Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрлет құтты - жаңа жыл!

21 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар! Мерекеге қош келдіңіздер! Ұлдарыңыз ер жүрек, қыздарыңыз инабатты болсын! Жаңа – жыл, жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін деп тілейік. Келе жатқан – 2019 доңыз жылы баршаңызға құт әкелсін.
Ән: «Шырша жыры» (ақшақарлар аппақ мақта) Музыка ойналады. (Жұлдызшы кіреді)
Жұлдызшы: Саламатсыңдар ма, балалар? Жаңа – жылдарың құтты болсын! Биылғы барыс жылына алғысымыз шексіз. Балалар, қандай өнерлерің бар, қане көрсетіңдер?

Жүргізуші: Саламатсың ба, Жұлдызшы! Біздің балалар шетінен өнерлі, би де билейді, ән де айтады.
Жұлдызшы: Онда, балалар маған билерін көрсетсін, менің де билегім келіп тұр. «Карнавал» биі
Жұлдызшы: Рахмет! Балалар.

Жүргізуші: Балалар, аяз ата мен ақшақар адасып кетпесін, шырша тойымызға шақырайық.
Өтірік аяз ата: Өңкей жүгірмек, жиналып қалыпсыңдар ғой, міне бізде жеттік ортаға.
Өтірік ақшақар: Бірақ, біз сыйлықты тек жаман, бұзық балаларға ғана береміз, бізге жақсы балалардың әндері мен тақпақтары керегі жоқ.
Жүгіріп мыстан келеді: Алақай, Аяз ата мен Ақшақар! Міне менің киімім көрдіңдер ме? Сіздердікіндей әдемі, бірақ балалардың киімі, менікінен де күшті екен. (жылайды) Мен мектепте оқымаймын, неше түрлі жамандықтар жасау білемін. Кәмпиттің бәрі менікі болады – деп тарелкедегі кәмпиттерді жинап алады да (Күледі). Ол өтірік кәмпит болады.

Өтірік ақшақар: Жарайсың! Сен біз сияқты екенсің, бірақ ақшаңды дайындай бер, біз саған күшті сыйлық береміз.
Жұлдызшы: Мыстан, мыстан олар өтірік айтып жатыр.
Жүргізуші: Балалар, сендер оларға сенесіңдер ме?
Балалар: - Жоқ! Сенбейміз!
Өтірік аяз ата: Әй, жүгермектер, неге сенбейсіңдер, мен Аяз атамын ғой!
Өтірік ақшақар: Міне, мен де қандай әдемімін!
Өтірік аяз ата: Менің сақалымды көрдіңдер ме? Міне ----- деп көрсетеді.

Жүргізуші: Сіздер аяз ата мен ақшақар екендеріңді дәлелдеңдерші.
Жұлдызшы: Аяз ата тақпақ айтсын, әкелген сыйлығын берсін!
Мыстан: Ал, ақшақар биін билесін, көрейік қане!
Өтірік аяз ата: (өлең айтады)
Мен Аяз атамын
Сыйлықты сатамын
Аязбен елді қатырамын
Өзім мәз болып отырамын
Әкел ақшаңды, мә сыйлық – деп мыстанға өтірік кәмпит береді.
Мыстан (жылайды): Өтірікші, мынау кәмпит емес қой! Балалар, қараңдар – ол мені алдап, құр қағаз беріп жатыр.

Жұлдызшы: Ал, Ақшақар енді сен өнеріңді көрсет. (Осы кезде музыка ойналып ақшақар билеп жатқанда - бас киімі түсіп қалады да, түлкі екені көрінеді)
Жүргізуші: Балалар, мынау түлкі қой?
Мыстан: (Аяз атаның киімін жұлып алады). Мынау, қасқыр ғой! Балалар!
(Екеуі шыршаның артына тығылады)

Жүргізуші: Балалар, сонда біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз қайда?
Қасқыр: (шыршаның артынан айқайлайды) – Біз оларды қамап қойдық. Сендер бір ән орындап бермесеңдер, біз оларды бо – сат – пай – мыз!

Жүргізуші: Балалар, ән орындап береміз бе? Ендеше «Далада қар борайды» әнін орындап берейік. Түлкі: Әнді жақсы айтады екенсіңдер? Енді, балалар би билеп берсін. Сонда ғана ақшақарды босатамыз.
Жүргізуші: Балалар, шартын орындаймыз ба?
Балалар: Иә, орындаймыз

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Әдемі түлкілер» биі.
Түлкі мен қасқыр: Балалар қош сау болыңдар, біз қазір аяз атамен ақшақарды босатып келейік. – деп шығып кетеді.
Мыстан: « Күн мен түн» ойын ойнатады. Мыстан қоштасып шығып кетеді.
Жұлдызшы: (қолында дүрбісі бар) Міне, мен дүрбімен көріп тұрмын, Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты.

Жүргізуші: Ал, балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. (Екеуі кіреді)
Балалар хормен: Аяз ата! Ақшақар!
Аяз ата: Балалармен амандасады. (сөздерін айтады)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Қадамдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Аяз ата, неге біздің шыршамыз жанбай тұр? Сіз оны жаға аласыз ба?
Аяз ата: Әрине! балалармен бірге ән айтып жағайын.
Ән: «Тауда туып, тауда өскен» (жарқырат, жарқырат – деп үш рет айтамыз)
Шырша жағу рәсімі. Аяз ата: Жарқыраған шамдарсыз бола ма? Бұл менің сендерге арналған базарлығым болсын! Қандай өнерлерің бар. Қане көрсете қойыңдар.

Жүргізуші: Ата, балалар, сізге арнап ән айтамыз деп отыр.
Аяз ата: Айтсын, қане мен отырып тыңдайын. – деп отырады.
Ән: «Аяз ата» Аяз ата ойын ойнатады: «Қар жинау» “Хоккей ойыны»
Жүргізуші: Аяз ата, біз ақшақарды сағындық, оның биін көрсек деп едік.
Аяз ата: Әрине, көрсетеді өнерін.
Ақшақар; Мынау әсем шыршаның қасында, мен достарыммен би билеп берейін. Қане, достарым қайдасыңдар?
Би: «Ақшақарлар» «Ормандағы оқиға» көрініс
Аяз келеді: (әндетіп кіреді)
Мен аязбын, аязбын!
Балалармен аразбын!
Мен қызыл шоқ тұмсықпын
Мен қырсық көк тұмсықпын
- Жүрексінбей нық басып,
Батыл болсаң, сыртқа шық! – дейді.
Балалар хормен: Аяз бізге сөз емес
Қорқатұғын біз емес!
Аяз: Ал, қорықпасаңдар, мына сұрақтарыма жауап беріңдерші. Егерде кімде – кім жауап бере алмаса, сол баланы қатырып тастаймын! Жауап берген бала қатпайды.
Сұрақтар:
1) Қыс мезгілінің қандай белгілерін білесіңдер? (қар, боран, мұз, аяз, суық, )
2) Қыста қандай ойындар ойналады? (шана, шаңғы, сырғанақ, хоккей, коньки
Аяз: Балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр? Ойнаймыз ба?
Ойын ойнатады: « Ғажайып қолғап»

Жүргізуші: Балалар, алыстан бір қонақ келе жатқан сияқты – деп (жан – жағына қарайды) Жұлдызшы, қане қарап көрші. (дүрбімен қарайды)
Жұлдызшы: Иә, көріп тұрмын, ол біздің келе жатқан доңыз жылы, бізге көп базарлығы бар сияқты. (Музыка ойналады) Доңыз кіреді - сыйлықпен.
Қоян: Саламатсыңдар ма, балалар? қонақтар? Келе жатқан жаңа – жылдарың құтты болсын! Жүргізуші: Келді міне Жаңа – жыл қалама
Соғар бетке аңызақ дауылы да
Төрле, төрле жаңа – жыл
Айтамыз тебірене жаңа – жыл!
Қоян: Қане, маған көрсететін қандай өнерлерің бар?

Би: «Ақ қояндар»
Аяз ата мен ұлу екеуі сыйлық таратады.

Қарағанды қаласының № 42 «Тілек»
балабақшасының тәрбиешілері
К. С. Сакенова, Р. К. Дюсекова
23 978
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
Жаңа жылда жасарған Жаңа шырша жас арман Жалт - жалт етіп көрінер Аппақ әлем құлпырған
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада. Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады. 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! 2 - жүргізуші: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×