Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат әсемдігі

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»
І санатты тәрбиешісі Б. Р. Бисекешова

Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті «Айгөлек»тобы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Таным
Оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Табиғат әсемдігі»
Мақсаты:
Білімділігі: Табиғат бізді қоршаған орта, оның табиғат байлықтары адамзаттың материалдық игілігі, әр бөлшегі адам өмірінің қорғаушысы және денсаулығының кепілі екенін түсіну жол ашу.
Тәрбиелік: Оларды табиғатқа қамқорлық жасауға, оған жанашырлық сезімін оятуға және табиғат қорғау, аялау әрбір адамзаттың борышы екеніне тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баули отырып, сөздік қорын дамытып, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, жапырықтар, тастар, керекті суреттер.
Билингвалды компанент: Жапырық – лист.
Күз – осень.
Табиғат - приорда.

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бүгін сендер қандай әдемісіңдер, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Жылулық шеңбер Балалар мен сендерге жұмбақ жасығым кеп тұр, мұқият тыңдаңдаршы.
Жұмбақ. Бір жерінде суық. Бір жерінде ыстық. Бір жерінде түн. Бір жерінде күн.
Керемет алып неткен.
- Ия дұрыс айтасыңдар міне мынау жер шары, пішіні қандай?

Іздену ұйымдастырушы
Балалар жер шары дөңгелек. Осы жер бетінде адамдар құстар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, таулар, гүлдер, төрт түлік малдар бәрі мекен етеді. Балалар бір сөзбен айтқанда бәрін не деп атаймыз? Айналаға қарайықшы көз салып бізді қоршап тұрған табиғат.
Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді. Тірі табиғат – олар өседі. қоректенеді, тыныс алады тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, балықтар жатады. Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді тұқым, шашпайды. Оларға: су, тас,
тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атауы оларсыз өмір сүре алмайды. Орталыққа бөліну. Әлеуметтік орта. Жыл мезгілдерін ажырату, сурет бойынша әңгімелеу.
Үш тілді меңгерту.
Күз – осенъ - autumn
Қыс - зима - winter
Көктем - весна - spring
Жаз - лето - snmmer Таным: Су туралы айту. Тәжірибе жасату, қасиетімен таныстыру.
Су - вода – water
Карточка арқылы орталыққа бөлу, Қоңырау арқылы орталықтан ауыстыру.

Сергіту сәті. Бойымызды сергітіп алсақ, орнымызды ауыстырайық.
Тақтаның алдына келеміз.
Балалар сендер жақсы жұмыстандыңдар

Рефлексивті коррекциялаушы
Бүгін не туралы әңгімеледік?
Табиғат нешеге бөлінеді?
Ойын: «жер, су, тас,» «ауа»
Жер дегенде тұрамыз. Су - дегенде қолымыз алды, Тас - дегенде қимыл көрсетіп қатып қаламыз. Ауа – дегенде терең демаламыз.

Қорытынды Табиғатты қорғау аялау әр адамның парызы міндеті. Кәне бізге берген сыйына рахмет айтайық. Күн сәуле шашқаның үшін рахмет. Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет. Аспан, таза ауаң үшін рахмет. Ағаш, көлеңке үшін рахмет. Табиғат бәрі үшін рахмет!

Толық нұсқасын жүктеу
19 012
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатымен сауық, мерекелерді өткізу. Табиғат пен адам денсаулығының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Табиғат әсемдігі
Табиғат әсемдігі
Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру. Туындылардағы әсемдікті сезіндіру, балалардың бойында сурет салуға деген қызығушылықты ояту
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×