Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?

03 маусым 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылы,
№35 «Балбұлақ» МДҰ «Айгөлек» тобының тәрбиешісі
Джумагалиева Айнаш Испаевна

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Таным.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?
Мақсаты: а/ Балаларға көлік туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету; сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.
ә/ Сөздік қорларын толықтыру, дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.
б/ Ойыншықтарын мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: түрлі көлік суреттері.
Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік, автобус, пойыз.

Ұйымдастыру кезеңі.
– Балалар, бәріміз дөңгеленіп тұрып, жақсы тілектер тілейік..
Шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Жаңа шыққан бұл күнге
Иіліп сәлем қылайық

- Балалар, енді бәріміз орнымызға отырайық.
Үлкенмін ғой, міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
М. Әлімбаев
- Мен не туралы өлең оқыдым?
- Балалар, айтыңдаршы, кімге қандай ойыншық ұнайды?
- Бек, сенде қандай ойыншық бар?

Ізденіс - ұйымдастыру кезеңі.
– Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.
– Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет?
– Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктері. Жер көліктерінің өзі екіге бөлінеді: жүк тасымалдаушы және жолаушы тасымалдаушы көліктер.
Біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізде саяхатқа шығамыз.

1 - аялдама. Жүк тасымалдаушы көлігі.
Балаларға слайд арқылы суреттер көрсету.
- Мына жүк тасымалдаушы көлігі дейді. Бұл көлікпен жүк тасиды.
- Ол не тасиды екен?
- Өткен оқу іс - әрекетімізде үй жануарларына қамқорлық жасау туралы айттық. Ал, біздер үй жануарларына қандай қамқорлық жасаймыз. Олар немен қоректенеді. Оларға жем, шөп береміз.
- Балалар, бүгінгі жүк тасымалдаушы көлігімізге үй жануарларына арнап шөп тиеп жіберейік.
- Жүк көлігі гүрілдейді. «Гүр - гүр - гүр»деген дыбыс шығарады. Кәне, бәріміз қайталаймыз.
- Гүр - гүр - гүр.

2 - аялдама. Автобус.
- Балалар, біздер жүк тасымалдаушы көлігі аялдамасынан келесі аялдамаға келдік. Бұл аялдамада жұмбақ жасырған екен, соны шешеміз бе?
Жұмбақ шешу:
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
- Балалар, мынау қандай көлік?
- Автобуспен қайда баруға болады?
- Ол қайда тоқтайды және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?
- Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа, т. б.
- Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды.
Автобус алға зулайды
Бағыттан еш аумайды
Зыр айналар дөңгелек
Көлік бізге ең керек.
- Автобустан түскенде қандай ережені ұмытпау керек?
– Автобустың артқы жағынан өту қажет.

3 - аялдама. Поезд.
- Біздер келесі аялдамаға да келіп жеттік.

Жұмбақ.
Тізбектелген көк үйлер,
Көшіп жүрген көп үйлер.
- Ал мынау қандай көлік? Бұл - пойыз.
- Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?
- Пойыз. Ол вокзалға тоқтайды.
- Тепловозға қарашы.
Түтіні көк бүркіген
Жалғыз өзі, санашы
Неше вагон тіркелген?
1, 2, 3, 4, 5
- Онымен үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады.

Сергіту сәті: «Көлік».
Балалар ойнайды.
Сапқа тізбектеліп тұрады.

Автобус кетіп барады
Жан жағына қарады
Бағдаршамда қызыл жанғанда
Пойыз тоқтап қалады.

Көлік кетіп барады,
Жан - жағына қарады.
Бағдаршамда қызыл жанғанда
Көлік тоқтап қалады.

- Жарайсыңдар, балалар, енді орнымызға отыра қояйық.
4 - аялдама. Жеңіл машина.
- Ал мынау қандай көлік? Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.
Көлік жолда жүреді вын - вын - вын, бип - бип - бип.
Балалар су және әуе көліктері де бар.
- Балалар, мынау қандай көлік?
Кеме суда жүзеді. Адамдар тасиды.
- Балалар, мынау қандай көлік?
Ол әуе көлігі. Әуеде ұшып жүреді. Адамдар тасиды.
Ұшақ ұшады әуеде гу - гу - гу.

Рефлексия - түзету кезеңі.
Ойын «Мәшинелер»
Балалар алаңқайдың келесі шетінде тұрады. Олар – «Мәшинелер». Келесі бетте тәрбиеші тұрады, ол жасыл түсті жалаушаны көтергенде, балалар ортаға мәшине болып дыбыстап айналып жүреді. Сары түсті жалаушаны көтергенде, «мәшинелер» өздерінің гараждарына келеді (орындарына барады). Егер балалар қызыл түсті жалаушаны көрсе, онда орындарында тұрып қалады.
- Балалар, үйде ата - аналарың, туыстарың алыс жолға шықса бір - біріне не деп айтатындарын білесіңдер ме? «Жолың болсын!»- дейді.
Атам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді апам
Апам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді атам.
«Жолың болсын!»- дейді олар
Үлкенге де кішіге.
«Жолың болсын!»- дейді олар
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзден байқадым
Қуат барын, күш барын
«Жолың болсын!»- айтамын,
Алыс жолға шықса кім.
Сау болыңыздар!
Жолдарыңыз болсын!
13 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Мақсаты, міндеттері, білімділік: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Олардың түрлерін танып, атауға үйрету Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелілік: балаларды
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Көлік түрлерімен таныстыру, ҰОҚ - де үйренген көлік түрлерін атай алады, сұрақты түсінеді, өзінің немен және кіммен баратынын айта алады.
Көліктер
Көліктер
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Transport (Көліктер)
Transport (Көліктер)
Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Жүк көлігі
Жүк көлігі
Түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерімен таныстыра отырып, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын атап айтып беруге үйрету. Көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатыны туралы түсінігін кеңейту.
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×