Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Жауқазын" аруы

07 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жауқазын аруы

Мақсатты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Жүргізуші:
Аналар, арулар, балабақша қызметкерлері! Бүгін 8 наурыз мерекесіне хош келдіңіздер!
Ортамызға Жауқазын тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.- демекші сөз кезегін балабақша меңгерушісі Б. Тойынбетқызына береміз.
Жүргізуші:
Армысың әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды Сіздерді балаларың.
Аналарға деген балалардың жылы лебізі.
1. Ана ең жақын, әрі ыстық адам. Ринат
2. Ана - ең аяулы жан. Раушан
3. Ана деген - бәйтерегі өмірдің. Нұрасыл
4. Ана деген - қуанышы көңілдің. Кәдок
5. Ана деген - әр бір үйдің жылуы. Әсет
6. Ана деген - асыл жандар болаттай. Досбол
7. Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай. Ә. Нұрислам
8. Ана - ол біздің елде ардақты адам. Ерхан.
9. Ана өмір шуағы. Кәусар
Жүргізуші:
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қадірлейтін халықтың бірі де, бірігейі де біздің қазақ». – деп, аналарға деген құрметін білдіреді.
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналады. Құрметті аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қыздар, балабақша ұжымының апайлары, сіздерді Халықаралық әйел - қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін. Осы мерейлі мереке тек қана игі жаңалықтар әкелсін. Бүгін сіздерге арналған «Жауқазын аруы» атты сайысымызды тамашалаңыздар. Әділ қазы алқасымен таныс болайық.
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Ана тойын бастайық,
Осы тойға арналған
«Жауқазын аруы» сайысын бастайық.
Аруларымызды ортаға шақырамыз.
1 ару: Сөзі салмақты, ісі тиянақты, сымбатты қызымыз. Қайыргелді Ханшайым
2 ару: Баппен сөйлеп, биязы күліп жүзі жылы, өзі ұяң, тәті нәзік қызымыз. Қоянбаева Меруерт
3 ару: Сөзі өткір, өзі пысық, келбетті қызымыз. Жұмабек Аяулым
4 ару: өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қызымыз. Қоянбаева Сымбат.

Жүргізуші: Ал енді арулар сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1. Сәлемдесу.
2. Өз өнері.
3. Тапқырлар, білгірлер.
4. Жарнама.
5. Сән үлгісі.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға
Арулар аянбай - ақ жан салыпты
.
1 - ші ару Қайыргелді Ханшайым.
Халқымның өнері мол, даласы кең.
Алтынның сынығы да қымбат деген,
Қорғауға қыз намысын белді буған.
Қазақтың бұл жердегі еркесі мен.
Қайыргелді Ханшайым мен боламын

2 - ші ару: Қоянбаева Меруерт
Елігі ем - еркін жүрген кең даланың
Өнерге қанатымды кең қағамын
Намысын арулардың қорғай білер
Орақ қызы Меруерт мен боламын

3 - ші ару: Жұмабек Аяулым.
Өнерге жасымнан ақ ғашық едім
Думанды орталарға асық едім
Ізетпен алдарыңа салем берген
Жұмабек Аяулым мен едім

4 - ші ару. Қоянбайева Сымбат
Армысың ана, әже, бауырларым
Өнер сүйер үлкен - кіші қауымдарым
Көктемде қырда өскен қызыл гүлмін
Қол соғып құшақ жайып қабылдағың
Жеңіспен бас бәйгені алар кімің
Алдыңда Орак қызы Сымбат келді
Жауқазын гүліндей боп жайқаламын

Жүргізуші:

Әділ қазылар бағасын келіскенше «Үш ана» көрінісін тамашалаңыздар!
Ортаға стол және 3 орындық қояды. Бір орындықтың шетін ала, стол астында қуыршақ жатыр.
Кәусар - Қыздың киімін киген бүлдіршін.
Ана - Қызметкер ана көрінісімен киінген.
Жүргізуші:
Ойыннан келген Кәусарым
Қуыршағын іздейді
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздейді.
Кәусар: Қызым менің қалайсың
Томсырайып қарайсын
Қарның ашып отырма - ай,
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаларсың
Отыр қане қасыма
Тамақтанып аларсын.
Қуыршағын алдына алып отырады
Жүргізуші:
Кәусардың осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат таппай қызының
Халін сұрап біледі.
Ана: Кәусаржан бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды.
Кешке дейін жүрдің бе?
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін? (Отырады)
Жүргізуші: Анасының артынан
Апығып әже кіреді
Ол дағы өз қызының
Халін сұрап біледі.
Әжесі: Айналайын алтыным
Шаршадың ба жарқыным.
Ішпедің ау тамақта
Жайын ойлап жалпының
Қарашығым, қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Соткамен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әр қайсы сұрақтанып
Өз қызына қарады.

Үш ана қосылып:
Қандай қиын қараңдаршы
Қырсық мінез бала болу
Бәрінен де оңай емес
Білсеңдер ана болу.
Келесі шартымыз: «Өз өнері деп аталады».
1. Қайыргелді Ханшайым:
2. Қоянбаева Меруерт: Аққу биі.
3. Жұмабек Аяулым: Қазақша би
4. Қоянбаева Сымбат: Испан биі
Ойын: Даусынан таны деп аталады:
Жүргізуші:
Келесі шартымыз: тапқырлар, білгірлер деп аталады.
Аруларымыз гүлді тандап, гүлдің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1. Сен ең бірінші кімді жақсы көресің?
2. Анаңды қалай қуантқың келеді?
3. Үйде анаңа қалай көмектесесің?
4. Анаң сені қалай еркелетеді?
5. Сен анаңды қалай атайсың?
Жүргізуші:
Аруларымыз келесі шартымызға дайын болғанша балалардың орындауында өлең шумақтары.
1. Раушан
2. Кәдөк
3. Нұрасыл

Келесі шартымыз: «Жарнама»
1. Қайыргелді Ханшайым (Су сабын)
2. Қоянбаева Меруерт (Әтір)
3. Жұмабек Аяулым (Сок)
4. Қоянбаева Сымбат ( Балапан балабақшасы)
Жігіттер биін билеген,
Ұлдарды кім сүймеген
Күшті ұлан ұлдарға
Кімдер басын имеген - демекші «Жігіттер» биімен одан әрі жалғастырамыз.

Келесі шартымыз: «Сән үлгісі»
Аруларымызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Аруларымызды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Әсем әнім сырнайды - ай,
әлем сүйіп тыңдайды - ай,
Тамылжытып ән салмай.
Күнде думан болмайды - ай. Дегендей
Ән « Әрқашан күн сөнбесін»
Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
1. Бас жүлде иегері: «Жауқазын аруы»
2. «Көрермендер қөз айымы»
3. «Өнерлі қыз»
4. «Мың бұралған биші»
Жүргізуші:
Келесі сөз кезегін ата – аналарымызға береміз
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен сайысымызды аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамызға, - дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!
2 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
Аналар - асыл жандар
Аналар - асыл жандар
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту; Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана - өмірдің гүлі
Ана - өмірдің гүлі
Ана - өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×