Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хайуанаттар бағында

14 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Пәннің аты: Тіл дамыту
Сабақтың атауы: Хайуанаттар бағында
Мақсаты: Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже көрсету, түсінік беру, ойын, сұрақ - жауап
аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.

Психологиялық ахуал
Шаттық шеңбер
Жарқырап бүгін атты күн.
Шашып бізге шапағын.
Тілеймін сіздерге ақ таңның
Қуанышын шаттығын.
Өткен сабақты қайталау.
F. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жатқа айту.
Біліп тұрсың, жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның.

Мағынаны тану
«Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып беремін. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.
Тыныштық сәтін өткізу.
- Біз бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа
шығайық.

Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып бара жатыр.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.
Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.
Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар педагогтің көмегімен торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.
Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.
Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды.
Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол - жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Сондай - ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т. б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.
Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, аң аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т. б.
Жұмбақтар шешу.
Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп, қорқып тұрады..
Шешуі: қоян.
«Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.

Мұғалім: Сармолдаева М.
Хайуанаттар бағында жүктеу
5 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
At the Zoo
At the Zoo
Жануарлардың түрлері туралы мәлімет беру. Жануарларға байланысты жаңа сөздерді, сөйлемдерді қолдануға үйрету.
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Жан - жануарларды қорғау оларға қамқор болуға тәрбиелеу, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру.
Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Хайуанаттар бағындағы қызықтар
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
Хайуанаттар бағында
Хайуанаттар бағында
ШҚО, Өскемен қаласы, №26 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×