Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ойнайық та, ойлайық!» ойын - сауық сайысы

28 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Алматы қаласы
МКҚК №162 бөбекжай - балабақшасы
Мектепке даярлық топ
Куспанова Жанат Рымғалиқызы – жоғары санатты тәрбиеші

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!» ойын - сауық сайысы. (Ертегілер, ертегілер...)
Мақсаты: Балалардың түрлі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде алған білім, білік, дағдыларын бекіту. Өнертапқыштық шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Оның эстетикалық эмоцияларын, сезімдерін, қарым - қатынастары мен танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Керекті құралдар: Құрастырмалы жануарлар, ертегі атрибуттар, суреттер, ғажайып қапшық, жануарлар мүсіндері.
Барысы: Сәлеметсіздер ме, бүгінгі сайысымызға келіп отырған құрметті қонақтар мен жанкүйерлер. «Ойнайық та, ойлайық» атты ойын - сауық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жақсы сөз - жарым ырыс,- дейді халық. Ендеше жақсы ниетпен бақытты ұлдарымыз бен қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Шаттық шеңберіне тұрып, өздері қандай жануарды жақсы көретінін және неліктен екенін айта отырып қолдарындағы жүректі бір - біріне ұсынады..
Бұл ойында екі топ қатысады. «Сұңқар» және «Тұлпар» тобы.

«Сұңқар» тобының бүлдіршіндерімен таныстырып өтейін.
1. Мейірімді, ақылды, сурет салғанды, өлеңдер оқығанды жақсы көретін, бауырына қамқор Назым атты қызымызбен таныс болыңыздар.
2. Ынталы, еңбексүйгіш, спортпен шұғылданғанды жақсы көретін сайыскеріміз - Әлішер.
3. Мәдениетті, ашық жарқын жүзді қызымыз - Жанель. Ол бос уақытын сурет салумен өткізгенді ұнатады.
4. Өзі салмақты, бойшаң, лего ойыншығымен ойнағанды ұнататын Арман атты жігітімізбен таныс болыңыздар. Арманның сүйікті тамағы - ет.
5. Елгезек, жігерлі, компьютер ойындарын ойнағанды жақсы көретін - Бекасылмен таныс болыңыздар.

«Тұлпар» тобының бүлдіршіндері.

1. Тобымыздың еңбеккері, бетке ұстар ұлымыз - Бекзат. Футбол ойнағанды ұнатады.
2. Салмақты, әдемі, мейірімді қызымыз - Айгерім. Өскенде дәрігер болып, адамдарды емдеймін,- дейді.
3. Фархат деген ұлымыз, инабатты, апайын үлгі тұтады. 100 - ге дейін санай алады.
4. Ақылға сай көркі де, еңбекке де икемді - Аружан. Өскенде мұғалім болғанды армандайды.
5. Іңкар деген перизат, айдай сұлу, өнегелі нәзік. Қуыршақтарына киім тіккенді ұнатады.

Сайыскерлерімізді таныстырып өттік, енді сайысымызды бастайық.
Әр дұрыс жауапқа мына өсіп тұрған ағашқа алмаларын жабыстырып отырамыз.

1 - кезең. (Сұрақ - жауап) деп аталады.
Мен сұрақ қоямын және үш жауабын айтамын. Сендер дыбыс белгісі берілгеннен кейін, жауап бересіңдер. Қай топ бірінші қолын көтерсе, сол топ жауап береді. Осы үш жауаптың дұрысын таңдап айтасыңдар.

1 - сұрақ. Сәбиді неге салып тербетеді? Алтыбақанға, бесікке, күймеге.
2. Қазақ үйде шаңырақты көтеріп тұратын ағашты ата.(кереге, уық, құрық)
3. Қымыз ненің сүті? (сиырдың, түйенің, биенің)
4. Қазақтың (шығыс халықтарының ) жаңа жылы қай айда? (желтоқсан, наурыз, қаңтар)
5. Бала мектепке барғанда қандай той жасайды? (шілдехана, бесік той, тілашар)
6. Түйенің төлін қалай атайды? (бұзау, қозы, бота)
7. Егінді немен жинайды? (трактормен, комбайнмен, ат арбамен)
8. «Түлкі мен ешкі» ертегісіндегі түлкі қандай? (күшті, айлакер, мақтаншақ)
9. Қазақстан республикасының рәміздерін ата.
10. Садақ сөзінде қанша буын бар? ( 2, 3, 1)
11. Екі шегі бар музыкалық аспап.(шаңқобыз, дауылпаз, домбыра)
12. Арманға өзінен кіші Айжан кім болады? ( сіңлісі, қарындасы, апайы)
13. Басы «ш» аяғы «р» дыбысына аяқталатын сөзді ата.

2 - кезең «Кім көп» дидактикалық ойын
Сиқырлы дорба ішінен мысалы сиыр мен жылқы ойыншығын сипап сезу арқылы екі топ өз жануарларын табу.
а) Сиыр мен жылқы суретін көрсетіп, не айта алатындарын сұрау. (Пайдасы, түсі, көлемі, қасиеті т. б) (Ала, сүтті, мөңірейді, жуас, төлі - бұзау), (Кісінейді, жалы, ертоқым, таға, төлі - құлын).
ә) Кез - келген құс пен Алдар көсе сөзіне анықтауыш «қандай» деген сұраққа жауап алу:
Құс - ұшатын, секіретін, жүгіретін, жүзетін, қамқор.
Алдар - көсе - ақылды, байларды алдайды, жағдайы жоқ адамдарға көмектеседі, сөзге шебер, домбыра тартады.

3 - кезең « Сиқырлау» ойыны. Бізде сиқырлы сиыр мен жылқы пайда болды.
Ерте, ерте, ертеде... деп басталатын ертегілер сайысына береміз. Жаңағы айтылған қасиеттерін сиырға - құсты жанастырып, ал екінші топ жылқыға Алдар - көсені жанастыру. Балалармен сиқырлы сөз айту. Ахалай, махалай, суфф! (Осы кезде музыка ойналып, сиқырлы, қанаты бар сиыр мен шапаны бар жылқы пайда болады. Құстың қанаты мен Алдар - көсенің шапанын сиыр мен жылқыға жабыстыру)

- Ұшатын сиыр, секіретін сиыр, жүгіретін, жүзетін, қамқор сиыр.
- Ақылды жылқы, байларды алдайтын жылқы, жағдайы жоқ адамдарға көмектесетін, сөзге шебер, домбыра тартатын жылқы.
Осы қасиеттері бойынша ертегі құрастыру.

Біз әкеміз екеуіміз базарға сиыр сатып алуға бардық. Онда үй жануарлары өте көп екен. Әсіресе сиқырлы сиырлар. Біз ішінен бір ұшатын, сиқырлы сиырды таңдадық. Оның үлкен құстың қанатындай қанаты болды. Біз оған мекен - жайымызды айтып едік, ол бізді үйге өзі құс сияқты ұшып алып келді. Анамыз қатты қуанды.
Ертеде бір ақылды жылқы болыпты. Алдынан байлар кездессе, алдап қоя береді екен. Қымызын тек кедейлерге ғана беріпті. Өзінің бос уақытын барлық жануарларды жинап алып, домбыра тартып, ән айтып өткізеді. Оны бүкіл жануарлар құрметтейді.

Сергіту сәті «Қара жорға»

4 - кезең ( Жұмбақ құрастыру)
Балалар біз билеп жүргенде біреу хат алып келіпті, көрейік не бар екенін.
Әр топ берілген сурет бойынша өз ойынан қарсыласына жұмбақ құрастырып, жасыру керек.

5 - кезең Дидактикалық ойын «Танграмм»
Жұмбақтың шешуіне байланысты геометриялық пішіндерден мысық пен қоянды құрастыру.(Жыл мезгілі туралы айтып, қыста қоян түсін өзгертетіні, қамқор болу керектігі туралы айту.)
Күз мезгіліне байланысты қандай ертегілер білесіңдер? Ендеше «Сұңқар» тобы И. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын, ал «Тұлпар» тобы Асқар Тоқмағанбетовтың «Бидай пен қаңбақ» мысалын сахналап көрсетеді.

6 - кезең (Ертегіден үзінді көрсету)
Ертегі, мысалдан үзінді көрсеткеннен кейін, мазмұнына сәйкес мақал - мәтел айту.
Еріншектің ертеңі таусылмас.
Бейнетсіз рахат жоқ.
Өзін - өзі мақтаған өліммен тең.

Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нан береді.

Бала жаман болса көрінгеннің мазағы
Есер баладан ерке бала жаман.

Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын. Ер дәулеті – еңбек.
Соңында балаларға мысалдың аяғын ойлап құрастырту.(Қаңбақ - жер шарын аралап, болып жатқан жаңалықтарды бидайға айтады. Ал шегіртке мен құмырсқа бір үйде тұрып, бір - бірімен дос болады.
Қорытындылау. Топтардың алмаларын санап, жеңген топты мадақтау. Алмаларын бахытграммаға жабыстыру.
12 517
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Қызықты ойындарды пайдалана отырып, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Ойлайық та, ойнайық
Ойлайық та, ойнайық
Арал қаласы, №220 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова Венера Аққасенқызы
Сайыс сабақ
Сайыс сабақ
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×