Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Атаба» супермаркеті

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мазмұнды – рольдік ойын
Тақырыбы: «Атаба» супермаркеті
Мақсаты: Балаларға «Атаба» супермаркеті туралы білімдерін кеңейту, азық - түлік тағамдарының түрлерін білуге ойын арқылы ойнауға икемділіктерін дамыту. Желілі рольді ойында, рольдерге бөлініп ойнау, сатушы мен тұтынушылардың арасында қарым – қатынас жасай алуға, сатып алу мен ақшаның құнын білуге, бір – біріне көмектесуге, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: касса, қағаз ақшалар, фирмалардың аттары, сүт, нан, жеміс, кәмпит тағамдарының түрлері, қорапшалар мен себеттер, сатушылардың алжапқыштары т. б.

Ойынның жүру барысы:
Жүргізуші бала: Құрметті ханымдар мен мырзалар! Бүгін, бізде жаңа «Атаба» супермаркетінің ашылу салтанатына хош келдіңіздер. Мұнда сіздердің қалағандарыңыздың бәрі сатылады, осы заттарды сатып алуға асығыңыздар, келіңіздер, көріңіздер, алыңыздар! «Атаба» супермаркетіне шақырамыз!
«Алтын алма» фирмасы - Мөлдір.
Бізде тәтті жемістер,
Жемісті жесең бой өсер.
Дәрумендер сенің бойында,
Жесең оны дәмі бал!
«Алтын алма» жеміс – жидектер фирмасынан келген жемістерді сатып алыңыздар!
«Рахат» фирмасы - Эльдар.
Тәттіге балалардың бәрі құмар, «Рахат» фирмасы қажетіңе жарар.
Ирис, барбарис, шокалад, арахис бар,
Тектен - текке бермеймін
Болса егер ақшалар.
«Рахат» фирмасынан келген тәтті кәмпиттерді сатып алыңыздар.
«Айналайын» фирмасы - Айымгүл.
Сүт, айран, қаймақ қашанда,
Дастарханның мәзірі.
Үш кесе ішсем күнде де,
Тәтті дәмі қашанда.
«Айналайын» сүт фирмасынан келген сүт тағамдарын сатып алыңыздар.
«Заман - нан» наубайханасы - Алихан.
«Заманнан» наубайханасынан,
Әкелінді ыстық нан.
Қалаш нан, тоқаш, тәтті нан,
Ауызға салар дәмінен ал.
«Заманнан» наубайханасынан келген ыстық тәтті нан сатып алыңыздар.

Балалар әр орталық бөлімдеріне кезекпен тұра, өз қалаған тағамдарын сатып алады. Сатушыларда, тұтынушыларда мәдениеттілік пен әдептілікті сақтап, амандасу, рахмет айтуды, қоштасуды ізеттілікті білдіре білуге дағдыландыру. Сатушылар тұтынушылардың тағамдарын салафан қапшықтарына салып орап береді. Тұтынушылар кассаға кезекке тұрып ақшаларын береді, кассир олардың төлемін қайтарады. Ойын мазмұны жалғасады, балалар рольдерді бөліп ала кезекпен ойнауға ынталанады.
3 422
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Азық-түлік сатып аламыз
Азық-түлік сатып аламыз
Азық-түлік тағамдарын сатып алуға байланысты сөйлеу үлгілерін меңгерту. Азық - түлік тағамдарын сатып алудағы өздерінің іс - әрекеттерін баяндауға үйрету.
Дүкенші, Мазмұнды сюжеттік ойын
Дүкенші, Мазмұнды сюжеттік ойын
Балаларға дүкен, дүкенші (тұтынушы туралы түсінік беру) Дүкен адамдарға өте қажет екенін, дүкеннен азық - түлік, ойыншық, аяқ киімдер, ыдыстар т. б. ақшаға алатыны туралы түсінік түсіндіру.
Сөз құрылымы
Сөз құрылымы
Оқушылардың түбір және қосымша, сөз және оның құрамы, дауысты, дауыссыз дыбыс топтары туралы білімдерін бекіту. Оқушылардың есін, сөздік қорын, зейіндерін дамыту.
Азық - түліктер
Азық - түліктер
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Жемістер
Жемістер
Павлодар қаласы, №30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Кабенова Шолпан Социалқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×