Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттарды салыстыру

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика

Тақырыбы: Заттарды салыстыру
Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып
салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан -жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, жұмбақ шешу, таңғаларлық сәт, қорыту.
Көрнекілігі: Ағаш қуыршақтар, үлкен - кіші алмалар муляжы, үй макеті, қолдан жасалған алма ағашы және алмалар, құстар, себеттер.
Пән аралық байланыс: Айналамен танысу, тіл дамыту, ән - әуез.
Сөздік жұмыс: Қуыршақтар, қызыл - сары алмалар, үлкен - кіші, көп - аз.
Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күнімізде әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы.
Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.
Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.

Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал
Балаларға тапсырма:
Балалар сендерге қуыршақтар тағы да көп алма теріп берсе екен дейді. Қане, қуыршақтарға алма теріп береміз ба?
Олай болса, сендердің алдарыңда алма ағашында көп алмалар өсіп тұр, сол алмаларды теріп себетімізге салып толтырайық.
(Балалар алмаларды себеттеріне жинайды.)
Балалар жұмысын бақылап, кімнің қай түсті алманы көп немесе аз жинағанын сұрап анықтау.
Жарайсыңдар балалар! Алмаларды көп терген екенсіңдер.
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге келген қуыршақтарға ризашылығымызды білдірейік.
Мына үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік.
Ең үлкен қуыршаққа қандай
орамал сыйлаймыз?
Әр қуыршаққа өзіне сәйкес
орамалдар беріледі.
Балаларды мадақтау!
Есік қағылып, сырттан қолында бір қорабы бар тәрбиеші кіреді.
Балалар біздің қуыршақтарымыз сендерге және де бір сыйлық ала келген. Оны білу үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Өзі сондай сүйкімді, жүні жұмсақ, балалардың досы, тік құлақты, сүтті жақсы көретін ол не екен?
иә, балалар ол мысық екен. Ол мысықтың өзі емес қасында
- балалары да бар екен.
Бұл мысықтарды қуыршақтар сендерге ойнасын деп әкелген.

Күтілетін нәтиже: Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып салыстыра білу.
Жасай алуы: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинау.
91 828
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлкен - кіші ұғымы
Үлкен - кіші ұғымы
Үлкен – кіші суреттерді көрсету, түстерін ажырату. (жасыл, қара)
Сиқырлы сандық
Сиқырлы сандық
Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай әр түрлі болатынын түсіндіру. «Біреу» және «Көп» ұғымын қалыптастыру.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру, түстер туралы білімдерін кеңейту, зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Тілеуниязова Жарқынай
Біреу, көп
Біреу, көп
Өскемен қаласы, "Балдаурен" шағын орталығының тәрбиешісі Чокубаева Маржан Куанышпековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×