Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық үйі

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Достық үйі»

Ертекші: Біз сіздермен аттанамыз
Әдемі үлкен үйшікке.
Тышқандар енемен тұратын
Жинақы, жайлы үйшікке
Ортаға тышқанның енесі шығады. Ертекшіні айналып, қонақтармен амандасады. Артынан балалары еріп шығады. Жартылай шеңбер жасап отырады. Балаларына енесі жіңішке дауыспен:
Айналайын балаларым,
Айналайын тышқандарым,
Есте мықтап сақтаңдар!
Есікті мықтап жабыңдар!
Ешкімге басқа ашпаңдар
Шиқылдамай шуламай
Дәндерді кеміріп отырыңдар.
Тышқан.
Анамыз кетті жұмысқа
Сағынбаймыз жыламай.
Құтырамыз секіріп
Мың бұралып билейміз.
Тышқандар барлығы секіріп қуанады. Алақай билейміз! Алақай билейміз!
Көңілді әуен ойналады. «Тышқандар биі».
Біреу есікті қағады. Тышқандар жан – жаққа қашып тығылады.
Тышқан.
Біз ешкімнен қорықпаған!
Кім екен – ау тоқылдатқан.

Тышқан.
Есік сыртына қарайын мен, келіп тұрған қай аң екен?
Есікке жүгіріп барып қарайды да орнына келеді.
Келіп тұрған қуыршақтар!
Сүйкімді болып күліп тұрған.

Тышқан.
Кіргізейік тезірек
Сендерменен көңілді.
Кел, қуыршақтар келіңдер
Батыр мықты тышқандарға,
Көтерейік көңілді
Бір отырып, бір тұрып.
Біз секіріп алайық
Қуыршақтар кіріп би орындайды. «Қуыршақтар биі». Тышқандар секіріп, қуанып шапалақтап тұрады.

Тышқан.
Сүйкімді қуыршақтар,
Сендер бізге ұнайсыңдар.
Бізден сендер кетпеңдер.
Кешті бізбен өткізіңдер.
Біреу есікті қағады.

Тышқан:
Кім екен – ау тоқылдатқан?
Ойыншық па аң ма екен?
Шөжелер:
Ей көршілер ашыңдар,
Біз кішкентай шөжелерміз.
Бірге ойнап, би билейміз
Тату – тәтті жүреміз.
Тышқан:
Жарайды, кіріңдер. Бізбен бірге көңіл көтеріңдер.
Шөжелер өлеңін айтып билейді.

Шөжелер:
Көңілді біз билейік,
Қанаттан түк қалмады.
Циркке біз звондайық,
Шақырайық аттарды.
Алло! Алло мынау цирк алаңы ма?
Жіберіңдер аттарды,
Көтерейік көңілді.
Мекен – жайды жазыңыздар
Момышұлы көшесі,
Жетінші пәтер, екінші қабат.
Цирктегі аттар ортаға шығып билейді. Тышқандар шапалақтап тұрады.

Тышқан:
Сендер бізден кетпеңдер,
Кешті бізбен өткізіңдер
Бірге ойнап, билейік
Тату – тәтті жүрейік.
Көңілсіз әуен ойналады. Ортаға мысық шығады. Барлық тышқандар жан – жаққа қашып, тығылады.

Мысық:
Шулап кеттіңдер шиқылдап! Мяу! Мяу!
Есіктерін ашық тұр! Мяу! Мяу!
Ұйқы бермей шуылдап,
Сендер мені ояттыңдар! Мяу! Мяу!
Тышқандар ары – бері қашып, тығылады.

Мысық:
Сендер мына жердесіңдер, барлықтарыңды ұстаймын.
Ұйқыдан тұрдым қарным ашып, біреуіңді жеймін.
Кішкентай тышқанды алып кетеді. Шошыған тышқандар жылап отырады.

Тышқандар кезек – кезек.
Не істедік біз бауырлар!
Сөзін ұмытып анамыздың,
Шулап кеттік шыңғырып,
Көршілерді оятып.

Барлығы бірге.
Ана, ана, біз құрыдық!
Кіріп кетті дәу мысық
Шошыған ене жүгіріп келеді.
Ене тышқан:
Айтыңдар! Не болды?
Тышқандар енесін құшақтап жылайды.
Тышқандар кезек – кезек:
Айтқан сөзді ұмытып,
Дәу мысықты оятып,
Біздің інге кіріп кетті
Інімізді алып кетті.
Барлық тышқандар:
Келші бізге Айболит мейірімді де ақылды.
Көңілді әуенмен Айболит кіреді. Тышқандар оны қоршап алады.

Доктор Айболит:
Мысық, мысық, кіс – кіс - кіс,
Табаққа мен сүт құйдым.
Ірімшік, кілегей бәрі бар.
Шұжық пенен қатықта.
Мысық мөшегімен кіріп, Айболиттің қасына келіп отырады.

Доктор Айболит:
Ей, қарақшы жексұрын,
Тышқандарды неге ұстадың?!

Мысық:
Тәртіпке мен шықырдым
Үйде шу да, айқай да.
Тышқанды мен жемедім,
Үйреттім мен тышқанды
Қатқан әртіс болсын деп
Циркте бірге болсақ деп.
Тышқанды мөшектен шығарып, әр түрлі қимылдар жасайды.

Доктор Айболит:
Шын көңілден сұраймын,
Шын көңілден ойнаңдар,
Көршілерді оятпай,
Аналарды ренжітпей.

Тышқан:
Достар қараңдаршы? Біз қандай көппіз. Бәріміз дос болдық. Достығымыз жарасып тұр. Ендеше «Достық үйін» құрайық. Ол үшін «құрылысшы» мамандығын шақырайық. Алло! Алло! Мынау құрылыс компаниясы ма? Жіберіңдер құрылысшыларды, «Достық үйін құрайық». Көтерейік көңілді, мекен жайды жазыңдар. Момышұлы көшесі, жетінші пәтер, екінші қабат.
Құрылысшы:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Достығымыз жарасқан,
«Достық үйін» құрайық.

Міне достар мына жерде бірнеше үйдің суреттері бар. Өздеріңе ұнаған үйді құрастырыңдар. «Достық үйін» құрастыр!
6 764
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.
Нан қайдан шығады?
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Үйшік ертегісі (қазіргі заманға сай өзгертілген)
Үйшік ертегісі (қазіргі заманға сай өзгертілген)
балаларды ертегіні заманауи түріне өзгертіп сахналау арқылы түсіндіріп беруге; сахналаудың мазмұның түсініп, айтып беруге дағдыландыру;
Үйшік – теремок – little house ертегі
Үйшік – теремок – little house ертегі
Балалардың ертегілер еліне деген қызығушылықтарын ояту, жан - жақты дамуына ықпал етіп, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, үш тілде сөйлеуге үйрету. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×