Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты аялайық

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Табиғатты аялайық
Мақсаты: Балалардың «табиғат», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
● Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру;
● Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;
● Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші:
«Нұр» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы
Алдыменен қонақпен,
Амандасып алады.
Балалар:
«Арайланып таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!

Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!»- деп, қонақтарға «Күн шуағын» сыйлайды.

Тәрбиеші: Балалар, тамаша. Ал қанекей, сабағымызды бастамас бұрын орнымызға жайғасып алайық.
Балалар орындарына жайғасады.

Әңгімелесу.
- Достар, мен сендерге сұрақтар қояйын. Соған жауап тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәл тапқан боласыңдар. Келістік пе?
- ия.
- Жарайсыңдар! Сендер табиғат бұрышында қандай еңбек түрімен айналысасыңдар?
- Гүлдерді суарамыз.
- Жапырақтарының шаңын сүртеміз.
- Жақсы, тағы не істейсіңдер.
- Гүлдің тамырына ауа жақсы жетсін деп, топырағын қопсытамыз.
- Балықтарды жемдейміз, суын ауыстырамыз.
- Тоты құсты, тасбақаны жемдейміз.
- Дұрыс, олардың тор көздерін тазартамыз, солай ма?
- Ия.
- Біз табиғат бұрышын жақсы күтеміз, осы еңбегімізді бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Қамқорлық жасаймыз.
- Дұрыс, балақайлар! Біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі «қамқорлық» туралы әңгімелесеміз.

Тапсырма.
Балалар сендерге тапсырма, алдарыңда тұрған сызбалар (Деньеш блоктары негізінде) бойынша қажетті пішінді анықтап, суреттегі орнын тауып құрастыру. Мұқият болыңдар.
- Арсен сен ненің суретін құрастырдың?
- Ағашты.
- Күннің көзін.
- Гүлді.
- Құсты.
- Түлкіні.
- Қоянды.
- Аюды.
- Көбелекті.
- Ағашты.
- Саңырауқұлақты.
- Осының барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?
- Табиғат.
- Дұрыс, балалар. Қараңдаршы қандай керемет сурет шықты. Өте әдемі табиғаттың көрінісі. Енді экранға назар салайық.

Слайд арқылы
Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.

Дәйексөз.
«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»
- Балалар, сендер білесіңдер ме? Біз кішкене баланы бесікке бөлейміз. Осы отырған бәрің де бесікте тербеліп өстіңдер. Енді міне, үлкен болып өстіңдер. Бірақ, бәрібір «туған жер» деп аталатын алып бесікке тербеліп жүрсіңдер. Туған жердің табиғатына тамсанып, таза ауасымен дем алып, мөлдір суын ішіп жүргендерің соны білдіреді. Туған жер бізге өзінің алтын қазынасын – сұлу табиғатын ұсынып отыр. Сондықтан да біз туған жерімізді, сүйікті отанымызды әрқашан алтын бесікке теңейміз және табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, тазалығын сақтау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.

Тыныштық сәті.
- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алайық. Денелерімізді бос ұстайық. Айналадағы барлық тіршілік иелерін аялап, қоршап, қамқорлап жатқанымызды сезінейік.
(Осылайша 2 минут отырады, үнтаспадан табиғаттың әуені ойнайды).
- Балалар, енді көзімізді ашайық. Табиғат иелеріне қамқорлық көрсетіп жатқанымызды қалай елестеттік?
(балалар өз жауаптарын ортаға салады).
- Мен сынып қалған ағашты байлап, оған қамқорлық жасап жатқанымды елестеттім.
- Мен гүлдерге су құйып жатқанымды елестеттім.
- Мен ұядан түсіп қалған балапанды ұясына салып жатқанымды елестеттім.
- Мен тауықтарға жем беріп жатқанымды елестеттім.
- Мен күшігіме үйшік жасап жатқанымды елестеттім.
- Мен жараланған торғайға қамқорлық көрсетіп жатқанымды елестеттім.
- Өте жақсы балалар.

Жаттау.
- Мнемо кесте арқылы жаңадан бір өлең жаттап алайық.
Сүйейік табиғатты, аялайық!
Біз де одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 977
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат - біздің досымыз
Табиғат - біздің досымыз
Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың
Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Балаларға жыл мезгілдерінің өзгеруіне көңіл бөлуге, қоршаған ортадағы – үйлерге, ағаштарға, жерге қардың қалай жаутындығын бақылату
Туған жерімді сүйемін
Туған жерімді сүйемін
Балалар, тамаша жырларыңа мың алғыс! Ал қанекей, сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп алайық (балалар 3 топқа бөлінеді) енді әр топқа арналған орындарға жайғасайық.
Сырлы бояу сыр шертеді
Сырлы бояу сыр шертеді
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна
Әлем бала көзімен
Әлем бала көзімен
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасының информатигі: Рахымбергенова Гулназ Ғалымжанқызы
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×