Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ тиін

26 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Казталов ауданы, Жанажол ауылы.
Балабақша тәрбиешісі
Капезова Гулдана Нурболатовна

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті түрі: Музыка
Тақырыбы: «Ақ тиін»
Мақсаты: Сюжетті - рөлді ойындарға қатысуға қабілеттерін әрі қарай дамыту, әуенді есту, сезіну, әнді бірге бастап, бірге аяқтап хормен айтуға үйрету.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Тиін қонаққа келеді.
Қажетті көрнекі құралдар: қысқы орман көрінісі, кішкентай шыршалар, қоңырау, ойыншық тиін.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, үйрету, көрсету
Қостілділік компонент: тиін - белка


Тәрбиешінің әрекеті
«Көңілді би» ойналып, балаларды көңілді қарсы алады. Зал ортасындағы қоңыраулар ілінген кішкентай шыршаларды көрсетіп жетекші: - Міне, біздің шыршамыз қандай әдемі! Қоңыраулар жылтырап сәнге бөледі, - деп, балаларға қоңырауларды алуды ұсынады.
Қоңырауды алайық,
Сыңғырлатып қағайық.
Қоңырауды қозғап, ойнап көрсетеді. Қайталауларын сұрайды.
«Қоңыраулар биі» ойналып, 1 - бөлімінде қоңырауларды сыңғырлата жүгірулерін сұрайды, 2 - бөлімінде шеңбер бойымен тұрып, әуен ырғағымен қоңырауды сыңғырлатуды ұсынады. Би аяқталысымен:
- Біз жасыл шыршаға жақын келейік,
- Қоңырауды шыршаға ілейік - деп, қоңырауларды ілгізеді.
Көңілді әуен ойналып, ортаға тиін келеді (педагогтің қолында ойыншық тиін)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен қоңыраудың дауысын естіп, асығып келдім.
Музыка жетекшісі: Балалар, бізге қонаққа келген бұл қандай жануар, танисыңдар ма?
Тиін: Балалар, мен көңілді әуен әлемінен келдім, сендерге өзім туралы ән айтып берейін.
«Ақ тиін» музыкасын жазған: Ә. Бейсеуов, сөзі: Н. Жанаев әнін музыка жетекшісі және педагог орындап береді.
- Балалар, ақ тиіннің әні әдемі екен, рахмет айтайық.
Тиін (қуана дауыстап):
- Мен секіре аламын. Кім бірге секіреді?
Балаларды ортаға шақырады.
- Енді ақ тиінді көңілді биге шақырып, бірге билейік.
«Көңілді би» Балаларға өз еріктерінше қозғалып, билеуге мүмкіндік береді.
Тиін:
Мен еңбекті сүйемін,
Жаңғағымды үйемін,- деп, балаларды жаңғақ жинауға көмекке шақырады.
«Кім епті» ойыны ұйымдастырылады.

Балалар еркін билеп, қозғалады. Секіреді, бір орында айналады., қолдарын білезік буынынан айналдырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 702
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Маймыл. Қонжық. Тиін
Маймыл. Қонжық. Тиін
Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру, аңдардан сақтануға тәрбиелеу.
Біз - көңілді баламыз
Біз - көңілді баламыз
Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру. Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым
Ормандағы түлкінің туған күні театрландырылған қойылым
Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру. Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға, қимыл - қозғалыс, дауыс ырғағын келтіре білуге үйрету.
Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін мен қасқыр
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Балаларды ертегіні сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын келтіруге өлең -
Орманға саяхат
Орманға саяхат
«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А.А.
Тиін
Тиін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Кеңес Рамазан Болатұлы Ұстазы Темірбаева Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×