Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұлттар әлеміне саяхат

15 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қане балалар шеңбер құрып тұрайық
Бойымызды, денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар оянайық
Сәлем қолдар оянайық
Сәлем аяқтар оянайық

- Балалар ұйқыдан оянғанда даладан нені көресіңдер?
- Күнді, күннің нұрын көреміз.
- Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
- Алақай! - деп қуанамыз.
- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?
- Жоғарыдан аспанды, бұлтты, күнді көреміз.
- Төменнен нені көреміз?
- Ағашты, үйді, жерді көреміз.

Ендеше балалар біз аспанға, жерге, күнге және келген қонақтарға жылы лебізімізбен сәлемдесейік.
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң алтын күн
Қайырлы таң асыл жер
Қайырлы таң қонақтар
Қайырлы таң достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем, сәлем, сәлем!

Тыныштық сәті:
Тыныс алу жаттығулары:
Балалар аузымызды жауып мұрнымызбен терең демалайық.
Тамаша балалар.

Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Күнді жабады
Жаңбыр болып жауады. (Бұлт)

Балалар бұлт туралы өлең шумақтарын оқып бергім келіп тұр.
Ақсың, сұрсың қарасың
Қалқып қайда барасың?
Жерге нөсер төгілсін
Өссін гүлдер, көп егін.
Гүл, гүл жайнап өсер көп
Нөсерлетсең нөсерлет.

Балалар енді назарларыңды маған аударып тақтаға қарайық мен сендерге бұлттардың түрлерін көрсеткім келіп тұр.
Бұйра ақ бұлттар
Сұр бұлт
Қатпарлы бұлт
Мамық бұлт

Қызықты сәт: Топқа бұлт кіреді.
- Балалар бізге қонаққа бұлт келіп қалыпты.
- Балалар мен аспан әлемінен келіп тұрмын. Менімен бірге бұлттар әлеміне саяхатқа шыққыларың келе ме?
Енді балалар бұлттар әлеміне саяхатқа шығайық. Ол үшін орнымыздан тұрып, қолдарымыздан ұстап, көзімізді жұмып елестетейік. Біздер ұшаққа мініп аспанда ұшып келе жатырмыз. Аспанда мақтадай үлпілдеген бұлттар өтіп бара жатыр. Бұлттар әр түрлі пішіндерге қоянға, геометриялық пішіндерге ұқсайды екен. Енді балалар парашютпен жерге секіреміз. Ал астыға қарайықшы астыдан нені көріп тұрсыңдар? – жер, су, ағаштар. Бұл біздің туған жердің байлығы, Табиғат қандай әдемі! Туған жеріміздің табиғатын қастерлеуіміз, қорғауымыз керек.
- Дұрыс – ақ енді парашютпен жерге қондық. Осы сезімді балалар, қағаз бетіне бейнелейік
Бәріміз орнымызға отырайық. Үстел үстінде жұмысқа қажетті құралдар бар. Ақ парақта бұлттың, парашюттің және баланың сұлбалары тұр. Тісті тазалауға арналған щетка арқылы шашырату әдісімен аспан әлемін бейнелейміз. Парақтың барлық жеріне шашыратамыз.

Сергіту сәті: «Жаңбыр»
Жаңбыр жауа бастады
Қатты жауа бастады.
Бәсеңдеді
Бұлттар тарқады
Жарқырап күн шықты.
Парақ бетіндегі сұлбаны ақырын аламыз.
Парашуттың жібін фломастермен жүргізу.

Көрме ұйымдастыру.
Балалар салған суреттерін тақтаға әкеліп іледі.
Суреттер талқыланып, балалар бір біріне баға беру.

Қорытындылау.
Сұрақ – жауап арқылы.
Балалар мен сендерге аспан әлемінен бос келгенім жоқ, сабаққа жақсы қатысқандарың үшін сыйлық ала келдім.

Мадақтау
Балалар сендермен сабақ өткізген маған қатты ұнады. Енді мен өз әлеміме оралайын Сау болыңдар!.

Қоштасу.
Қол ұстасып тұрайық.
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!
23 609
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнді іздеген достар
Күнді іздеген достар
Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды.
Ұлттық киім: Шапан
Ұлттық киім: Шапан
Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана - сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Дыбыстар мен әріптер
Дыбыстар мен әріптер
Балалардың ойын, сөздік қорын дамыту. Сөйлегенде дыбыстардың ерекшелігін сезінуге баулу, дыбыстарға сөз ойлап табуға дағдыландыру. Байланыстыра сөйлеуге, дыбыс туралы әңгімені тыңдау арқылы, ит, ешкі қандай дыбыс шығаратынын ұғындыру арқылы
Күн жарқырап, шөп шықты
Күн жарқырап, шөп шықты
Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын саусақ моторикаларын дамыту.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×