Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақ киімдерінің түстері

29 наурыз 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Қуыршақ киімдерінің түстері» ашық оқу қызметі
Білім саласы: «Таным»
Бөлімі: «Сенсорика»
Блок тақырыбы: «Менің қоршаған әлемім»
Апта тақырыбы: «Қуыршақ киімі»
Мақсаты: Киім заттарына ұқыпты қарым - қатынас дағдыларын тәрбиелеу
Тақырыбы: «Қуыршақ киімдерінің түстері»
Мақсаты: Балаларға түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Заттарды негізгі қызыл, сары, жасыл, көк төрт түске топтастыра білу дағдыларын ойын арқылы жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу қызметімізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен сәлемдесейік.
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бізге келген қонақпен
Амандасып аламыз
Б. ж: Сәлеметсіздер ме?
Қайырлы таң!
Добрый день!
Good morning!
Жүру барысы: Қимылдық ойын: «Өз орныңды тап»
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Б. ж: 4 мезгіл бар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Б. ж: Күз мезгілі
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Б. ж: 3 ай бар
- Күз айларын атайықшы?
Б. ж: Қыркүйек, Қазан, Қараша
- Балалар күз мезгілінде ауа - райы қандай болады?
Б. ж: Салқын.
Дұрыс айтасыңдар. Күзде салқын болғандықтан біз жылы киінеміз. Ендеше балалар қуыршақтарымызды серуенге шығару үшін киімдерін кигізейік.

Тәрбиеші: меніңше біреу есік қағып тұрған сияқты. Қане көрейікші. Топқа Маша келеді.
Тәрбиеші: Балалар Машамен амандасайық.

Маша: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендердің түстерді айтып жатқандарыңды естідім. Аю екеуміз ренжісіп қалдық. Мен аюдан түстерден сұрағанмын, маған айтпады. Менің көптеген қуыршақтарым бар. Қуыршақтарымның көйлегенің түстерін білмей тұрмын. Маған түстерді ажыратуға көмектесесіңдер ме?

Б. ж. Ия. Көмектесеміз.
Бір - бір баладан шақырып алып қуыршақтардың киімдерінің түстерін сұрау, бірге қайталау.
- Бұл не?
Б. ж. Қуыршақ
Бұл қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
Б. ж. Қызыл
- Келесі қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
Б. ж. Көк
- Ал, шашындағы бантигінің түсі қандай?
Б. ж. Көк
- Мына қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
Б. ж. Жасыл
- Қараңдаршы қандай әдемі, әсем біздің қуыршақтар.
- Балалар бұл қуыршақтарға ат қояйықшы. Қызыл көйлекті қуыршақтың атын - Амина. Сары көйлекті қуыршақтың атын - Мадина. Көк көйлекті қуыршақтың атын - Айлин. Балалар жарайсыңдар. Қуыршақтарға атта қойдық. Кім қуыршақ туралы тақпақ айтады? Ю
Мадина
Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесем жүрмейді.
Жарайсыңдар балалар. Ендеше балалар орнымыздан тұрып серігіп алайық.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз бір дем алайық
Жарайсыңдар.
- Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар әр қуыршақтың ойнайтын өздерінің ойыншықтары бар. Бірақ олар шатасып кетті. Оларды табуға көмектесеміз бе? Қорапшада қызыл, сары, көк түсті доптар жатыр. Доптарды түстері сәйкес келетін әр қуыршақтың қасында қорапша бар. (көк түсті допты көк түсті қорапшаға салу қажет).

- Балалар қуыршақтар сендерге риза болып рахмет айтып жатыр. Енді қуыршақтар сендер ойыншықтар күтіп ойнаңдар,
- Балалар біздерде ойыншықтармен, қуыршақтармен ойнағанда ұқыпты ойнауымыз керек, қуыршақтардың аяғын сындыруға болмайды, ойыншықтарды бүлдіруге болмайды.
Қорытынды.
Маша: Балалар сендерге рахмет. Мен көптеген түстерді меңгердім. Мен сендерге өзімнің қуыршақтарымды сендерге сыйлыққа қалдырам.
- Ал балалар, Машаға «рахмет» айтып қоштасайық.
- Сау болыңдар!
Біздің қыздарымыз «Қуыршақ» әнін орындайды. Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже
Білді: қуыршақтардың ойыншықтарын киім түсіне қарай ажырату
Игереді: сөздерінің мәнін, қызыл, көк, сары, жасыл түстер туралы ұғымды.
Меңгереді: түстің әртүрлі заттар сипатын білдіру үшін қолданылатынын.

Атырау қаласы
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы
І кіші топ тәрбиеші Утегенова Мөлдір Нұрланқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 701
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Балалардың тілін дамыту. сөздік қорын байыту. Сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір - бірімен салыстыруға, оларды ажыратуға және танып білуге үйрету.
Менің көңілді добым (сипаттау)
Менің көңілді добым (сипаттау)
Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Доп туралы мағлұмат бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру, түстер туралы білімдерін кеңейту, зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×