Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің - Алтын күз

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Астана қаласы Білім басқармасы
№70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Ақбозат» сәбилер тобының
Тәрбиешісі: Князова Мақпал Қамбарбекқызы

Тақырыбы: «Қош келдің - Алтын күз»
Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар. Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Мерекемізді «Күз» әнімен бастаймыз
Жүргізуші: Жарайсыңдар балапандар! Ортамызға тақпақтарымен бүлдіршіндерімізді шақырамыз. Қошеметтеп отырайық!
К. Арина: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аружан: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан - жақтан жабады.,
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ахмет: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін
Бұл күндерді киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Айсұлу: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой алақай алақай,
Шашу шашты жапырақ.
Еламан: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Руслан: Келді міне алтын күз.
Сары шашты жарқын күз.
Жарайсыңдар балалар!
Ал балалар, балалар
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырам.
Жұмбақ
Жиып - теріп болатын.
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Күз мезгілі! Ал күзде қандай өзгерістер болады екен?
Балалардың жауабы:
Жүргізуші: Өте жақсы. Ендеше уәде еткенімдей, ортаға – Алтын күзді шақырайық!
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіңдер ме қонақтар!
Мен – Алтын күзбін
Жайдары жарқын күзбін
Қонаққа келдім сендерге.
Сәбіз, картоп, тәтті алма
Оған досым таң қалма!
Жапырақта сиқырлы
Ойын ойнар әртүрлі.
Жүргізуші: рахмет саған Алтын күз!
Қабылдайық сыйды біз
Ал ендеше балалар
Бекер қарап тұрмаңдар!
Жапырақтан сиқырлы
Ойынды тез ойнаңдар!
Ойын: «Кім жапырақты тез жинайды?» (қыздар мен балдар)
Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін
Тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге
Көкөністер сан түрлі
Пияз. Арина: Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарам
Тұмаудан бірақ сақтаймын
Аяжан: Тал шыбығым қызарып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып
Асылбек: Картоп біздің атымыз
Жер астында жатамыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
Дінмұхаммед: Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
Ерасыл: Қияр, қияр, қиярмын,
Мақтанбай қалай тұрамын.
Сендерден бұрын пісіп мен,
Дастарханда тұрамын.
Ш. Інжу. Күнді сүйген күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Алтын күз: Бәрекелді керемет!
Жүргізуші: Алтын күз біздің балалардың өнері әлі бар. Олар сізге ән айтып бермекші.
Ән: «Күз»
Алтын күз: Өте жақсы жарайсыңдар. Рахмет!
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ендігі кезекті тақпаққа берейік.
Еламан: Маған сөз берсейші,
Борщ менен жасалар.
Адамзатқа пайдалы,
Еңбегім бар ақ адал.
Луара: Қызыл, сары, алтын көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап.
Диар: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Зере: Жүзім, жүзім, жүзіммін.
Күз айында мен пістім.
Дастарханнның сәнімін,
Мені сүйер бүлдіршін.
Ш. Асанали: Алмұрт деген жеміспін,
Күз айында мен пістім.
Мади: Дастарханның сәнімін.
Дәруменнің бірімін.
Рамина: Алма бақта алмамын,
Өте тәтті бар дәмім,
Алтын күздің сыйымын,
Дәруменнің бірімін.
Рамазан: Берекелі, мерекелі
Келді міне жомарт күз
Әліби: Қалада да, далада да
Жанның бәрі жарқын күз
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ендігі кезекті біздің топтың әншілеріне берейік.
Ән «Жаңбыр»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Алтын күз: жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Алтын күз біздің балаларымыздың тағыда сіздерге арналған тақпақтары бар екен ортаға шақырайық.
Ә. Інжу: Келді міне Алтын күз!
Сары шашты жарқын жүз.
Б. Амина: Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Адель: Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз.
Сұлтан: Алтын ұя бақшада,
Ойын бастар шағымыз.
Албан: Алтын суық күз келді,
Желмен жаңбыр әкелді.
Нұрдаулет: Құстар ұшып кетеді,
Ән салмайды өтеді.
Бағдат: Сау - сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Данияр: Қоңыр тартып атырып,
Көкке құстар тізілді.
Руслан: Сарғайды тоғай,
Сап сары маңай.
Раяна: Күз келді, күз келді,
Табиғат өзгерді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар біз осымен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! Күз мерекелі, берекелі болсын!
5 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Күз ғажайыбы
Күз ғажайыбы
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізге қош келдіңіздер!
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз ертеңгілігі
Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі.
Алтын күз!
Алтын күз!
«Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Мерейлі күз, мырза күз
Мерейлі күз, мырза күз
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Жомарт күз
Жомарт күз
Ақтөбе қаласы балабақшада тәрбиешісі Шайым Бағыбергенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×