Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орманға саяхат

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А. А
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті түрі: Музыка
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың есту, сезіну, ән айту қабілеттерін қалыптастыру. Сюжетті - ойындық кейіпкерлер арқылы шығармашылыққа баулу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Орманға саяхат жасау.
Қажетті көрнекі құралдар: қысқы орман көрінісі, паровоз макеті, ойыншық қоян мен аю, аюдың үйшігі.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, үйрету, көрсету
Қостілділік компонент: қоян - заяц -, аю - медведь -

Мотивациялық қозғаушылық:
Үнтаспада «Ақша қар» К. Қуатбаев әні ойналып, музыка жетекшісі балаларды қарсы алады.
- Балалар, біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Орманның алыста екенін түсіндіреді.
- Орманға жету үшін мына пойызға отырайық,- деп шақырады.
Пойызға біз барайық,
Вагоннан орын алайық.
Балалардың «вагондарға»- тізбектелген орындықтарға жайғасуларын сұрайды. Қуана келісіп, «вагондарға» отырады. Балалар қол ұстасып, көтеріңкі көңіл күймен зал ішінде еркін жүреді. Әуен аяқталғанда тоқтап, жетекшінің іс - әрекетіне назар аударады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік:
Ал паровоз бастайды,
Ән айтып біз қостайық,
Пыш - пыш, пух - пух
Жетекші «Пойыз» әнін К. Қуатбаев орындайды. Ән екінші рет орындалғанда педагог мәтінге сәйкес қимыл - қозғалыстарды көрсетеді. Балаларға бірге қайталауды ұсынады. «Көңілді пойыздан» түсіп қысқы орманда қыдырады. Ән аяқталысымен жетекші балаларға орманда аралауды ұсынады. Орманда жүріп, «қар үйіндісінің» жанындағы тығылып отырған қоянға кездеседі. Музыка жетекшісі ойыншық қоянды көріп, таңданған кейіп танытады.
- Балалар, қараңдаршы, мынау тығылып отырған аңды танисыңдар ма?

Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян.
Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Жүйрік қоян, сақ қоян.
Деп қоянды алып, балаларға көрсетеді. Балалар қоянды көріп таңданады.
- Балалар, ақ қоянмен бірге секіріп, көңіл көтерейік. Балалар қоянның қимылын қайталап жеңіл секіреді. «Қояндар биі» ойналып, балаларға өз еркінше секіруді ұсынады. Музыка жетекші: «Ақ қоян» әнін орындап балаларға отырып тыңдауды ұсынады.«Ақ қоян» әнін екінші рет орындап, балаларға қимылымен айтуды үйретеді.
«Қоңыр аю қорбаңбай» әуені орындалып, үйшіктен педагог аю шығады.

Аю: Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай
Омартаны көргенде
Бас қоямын ойланбай.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Әуен қайта ойналып, аю би қимылын жасайды. Музыка жетекші балаларға қимылды қайталауды ұсынады. Балалар аюдың қимылын қайталайды.
Ән аяқталысымен балаларды көңілді ойынға шақырады:

Кел, ойнайық, ойнайық
Қызығына тоймайық
Қоян, аю қуансын,
Біз көңілді тойлайық.

«Қояндар мен аю» ойыны.
Балалар аюмен қуана ойын ойнайды.
Рефлексивті коррекциялаушы: Музыка жетекші балалардың «Көңілді пойызға» отырып, жолға шығатындарын ескертеді. Балалар пойызға отырып жолға шығады. Бүгінгі оқу әс - әрекетіне жақсы қатысқандарыңыз үшін мен сіздерге шар сыйлаймын.
Жарайсыңдар, балалар.
Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Музыканы тыңдауды, сезіммен айтуды білу керек.
Қандай түсініктерді игерді: пойызға ұқыпты отыруды.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: музыканы сезініп, әнге қосылып айтуды меңгереді.
12 351
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Ерекше саяхат
Ерекше саяхат
Балалардың үлкен және кіші ұғымдары туралы білімдерін кеңейту. Заттарды көлеміне қарай бөліп, топтастыруға дағдыландыру.
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Гулжан Базарбаевана
Ақ тиін
Ақ тиін
Казталов ауданы, Жанажол ауылы. Балабақша тәрбиешісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Қысқы орманға саяхат
Қысқы орманға саяхат
Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы "Балапан" бөбекжайының тәрбиешісі Шекеева Венера Бейсембаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×