Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
БАЯНДАМА
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Тәй - тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4. Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы

1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

2) Тәй - тәй технологиясы. Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

1) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.
2) Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.

Дамыта оқыту технологиясы. Негізін салушылармен зерттеушілер: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиымды әдістері:
1. Ой толғаныс.
2. Ассоциация
3. Салыстыру
4. Раунд - Робин
5. Топтау әдісі
1) Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мыс: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
2) Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады. Мыс:
3) ЖАЛПЫ ОТБАСЫ:
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

3) Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма және қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

4) Раунд - Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс: «Гүлдер» тақырыбында
- Гүл өсімдік
- Гүл әдемі
- Гүлді жұлуға болмайды
- Анамызға сыйлаймыз
- Достарымызға сыйлаймыз т. б.

5) Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.

Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым - қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы.

Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.
82 063
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру
Қазіргі таңда жан - жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×