Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық пішіндер

25 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ізеттілікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдығы: флишбурт, теледидар, үнтаспа, геометриялық пішіндер.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы
Балалардың көңілдерін өзіне аударады.
- Балалар, барлығымыз ән салайықшы.
Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,
Өлең айтып, би билейміз, балақай, балақай.
Тартып алып орамалды алақай, алақай,
Дөңгелене би билейміз балақай, балақай.
- Бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті. Сиқырлы хатты ашсақ ішінен не шығар екен?
- Сиқырлы хаттың ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?
- Дұрыс айтасыңдар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек екен.
- Балалар, барлығымыз ауада осы пішіндерді ауада жасап көрейікші.
- Үшбұрыш, ал мынау – төртбұрыш, ал мынау – дөңгелек.

- Ал, енді теледидарға қарайық. Теледидардан біз қандай пішіндерді көріп тұрмыз? Түстері қандай? Пішіндері қандай?

Тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды.
Сиқырлы хатты тамашалайды.
Пішіндерді атайды.
Көңілді әуеннің ойнауы арқылы ауада пішіндерді жасайды.
Теледидардан пішіндерді көреді, түстерін атайды. Салыстырады.

Іздену - ұйымдастырушылық
- Ал, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрайық, сәл демалып алайық.
- Бойыңды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
- Балалар, енді осы геометриялық пішіндерден суреттер құрастырайық.

Дидактикалық ойын «Көңілді пішіндер». Балалар геометриялық пішіндерден әр түрлі пішіндер құрастырады.
Мысалы: «Гүлдер», «Ою - өрнек»
- балалар, ендеше флишбрутқа қарайықшы. Бүгін біз танысқан геометриялық пішіндерді бейнелеп көрейік.
Орындарынан тұрып жаттығуды жасайды.
Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, суреттер құрастырады.
Көңілді пішіндерден гүл, ою - өрнек құрастыру.

Флишбрутта геометриялық пішіндерді бейнелеу.
Рефлексивті - түзетуші - Балалар, бүгін біз немен таныстық?
- Дұрыс айтасыңдар, пішіндер туралы білгендерімізді кеңейте түстік.
- Пішіндер неше түрлі болады?
- Геометриялық пішіндердің қандай пайдасы бар?
- Ең әдемі, ең көңілді пішіндерді кім жасады?

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап бере отырып, ұйымдасқан оқу - іс әрекетті қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Пішіндер туралы жалпы түсінік
Қалыптасқан әдет: Пішіндердің түсін, көлемін ажырату.
Істей білуі: Геометриялық пішіндерді біледі, әр түрлі пішіндер құрай алады.
46 449
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір - бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×