Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ханталапай

02 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№57 «Ақбота»бөбекжайының әдіскері
Сансызбаева Гүлжан Бауыржанқызы

Қазақтың ұлттық ойыны «ХАНТАЛАПАЙ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Ханталапай ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Қажетті заттар: Ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша)
Қой малының асықтары
Ұлттық нықышта өрнектелген қоржын
Алдын ала дайындалған тапсырмалар
Сабақ түрі: Ойын - сабақ.
Ойын барысы: Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме! Балалар!
Балалар: (амандасады) Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Бар адамға құрметпен, бас иеміз біз!
Мұғалім: Бүгін қандай күн?
Балалар; Сәрсенбі,
Мұғалім: Керемет, жарайсыңдар балалалар! Бүгін сәрсенбінің сәтті күні. Олай болса сабағымызды Әнұранмен бастаймыз.
Мұғалім: Балалар бүгін ерекше сәтті күн, ауа - райы да, тамаша екен.
Жайлауға барып асыр - салып ойнап келейік.
Жайлауда балалар ата - әжені көріп, көрісіп (ассалаумағалейкум) балалар амандасады.
Ата - әже балаларды ағаш үйге кіргізеді.
- Ата? балалар қайдан келдіңдер?
- 57бала бақшадан келдік
Ата: бәрекелді.
Әжесі балаларға қымызбен бауырсақ береді.
Ата бата береді.

Мұғалім: Біз балалармен жайлауға қыдырып шығып едік.
Ата. Ия дұрыс қой біздерде бала кезімізде ұлттық ойындар ойнағанбыз.
Мұғалім: Ата біздің балабақшаның балалары да, қазақтың ұлттық ойындарын біледі. Ал балалар біз қандай ұлттық ойындарды білеміз.
Мұғалім: қане балалар атаға атап берейік.
Балалар: иә.
1) Көкпар ойыны
2) Соқыртеке ойыны
3) Ақ сандық, көк сандық ойыны
4) Арқан тарту ойыны
5) Қазақ күресі ойыны
6) Білектесу ойыны
7) Жасырынбақ ойыны
8) Ақ сүйек ойыны
9) Орамал тастау ойыны
10) Хан талапай ойыны.
Ата: жарайсыңдар балалар! сендер қазақтың ұлттық ойындарын біледі екенсіңдер.
Әже: Қыздарымыздың қандай өнерлері бар екен.
Қыздар: Қазақтың «Қасиетті домбыра» әнін орындап береді.

Ата - әже: көңіліміз көтеріліп қуанып отырмыз, жарайсыңдар балаларым.
Ата: Отанасы сандық тұрған асықтарды алып берші.
Ата: Балаларға ризашылығын білдіріп бір қоржын асық сыйлайды. (сандықтан алып береді)
Балалар: рахмет.
Мұғалім: Олай болса ата астың батасын берсеңіз біздің ұлдарымыздың өнерлерін тамашалап көріңіздер.
Ата: бата береді.

Мұғалім. сыртқа шығып ата берген асықпен ойын ойнайық.
Мұғалім: қоржынды ұстап тұрып, асық туралы не білеміз? асықпен қандай ойындар ойналады?
(балалардың жауаптары тыңдалынады) (Асық ату, үш табан, ханталапай т. б.)

Сабақ барысы:
Мұғалім: Балаларға «Ханталапай» ойынының шартын түсіндіріп өтеді.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей, ең озық ойлы баланы анықтаймыз.

Мұғалім: Ал ойнасақ - ойнайық
Бүгінгі ойынға барлығымыз қатысамыз, Олай болса, жарысымызды бастайық.
«Талапай - ау, талапай, табылды ойын алақай»- деп қоржындағы асықтарды балалар алдына тастаймын. Балалар жарыса асықтарды «ханталапай» деп дауыстап асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтарын санап, әр бала 5 асықтан тігіп ойынға қатысады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Асықтарды атады да, тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, мұғалім қойған тапсырмаға жауап береді. Егер ойыншы бала жауап бере алмаса, қатысушы басқа балалар жауап береді. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында сұрақтарға дұрыс жауап беріп, асықты көп жинаған бала жеңімпаз атанады.

СҰРАҚТАР:
1. Қазақстанның тұңғыш президенті - Әбішұлы Н. Н.
2. Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
35 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғылыми жоба «Асық – ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын»
Ғылыми жоба «Асық – ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын»
Жобаның мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беру. Ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға
Ханталапай
Ханталапай
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады.
Асық ойындары
Асық ойындары
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Ханталапай
Ханталапай
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту, салт-дәстүрлерді насихаттау.
Ләңгі тебу де бір өнер (Үйірме жұмысы)
Ләңгі тебу де бір өнер (Үйірме жұмысы)
Оралбаев Нұрқасым Таңатұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі
Оралбаев Нұрқасым Таңатұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×