Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылыми жоба «Асық – ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын»

04 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша

Жобаның мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беру. Ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.

АСЫҚ – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек.

Қойешкісиыртүйеасығы үлкен - кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.


Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.

Асық ойындары – тек қазаққа ғана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ ұлттық игілік. Асық ойындары ең алғаш ежелгі түркілердің арасында пайда болған. Сондай – ақ асық ойындары байырғы Грек елінде – астралаг, ал Римде талус деген атпен кеңінен таралғанын көрсетеді мәліметтер.

Асықтың атаулары

Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.

Тәйкі(тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.

Бүге(бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шік – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан түскені. Ол төртіншелі дәрежелі асық.

Қорытынды

Қорыта айтсам, қазір балалар ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес болып барады. Кез - келген ойын автоматтарына бас сұқсаң көбіне көп қазақтың баласын кездестіресің. Біріншіден, бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп. Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп қалады.

Ұлттық асық тарихын ұмыт қалдырмай, жаңашыл леппен ойындар ойлап табу да әрбіреуіміздің қолымыздан келері хақ. Асық – таусылмас мұрамен қатар, таусылмас идея деп айтар едім. Оған дәлел Б. Момышұлының айтқаны: «Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл - үлкен халықтық тәрбие»,- деп жоғарғы басшылыққа хат жазған болатын. Ендеше, құрметті тыңдарман, асық төңірегінде тақырыпты бірге түрлендірейік! Тыңдағандарыңызға алғысымда айта отырып, әрдайым асықтарыңыз алшысынан түссін дегім келеді.



5 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ханталапай
Ханталапай
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады.
Асық ойындары
Асық ойындары
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Ханталапай
Ханталапай
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Ханталапай ұлттық ойыны
Ханталапай ұлттық ойыны
Алдар көсе: Ойынды бастар алдында «Талапай - ау, талапай» Табылды ойын алақай деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады. Балалар: Жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады.
Ләңгі тебу де бір өнер (Үйірме жұмысы)
Ләңгі тебу де бір өнер (Үйірме жұмысы)
Оралбаев Нұрқасым Таңатұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі
Оралбаев Нұрқасым Таңатұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×