Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы сандар

14 шілде 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, "Балбөбек" балабақшасының
І санатты ересектер тобының тәрбиешісі
Шукирбаева Гулжан Аманкосовна

Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру
Тақырыбы: «Сиқырлы сандар»
Мақсаты: 1 - 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып білуге баулу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал - мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту. Қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
(Қазір күз мезгілі.)
- Күз айларын кім атап береді?
(Қыркүйек, қазан, қараша. )
- Күз мезгілінің қай айы?
(Қазан айы. )
- Бүгін аптаның қай күні?
(Жұма күні. )
- Бір аптада неше күн бар және аттарын кім атап береді?
(Жеті күн бар. Апта аттарын атап береді.)

Іздену - ұйымдастырушы
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекеті қызықты болып өтпек, себебі үш топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді. Қазір мен сендерге үш түрлі пішін таратамын, сол пішіндерге байланысты топқа бөлініп отырасыңдар.
(Балалар қолдарындағы пішіндерге байланысты үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектер болып үш топқа бөлініп отырады. )
- Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Сиқырлы сандар».
Қызықтыру сәті: Ертөстік келеді. Мұңай - ып, көңілі жабырқап тұрады.
Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
(Балалар амандасады.)
Тәрбиеші: Балалар, бұл «Ертөстік» ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен, сұрайық?
Ертөстік: Балалар, мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің сегіз ағам бар, ал мен тоғызыншы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын, балалар?
Осы кезде слайдтан Тасболдың суреті көрінеді де, дыбыс шығады.
Тасбол: Мен сиқыршы Тасболмын, Ертөстік мен сенің ағаларыңды сиқырлы сандарға айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Мен сендердің тапсырмаларыңды айтуды «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілеріне тапсырамын.
Тәрбиеші: Балалар енді не істедік, Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?
(Иә.)
Ертөстік: Балалар, сендер тапсырманы орындап болғанша, мен анамнан хабар алып келейін.
Ендеше слайдқа қарап тапсырманы тыңдайық. Кім сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы дұрыс орындаса, сол бала тобына жұлдызша алып береді, жұлдызша - ны көп жинаған топ жеңіске жетеді.
1 - тапсырма:1 - 10 - ға дейін тура және кері санап және сол сандардың ішінен бір санды көрсете отырып, сол санға байланысты санамақ айту.
(Балалар 1 - 10 - ға дейін тура және кері санап шығады.
Балалар өздерінің білетін санамақтарын айтады.)
Ертөстіктің екі ағасын құтқарады.
Тәрбиеші: Балалар, слайдтан 2 - ші тапсырманы тыңдайық.
2 - тапсырма:
- Балалар, ауызша есептер шығара аласыңдар ма? Ендеше менімен «Ойлан тап»ойынын ойнаңдар.

1. Апам менің базардан
Төрт алма сатып әкелді
Үшеуін ағам жеп қойды
Сонда қалды нешеуі?
(1)

2. Сымда тұрған екі құсқа
Ұшып келді біреуі
Сонда болды нешеуі?
(3)

3. Оң жақ талда екі алма
Сол жақ талда бес алма
Қосып көрші барлығын
Болып шықты неше алма?
(7)

4. Алты қонжық көңілді
Шықты орманға асығып
Біреуі шаршап - шалдығып
Қалды достарынан ажырап
Келді орманға алдымен
Нешеуі екенін кім табады?
(5)

5. Үстел үстінде үш бәліш
Оған апам қосты тағы төрт бәліш.
Болып шықты сонда
Барлығы неше бәліш?
(7)

6. Оң жағымда үш ұлу
Сол жағымда алты ұлу
Қосып едік екеуін
Болып шықты неше ұлу?
(9)

3 - тапсырма. Сандарға байланысты мақал - мәтелдер айтып, жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Мақал - мәтелдер.

Жұмбақтар:

1. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)

2. Төрт бұрышты қатты
Дәмі сондай тәтті.
(Қант)

3. Оң жағымда бес сарбаз.
Сол жағымда бес сарбаз.
(Он саусақ)
4. Төрт аяқты төрт таяқты.
Үстінде мен жатамын
Тәтті ұйқыға батамын.
(Кереует)

Тәрбиеші: Қане, балалар, енді бір серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Барлығымыз слайдқа қарап балалардың қимылын қайталап билейік.
(Балалар «Қызыл өрік» әніне билейді.)
4 - тапсырма. «Пішіндерден үй құрастыра - мыз»
Пішіндерді пайдалана отырып, жапсыру арқылы Ертөстіктің ағаларына үй құрастырып беріңіздер.
Тәрбиеші: Балалар, Ертөстіктің ағаларына
пішіндерді пайдалана отырып, үй құрасты - рып береміз бе?
Ендеше, балалар, үстел үстіндегі заттармен жұмыс жасаймыз. Алдымен мен түсіндіріп көрсетейін.
Тәрбиеші балаларға пішіндерді пайдалана отырып, қалай жапсыру арқылы құрастыруға болатынын көрсетіп береді.
(Тәрбиешінің айтуымен балалар ақ қағаздың сол жақ бетінің жоғарғы жағына күнді, оң жақ бетінің жоғарғы жағына бұлтты, төменге үй мен шыршаны жапсырып шығады.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар Тасбол - дың төртінші тапсырмасын да орындап, Ертөстіктің сегіз ағасын да құтқардыңдар.
Сол кезде Ертөстік те келеді.
Ертөстік:
- Балалар сендерге көп - көп рахмет! Менің ағаларым үйге оралды, анам сендерге алғыс айтып, тәтті кәмпиттер беріп жіберді,- деп Ертөстік балалармен қоштасып, шығып кетеді.
(Балалар Ертөстікпен қоштасады.)
Қорытынды.
Рефлексивті – коррекциялаушы
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?
- Ертөстік бізден қандай көмек сұрады?
- Біз Тасболдың қандай тапсырмаларын орындадық?
(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.)
- Жарайсыңдар, балалар, сендер сиқыршы Тасболдың тапсырмаларын дұрыс орындап, Ертөстіктің ағаларын сиқырдан құтқарып, өз білімдеріңді көрсеттіңдер.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: 1 - 10 - ға дейін тура және кері санап, ауызша есептер шығара білді.
Нені игереді: Оң, сол жақ, жоғары, төмен, көмектесу деген түсініктерді игереді.
Нені білу керек: Сұрақтарға толық жауап беріп, санамақ, мақал - мәтелдер білу керек
36 281
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Кеңістікті бағдарлай білуге. Сандарды тура және кері санау. Геометриялық пішіндерді атап айтып беруге. Түрі - түсі, көлемі жайлы білімдерін кеңейту.
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
1 - 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып білуге баулу
Қызықты математика
Қызықты математика
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы «Айгөлек» балабақшасы Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×