Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыстар мен әріптер

08 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Сауат ашу
Тақырыбы: Дыбыстар мен әріптер
Мақсаты:
Білімділік: Дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беру, оларды бір - бірінен айыра білуге үйрету және дыбыстау арқылы әріптерді айтқыза отырып, әріп сырын ұғындыру.
Дамытушылық: Балалардың ойын, сөздік қорын дамыту. Сөйлегенде дыбыстардың ерекшелігін сезінуге баулу, дыбыстарға сөз ойлап табуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Байланыстыра сөйлеуге, дыбыс туралы әңгімені тыңдау арқылы, ит, ешкі қандай дыбыс шығаратынын ұғындыру арқылы жануарларды сүюге қамқорлық жусауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әңгімелеу.
Көрнекілік: Қыз, ешкі, ит, маса, әріптер, шар, әріп текшелері.

Билингвальды компонент: маса - комар, ит - собака, қыз - девочка., әріптер - буквы.
Шаттық шеңбері.
Балалар шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: Шуақ шаша
Алтын таңда,
Мөлдір таза ауада
Табиғатта бәрі оянды,
Оян сенде, бар бала.
Балалар ертеңгісін көзімізді ашып терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз?
- Күнді көреміз.
Әрине күнді, күннің нұрын көреміз.
Егер ол жарқырап нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз?
Алақай! – деп алақанын шапалақтайды.
Ендеше бәріміз қуанып жаңа күнді қарсы алайық!
- Армысыз қайырлы – Күн!
Армысыз мейірімді - Жер ана!
Армысыз қайырымды – Аспан ата!
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Өте жақсы, балалар. Жақсы сөз жарым ырыс демекші, қане бәріміз бір - бір жақсы тілектер айтайықшы мына ленталар арқылы.
Шаңыраққа байланған лента арқылы тілектер.
- Жарайсыңдар балалар қараңдар осы дөңгелекте тұрғанымыз неге ұқсайды?
- Допқа, шарға, күнге.
- Енді менің қолымдағы не?
- Шаңырақ.
- Ал сендердің қолдарың неге ұқсайды?
- Уыққа.
- Балалар шаңырақ дегеніміз не?
- Киіз үйдің төбесі.
- Көрдіңдер ме, балалар, осы біздің балабақшамызда бір шаңырақ деп алалады. Сол шаңырақтың астында біз тату - тәтті дос болып өмір сүріп жатырмыз. Осындай достықтың белгісін бүгін біз қонақтарға көрсетейік.
Балалар шеңбер бойымен ортаға түйіседі
- Ой рахмет балалар, орнымызға отырып достығымыздың арқасында бүгінгі оқу іс - әрекетімізді бастайық.
Тәрбиеші: - Күн суық, қар, адамдар, шана. Бұл сөздер неге тән сөздер?

Бұл қыс мезгіліне тән сөздер.
- Өте дұрыс, енді осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрап, әңгімелеп берейікші.
- Күн суық, қар жауып тұр, адамдар қалың киінген, балалар шанамен ойнап жүр.
- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Қыс айларын атап беріңдерші?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Балалар біз енді орнымыздан тұрып демалып алайық.
«Он саусақ» сергіту жаттығуы.
- Балалар бүгін мен сендерге керемет бір қызықты әңгіме айтып берігім келіп отыр.
- Күлшат күнде ешкісіне шөп, су беріп қамқорлық жасап жүрді.
(сурет көрсету). Бір күні ешкісі тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Күлшат ешкісін іздеп тоғайға келеді. Бір кезде қатты жел соқты.
Жел соққанда қандай дыбыс шығады?
- У - У - У - У - У - У - У
Желдің әсерінен ағаштар жапырағы шулайды. Қандай дыбыс естіледі?
- Ш - Ш - Ш - Ш - Ш - Ш
Тоғай ішінде жүру өте қиын болады. Масада ызыңдап, мазасын алады. Маса қандай дыбыс шығарады?
- З - З - З - З - З - З
Күлшаттың қасына еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысы естіліді. Ит қандай дыбыс шығарады?
- Р - Р - Р - Р - Р - Р
Күлшат айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп Ақтөске айбат шегіп тұрған жыланды байқайды. Жылан қандай дыбыс шығарды?
- С - С - С - С - С - С
Жыланды көрген Күлшат қорыққанынан өсіп тұрған ағаш артына тығылады. Сол кезде ешкінің дыбысын құлағы шалып қалады. Күлшат ешкісін шақырады.
- Шөре - шөре, шөре - шөре.
- Ия!
Кәне, балалар, ешкіне шақыруға көмектесейікші.(Ешкі: Мә - мә)
Қуанған Күлшат ешкісін айдап үйіне қайтады. Балалар сендерге әңгіме ұнайды ма?
Балалар жауаптары.
Енді балалар біз әр түрлі дыбыстар естідік. Кім қайталап айтып береді?

Билингвальды компонент:
Маса - комар, ит - собака, қыз - девочка, әріптер - буквы.
- Өте жақсы, балалар. Мен сендермен кішкене демалу үшін ойын ойнағым келіп отыр.
Ойынның аты: «Дауысты дыбыстар». Осы дауысты дыбыстардың әрбіреуінің өз мағанасы бар. Мысалы:
«А»- дыбысы - қуаныш белгісі,
«У»- дыбысы - шексіз белгісі,
«О»- дыбысы - қанағаттық белгісі,
«И»- дыбыс - тепе - теңдік белгісі.
Қызықтыру сәті:
(Осы кезде үлкен шар ұшып келеді.)
- Балалар қараңдаршы, Күлшат сендерге ойыны бар шар ұшырып жіберіпті. Бұл шардың сыртында мен айтқан дауысты дыбыстар бар екен
Мен қазір «А» дегенде қолдарыңды көтеріңдер.
«У» дегенде қолдарыңды алға созыңдар.
«О» дегенде қолдарыңды айқастырып кеудеге қойыңдар.
«И» дегенде бір қолды жоғары, бір қолды төмен созыңдар.
- Қазір естіген дыбыстарды қағаз бетіне түсірейік.
Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
- Балалар, дыбыстар нешеге және қалай бөлінеді?
- Екіге бөлінеді. Дауысты, дауыссыз.
Балалар дауысты, дауыссыз сөздерді ажырата алды.
- Ендеше балалар дауысты дыбысты қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
- Балалар енді тірек сызбаға қарайық.
Ағаш Алма Бала Балық
А Б
Аспан Алша Балта Балға
- Балалар бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Сабақты қорыту, білімдерін бағалау, мадақтау.
Балалар өз ойын еркін айтты.
Білді: Әңгіме арқылы дыбыстарды дұрыс, анық айтуды.
Игерді: Дыбыстардың әрбіреуінің мағынасы барын.
Меңгерді: Текшелер және дәптермен жұмыс жасауды.

Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының тәрбиешісі
Ахметова Толқын Дильдаевна
14 591
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Екі әріптің қосарлануынан айтылатын дыбыстар мен әріптер: Я -(й+а) Ю -(й+у)
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, өз бетінше жұмыс істеп шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру
Сөздер патшалығына саяхат
Сөздер патшалығына саяхат
Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, жазуға қолдарын жаттықтыру, әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сиқырлы әріптер еліне саяхат
Сиқырлы әріптер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Махамбетова Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×