Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы аңдар

11 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Макинск қаласы, «Балдырған» мектеп - балабақшасы әдіскері
Нургалиева Зейни Құттыбекқызы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру cаласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту» «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсаты: 1. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру мекені, қоректенуі туралы түсінік беру.
2. Сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.
3. Жан - жануарларды қорғау оларға қамқор болуға тәрбиелеу, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Сөздік жұмыс: бөлтірік, көжек, қонжық, түлкі, сарымақ, қаншыр.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Көрнекіліктер: суреттер, үнтаспа, хайуанаттар бағына саяхат т. б.

Тәрбиеші әрекеті
Балаларға хайуанаттар бағына баратынын айту.
Балалар барлығымыз орнымыздан тұрайық.
Шаттық шеңбер.
Қол ұстасып тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жаңа шыққан бұл күнге,
Иіліп сәлем қылайық.
Арайлап шыққан бұл күнге,
Шуағын шашып баршаға
Кәне, досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзінде.
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн.

- Балалар мына өлең жолың тыңдаңдаршы!
Өлең жолы.
Табиғатты қолдай біл
Аң құсын да қорғай жүр
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз
Табиғат бөлек демеңіз
Сол үшін жауап береміз.
Балалар бұл өлең жолында не туралы айтылған екен?
Балалар табиғат дегеніміз - ол бізді қоршаған орта. Табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ.
Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп.
Олай болса бүгінгі
«Тіл амыту»оқу іс - әрекетінде осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі «Жабайы аңдармен»
танысамыз.
- Ал жабайы аңдар қайда болады?
- Дұрыс, балалар олар орманда және хайуанаттар бағында мекен етеді. Біз оны жақыннан көру үшін және танысу үшін хайуанаттар бағына саяхатқа барамыз.
Хайуанаттар бағы дегеніміз не?
- Ол үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан – жануарлардың көптеген түрлері, әр түрлі құстар мекен етеді.
Біз оның барлығын көріп, аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана өзіміз ертегілерде, теледидардан көріп жүрген жабайы аңдармен ғана танысамыз.
Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады - деп ойлайсыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар, оларды неге торларда ұстайды?

(Хайуанаттар бағындағы қауіпсіздік ережелерін балаларға ескерту).
- Ал, енді, балалар хайуанаттар бағына баруға дайындалайық.
Балалар қайда барамыз?
Бізге хайуанаттар бағына бару үшін билет керек. Ол билетті мен сендерге дайындап қойдым.
(Билетті таратып беремін).
Хайуанаттар бағына жаяу өлең жолын айтып барамыз.
- Балалар, қараңдаршы! біз міне хайуанаттар бағына да келіп қалдық.
Ол аңдардың барлығы қайда кеткен?
Бұл аңдарды табу үшін мен сендерге викториналық сұрақтар қоямын. «Зообақта нелер өмір сүреді?»

1. Қораға түсіп, иттерді шулататын ол қандай аң екен?
- Дұрыс, балалар, бұл – түлкі.
Ол жыртқыш аң.
- Ал түсі қандай?
Оның баласын түлкішек - деп атайды.
- Балалар қараңдаршы, қандай әдемі!
Түлкінің денесі неге ұқсайды?
Түлкінің терісі бағалы. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ»деп атайды.
Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді.
Балалар, осы түлкінің қасында сендерге арналған тапсырма бар екен.

I тапсырма: «Ойлан тап». Жұмбақ айту.
1. Өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу.
2. Сұр түсті
Ақсиған көп тісті.
3. Қыс бойына жатады
Тәтті ұйқыға батады.
- Өте жақсы, біз түлкі жайлы білдік, оның берген тапсырмасын орындадық.

- Енді, балалар мен сендерге екінші торды ашу үшін викториналық сұрақты қоямын.

2. Денесінде жолағы бар, өзі мысыққа ұқсайды.
Ол қандай аң екен?
- Дұрыс, балалар жолбарыс.
- Ал оның баласын - сарымақ дейміз.
- Жолбарыс неге ұқсайды екен?
Жолбарыста өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі.
Оның түсі қандай екен?
Жолбарыстың құйрығы қандай?
Құлағы ше?
Оның қорегі: жануарлар мен аңдар екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Хайуанаттар бағында
Хайуанаттар бағында
Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жа¬байы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×