Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкөністер

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас
Ұ. о. іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Ұ. о. іс - әрекетінің тақырыбы: Қыс қызығы.(Сурет бойынша).

Ұ. о. іс - әрекетінің мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, нені, кімді, кімдерді, қандай деген сұрақтарға нақты жауап беруге, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету.
Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сықырлауық, шаңғы, хоккей, коньки сөздерін сөздік қорларына енгізе отырып, ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балаларды жігерлендіру.
Ұ. о. іс - әрекетінің әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, тренинг қорыту, елестету, ән айту, жалғастыру.
Ұ. о. іс - әрекетінің көрнекілігі: Қыс бейнесі бейнеленген үй, шаңғы, коньки, хоккей үлгілері, компьютер, суреттер, қысқы ағаш.
Сөздік қор: Сықырлауық, шаңғы, коньки, хоккей.
Сөздік жұмыс: Сықырлауық, шаңғы, коньки, хоккей.
Ұ. о. іс - әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес
Пән аралық байланыс: Ән - әуез, математика, айналамен таныстыру.

Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма?
- Далаға шыққанда тоңасыңдар ма?
Егер тоңатын болсаңдар, қане бір - бірімізді жылытайықшы /үрлеу әдісі/
- Қане, жылындық па?
Жылынып, болсақ, бір сәт өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Балалар айналаның бәрі қандай?
- Қардың түсі қандай?
- Ауа қандай?
- Мұның бәрі қай мезгілде болады?
- Дұрыс айтасыңдар, міне қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді «Сықырлауық» қыс деп атайды. Далада жүргенде қардың үсті сықырлайды екен. Тыңдасаңдар сықырлаған дауыс естіліп тұрады.
- Қане, қайталап жіберейік, қандай қыс?
- Біз қыстан, аяздан қорықпаймыз, жылы киініп, далада ойнаймыз. Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
Ал бұдан да басқа қыста – шаңғы, коньки, хоккей ойындары бар екен. Біздің жақта бұл ойындар көп ойнала бермейді, сондықтан біз бұл ойындарды біле бермейміз.
- Міне, мынау құралды - «шаңғы» деп атаймыз. Шаңғыны аяғымызға киіп алып, қолымызда екі таяқшасын ұстап, биіктен төменге қарай сырғанаймыз, жоғарыдан төменге тез түсеміз.
Мынау коньки. Бұл конькимен мұз үстінде ойнаймыз.
- Мына таяқша хоккей таяғы деп аталады. Хоккей ойыны да мұзда ойналады. Аяғымызға коньки киіп хоккей таяғын қолымызға ұстап, мұз үстінде сырғанап жүріп ойнаймыз.
- Қане, бәріміз бұл ойындардың атын қайталап жіберейік.
Ал енді, балалар, қазір бәріміз мұнда назар аударайық.
- Бұл суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, бұл суретте қыс мезгілі бейнеленген. Осы суреттен көріп тұрған балаларға ат қояйықшы.
Шанасы бар бала кім?
Аққала жасап жатқандар?
Шаңғысы бар бала?
Қар үстінде жатқан балалар?
Шанамен сырғанап жүргендер? Қар әкеле жатқан кім?
Сурет бойынша әңгіме.
Мен сендерге бұл сурет бойынша әңгіме айтып берейін, қане, бәріміз мұқият тыңдап алайық.
- Түнде далада қар көп жауып, айналаның бәрін аппақ қар басқан. Балалар ғажайып қысқы табиғат аясында ойнап жүр.
Бейбарыс, Ақниет, Анель қардан домалатып «Аққала» жасапты. Оларға Гүлсезім көмектесіп, қар тасып жүр. Аққала өте тамаша болып шықты, балаларға қарап күліп тұр. Дат – шанамен, Бекжан – шаңғымен ойнап жүр. Олар балалардың аққаласына қызыға қарап қояды. Сырғанақта шанамен сырғанап жүрген Ғания мен Перизатта балаларға риза болды.
Барлық балалардың ойындарына риза болған Бағжан мен Ақниет өздерінің Аққаласын қалай жасайтындарын ойлап, қар үстінде жатыр.
- Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма? Әңгіме қызық па?
Олай болса, қане орнымыздан тұрып, бәріміз тағы да бір далаға шығып, Аққала жасап көрейік.
- Біз қазір далада тұрмыз, жердің бетін қар басқан, қане басып көрейікші.
Енді алға еңкейіп жерден қарды алып, ұстап домалатамыз, үлкейту үшін жерге қойып, домалатып алайық.
- Аққала неше бөліктен тұрады?
Үлкен бөлігін жасап болдық, енді екінші бөлігін жасайық, оны қайда қоямыз?
- Енді қай бөлігін жасаймыз?
- Басына не кигіземіз?
- Көзі, аузына не саламыз?
- Мұрнына не істейміз?
Байқаңдар, балалар, биыл қоян жылы ғой, қояндар сәбізді жеп кетпесін.
Аққаламыз дайын болды, оң жағынан бір, сол жағынан бір қарайық. Аққаламыз әдемі болды ма?
- Жарайсыңдар, балалар.
Енді қайтадан суретке назар салып, сурет бойынша әңгіме айтайық. Қане, кім бастайды.
Жалғастыру әдісі бойынша әңгімелеу.
Балалар қазір қысқы ойын ойнап жіберейік.
Оқу іс - әрекетін қорыту, балаларды мадақтау.
Астана - Азиядадан жарнама көрсету. Азияда туралы айтып өту. Балаларды жігерлендіру.

Күтілетін нәтиже: Балалар қыс мезгілі туралы меңгереді, ерекшеліктерін
ажырата алады. Қысқы ойындарды атап, сурет бойынша
әңгімелей біледі.
9 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Қыс – ғажайып мезгіл
Қыс – ғажайып мезгіл
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектеп - балабақшасы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Айжарикова Гульбану Талаповна
Қысқы ойындар
Қысқы ойындар
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы МАД тобының тәрбиешісі - Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы
Қыс ( сурет бойынша әңгіме)
Қыс ( сурет бойынша әңгіме)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Сүйінтаева Айжамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×