Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логопедияның басты құралы - жаңылтпаш

05 тамыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
ІІ санатты «Мектепке дейінгі даярлық тобы оқытушысы»
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы

«Логопедияның басты құралы - жаңылтпаш»
Логопедияның басты құралы – бұл жаңылтпаш. Қазақта тілді жаттықтыруға, тәлім - тәрбие беруге бағытталған, сонымен қатар, баяу айтылса мәнсіз, шапшаң, жылдам айтылса, қызығырақ болып келетін түрлі тақырып пен түрліше мағынадағы жаңылтпаш типтері көп. Белгілі бір үлгі тұтарлық адамның шығарған жаңылтпашы мағыналы болғандықтан, халықтың ой елегінен өткізіліп, еш өзгеріссіз ұмытылмай сақталып, ауыздан - ауызға таралып, жатталып отырған. Бұл - бала тілінің кемістігін түзеп, дамыту мақсатында қазақтың ойлап тапқан тиімді әдістерінің бірі саналады. Сондықтан, мұның қолдану аясы кеңей түседі.

Алғашында балаға әріптердің дұрыс оқылу нұсқасын меңгертуде, оған ұрысып немесе жекіп, көк айыл боп ұрып, айтқызудан ересектер еш нәрсенің байыбына бара алмайды, керісінше, үдете түседі. Яғни, бала бұдан қатты қорқып, қобалжудан сөздерді мүлде шатастыруы да мүмкін. Соны болдырмаудың жолы, тілі қайсыбір әріпке тез бұрмалауын жетілдіретін әдіс – бұл, әрине, жаңылтпаш. Қазақта мақал - мәтел, нақыл, өнеге сөздер секілді орын толтырарлық құрал іспетті. Жаңылтпаш жаңылдыру үшін құрылмаған, керісінше, мағынасын терең ұғынып, жаттанды түрде жылдам әрі жаңылыспай айту үшін құрылған қызықты жаттықтыру амалы. Сондай - ақ, «і - ы, ш - с, к - қ, н - ң, р - л» сияқты түрлі әріптер әр сөзде қайталанып келуі, тілді соған дағдыландыруға септігін тигізбей қоймас.

Егер де, бала осылайша жаңылтпашты дұрыс әрі толық меңгеріп, тіл жаттықса, онда есейе келе, бұл оқушы тілі анық әрі таза, ешқандай кедергі, қиындықсыз айтылып, тыңдаушыларға дыбыс не дауыс жақсы деңгейде естіледі. Яғни, осы әдістің нәтижесі болғаны. Сол сияқты жаңылыспау, тез сөйлеуге әбден дағдыланып, машықтанады. Міне, жаңылтпаштың осы сияқты әріпті дұрыс оқи білу, бір - біріне ұқсас санап, шатастырмау, тез сөйлеу, сонымен қатар, беретін тәрбиесі мен айтпақ ойы да мол екенін анық байқауға болады.

Жалпы, қорыта келе, жаңылтпаштардың берер тәлім - тәрбиелік маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Тілді бұрмалап, жетілдірудің басты күші, бал тілін қиындықсыз дамытуды қызықты да тиімді, пайдалы әдісі – жаңылтпаш. Яғни, бұл құралдың жиынтығы осы болып саналады. Ұзын сөздің қысқасы, бала тілінің дұрыс жетілуі - жаңылтпаш әдісінің мол пайдасына шешіледі.
4 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,
Мақал - мәтел - сөз мәйегі
Мақал - мәтел - сөз мәйегі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы «Мектепке дейінгі даярлық тобы оқытушысы» Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Ата - ана мен бала бір - бірін кешіре білуі ғанибет
Ата - ана мен бала бір - бірін кешіре білуі ғанибет
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Балаларға сенімсіздікпен күрес немесе батыл болуды үйрету
Балаларға сенімсіздікпен күрес немесе батыл болуды үйрету
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Бала тілін дамытуда халық  ауыз әдебиетінің алатын орны
Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясы ММ Дуйсенбекова Сулушаш Талпаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×