Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қоршаған орта
Тақырыбы: Үй жануарлары туралы әңгімелесу
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру
Білімділігі: Үй жануарлары туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылығы: Танымдық процестерін дамыту.
Тәрбиелігі: Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ жауап баяндау, жұмбақ шешу, т. б
Көрнекілігі: видео, слайд үй жануарларының суреттері т. б

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. балалардың назарын табиғат құбылыстарына аудару
- Балалар жылдың қай мезгілі.
- қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Сабаққа келе жатып не байқадыңдар ауа райы қандай?
2. Балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Жоспары:
Үй жануарлары туралы әңгімелесу
- Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын адамның жанында өмір сүретін жануарларды айтамыз. оларға: жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, шошқа жатады

1 слайд
Алдын-ала жануарлардың дауысын естіртемін мынау ненің дауысы.
Жылқы - салт міну, жүк тасу. Ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. өте бағалы, ата - бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін – құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая жасайды.

2 слайд
Мынау ненің дауысы.
Сиыр төр түліктің бірі. Сүті, еті, терісі, бағалы. Сүтінен айран, сүт, май, қаймақ, құрт алынады. Терісінен түрлі бұйымдар жасайды. Жайылымда жайылады. Төлін бұзау дейміз.

3 слайд
Мынау ненің дауысы.
- дұрыс түйенің дауысы екен
Түйе - шөл керуені. Ол 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Ал жүнінің жылуы өте ерекше. Төлі - бота дейміз.

4 слайд
Мынау ненің дауысы.
Қой төрт түлік малдың бір түрі. еті, жүні, терісі бағалы. Салмағы 20кг шамасында. Жүні 3 - 7 кг ға дейін болады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім, тон аяқ киім тігіледі. Жүнінен клем, киім, мата тоқиды. Қойдың төлі - қозы. 500 - 600 қойды отар дейміз. Қой атасы - Шопан ата
5 слайд
Мынау ненің дауысы.
Ешкіні тынымсыз үй жануары. Оны қоймен бірге бағады. ешкінің төлін - лақ деп атайды. ешкінің сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен әжелеріміз түбіт жасайды. Ешкінің сүті ананың сүтімен тең екен, ертеде осы ешкі малының сүтін емдік үшін пайдаланған екен. Жүнінен түрлі киімдер тігеді. Ешкі атасы - Сексек ата

6 слайд
Мынау ненің дауысы.
Ит - қолға үйретілген үй жануары. Ол адамның сенімді досы. үнемі адамға қызмет етіп үйін, малын, қорасын күзетеді.
7 слайд
Мысық - бірнеше жыл бұрын қолға үйретілген үй жануары. Қазірде оны адамдар тышқан ұстау үшін ұстайды. Мысық өте таза жануар.

7 слайд
Енді оларды қалай күтіп баптаймыз?
(балалардың ойын тыңдау)
Үй жануарларына таза су береміз. Жем, шөпті уақытылы беріп тұрамыз. қорасы таза, жылы болу керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелер салып тұру керек. Біз оларға қамқорлық жасап, оларға жем, су шөп беріп оларды күтіп баптауымыз керек сонда ғана
біз олардан жақсы пайдасын көреміз.

ІІІ. Жұмбақ шешу
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. /түйе/
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. /қой/
3. Тастан, тасқа секірген,
ұзын салпақ құлақты.
қойдан маза кетірген,
Кім біледі? /лақ/
4. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар /сиыр/
5. Ұрлап ішіп үйдегі сүтті қоймайды
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. /мысық/
6. Лағымның құлағы, селтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады./ит/

ІҮ. Өз бетімен жұмыс «Не артық?» ойыны
Балалардың алдына мына суретшені таратып беремін балалар үй жануары емес суретті қоршайды.

Ү. Төлін тап? сәйкестендіру

ҮІ. «Аудармашы» үй жануарларының қазақша орысша атауы жөнінде видео көрсетемін

ҮІІ. Қорытындылау
1) Балалар қандай жануарлармен таныстық?
2) Төлдерін білеміз ба?
3) Балалар сиырдың төлін қалай атаймыз?
4) Қандай ойындар ойнадық?
5) Сиырдан біздер не аламыз?

Міне балалар біз бүгін үй жануарлары туралы көптеген мағлұмат алдық, пайдасы көп екенін білдік. Бірақ оның пайдасын көруіміз үшін көп еңбек етуіміз керек. Мал күткенге бітеді дегендей малды дұрыс күтпесе бізге олар дұрыс сүтте, етте, жүнде бермейді

ҮІІІ. Балаларды марапаттау

Күтілетін нәтиже:
Білді: Үй жануарлары туралы түсінік алды. Олардың қасиеттерімен дыбыстарын ажыратты.
Игерді: қай жануар қандай пайда, өнім өндірлетінін түсінді.
Меңгерді: үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланды. Жануарлары дауысынан ажыратуды ажыратты және өздері дыбыстай алды.
13 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Көрсету материалы "Үй жануарлары"
Көрсету материалы "Үй жануарлары"
Көрсету материалы "Үй жануарлары"
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, №16 "Дюймовочка" балабақшасының тәрбиешісі Шалтақова Эльмира Жұмажанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×