Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал - мәтел - сөз мәйегі

08 тамыз 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы

Мақал - мәтел - сөз мәйегі
Қазақта терең мағыналы ой салатын мақал - мәтел түрі сан алуан және олардың тақырыптары да біріне - бір ұқсамайды. Ел үлгі тұтатын ақын - жазушылардың шығарған асыл да астарлы мағынадағы түйін сөздері халықтың ой елегінен өткізіліп, еш өзгеріссіз ұмытылмай сақталып, ауыздан - ауызға таралғаны бізге мәлім. Олар адамзат баласына үлкен ой тудырып, нақыл да ақыл сөз ретінде үлгі - өнегеге толы болғандықтан, қолдану аясы кеңейе түскен. Яғни, осы тұрғысынан айтар болсақ, мақал - мәтелдің берер тәлім - тәрбиелік маңызы зор екендігін айқындайды. Мақал - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Ал, мәтел - ой пікірді бейнелі әрі тұспалдап, ишара түрінде жеткізеді. Демек, мақал - мәтел - сөз ұйытқысы бола отырып, жақсылық, жамандық, достық, қастық, өнер - білім, т. с. с. тақырыптарға құрылады. Солардың біріне тоқталар болсам, «досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»- деген халық даналығында достық, қастық турасында, ал айтылар ой - я досыңның сансыз көптігін, я болмаса, біліміңнің толыққанды жеткілікті болып ғана қоймай, қандай қамал болса да бұзуға қауһары жететіндігін көрсетеді. Яғни, мұнда - бірлік те болып, ақылды болуға тәрбиелейді. Ал, «өнерлі өрге жүзеді, өнерліге өлім жоқ» - деген осы бір нақыл сөздің мағынасы - өнерлі адам көптеген биік шыңдардан көрініп, үлкен жетістіктерге жететінін, яғни қабілет - ісінен өз күніңді көре алатындығын айқын топшылайды. Айтпақ ойы, өнерлі, еңбекқор болып талаптану қажет екендігін алға тартады.
«Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің,
Ата - ананың қадірін балалы болғанда, білерсің»- деген мақал мәнісі, ата - ана қадірін өзі балалы - шағалы болғанда білетінін айтады. Мұндағы ой - сарыны – ағайынмен араз болмай, тату, ынтымақта болып, әке - шешені сыйлап, құрметтеу қажеттігін меңзейді. Сондай - ақ, «жасыңда жалықпасаң, қартайғанда торықпайсың»- мұнда дәл, нақты оймен жеткізілген. Тіпті, бұл түйін сөз «көндікпесең бейнетке, қолың жетпес зейнетке»- деген мақал мағынасымен пара - пар әрі дәлелі іспеттес десем, артық айтқандық болмас.
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мақал - мәтел - терең ойлауды қажет ететін, қадір - қасиеті жойылмаған, тұжырым - түйіндегі сөз мәйегі, асыл мұра.
3 747
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
Логопедияның басты құралы - жаңылтпаш
Логопедияның басты құралы - жаңылтпаш
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы «Мектепке дейінгі даярлық тобы оқытушысы» Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі
Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі
Алматы қаласы, №57 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Байрамов Эльдар Пән мұғалімі: Аманова Раушан Рамазанқызы
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×