілді. Ал мына балақай қардан аққала жасап жатыр екен. Аққаланың пішіні туралы сұрақтар. Балалар қар лақтырып ойнап жатыр. Бұл да өте қызықты ойынның бірі.

3. «Аққаладан сәлемдеме» бейнебаян.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен қыс мезгілінде жауатын қардан жасалған аққаламын. Менің сендерге айтар тапсырмам бар, маған көптеген қар керек. Маған көмектесіңдерші, сендердің көмектерің өте қажет. Егер менің тапсырмамды орындасаңдар менің сендерге апарар бір қызықты затым бар. Мені күтіңдер, мен сендерге барамын.

4. «Почташы келеді»
- Аққаланың қорабын әкеледі.
- Тәрбиеші хатты оқиды.
- Балалар тапсырманы орындайық.
5. «Қар кескіні»
Тапсырма: Көк түсті қағазға сұқ саусақтың көмегі арқылы, тіс пастасы мен ақ қарлардың ізін қалдыру.
6. Аққала келеді. Балалардың жұмысын қарайды, мадақтайды.
- Саусақ жаттығуы:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен үш саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

- Д/ойын: «Не артық?»
- Аққала балаларға әкелген қызықты сыйлығын көрсетеді. Ол қар екен.
Аққала қарды балалардың алақанына салып, сұрақтар қояды.
- Қардың түсі қандай екен?
- Қар салқын ба, жылы ма?
- Ал енді бәріміз тыныс алу жаттығуын жасайық, қарды бәріміз үрлейік. Терең тыныс аламыз.

- Аққалаға балалардың жасаған жұмысын беріп, қоштасады.

Рефлексивті түзетушілік
Қорытынды.
Дыбыстық жаттығу.
Ыс - ыс - ыс, келді қыс.
Ан - ан - ан соқты боран,
Ар - ар - ар үлпілдек қар.
Ты - ты - ты аяз қатты.
Сабақ ұнады ма?
Қыста қандай ойындар ойналады?.
Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Нені меңгереді: Тіс пастасымен жұмыс істеуді.
Нені үйренеді: Қысқы ойындардың түрлерін біледі.

Атырау қаласы
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі
Сармурзина Маншук Башаркызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 358
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Аппақ қар
Аппақ қар
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Қыста аулада балалар ойнап жүр
Қыста аулада балалар ойнап жүр
Үлкендер еңбегін түсіндіру. Қысқы табиғат көрінісін ауызша бейнелеу. Ағаштардың жапырағының күзде түсетіндігін ұғындыру. Осы бейнені суреттей білу. Дәстүрден тыс әдіспен бейнелеуді үйрету.
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаевтың «Аққала» өлеңін оқыта отырып, қыс мезгіліндегі балалардың ойын түрлерін таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×