Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақша!

13 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Қош бол, балабақша!
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата - аналар, бүлдіршіндер, балабақша қызметкерлері! Бүгінгі біздің балаларымыздың балабақшамен қоштасу кешіне қош келдіңіздер. Бүгінгі сәт балаларымыздың естерінде қалатын әсерлі сәт екені белгілі. Ендеше кішкентай болып кіріп, ақыл - ойлары толысып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренген тәрбиеленушілеріміз таудай талаптары мен мектеп атты білім ордасына қадам аттағалы отыр. Біздің бүлдіршіндерімізге сәт - сапар, ақ жол тілейік! «Жас Қыран» тобының тәрбиеленушілерін үлкен қошеметпен ортаға шақырамын. (балалар екі екіден қол ұстасып кіреді, шеңберді айналып жүреді, музыка біткен соң шарларын төбеге ұшырып жібереді).
Хор: «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдің,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар.
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепті,
Бұл өмірде бақыт жолын табыңдар,- дей келе тәрбиеленушіміз Үмбетқали Жаннұрды «Көктайым» атты әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын біздің балабақшамызға кішкентай, сүйкімді бөбектер келді. Олар дұрыс сөйлей де, киіне де алмады. Ал олардың былдырлаған жылаған дауыстары әлі есімізде, ал салған суреттерін көрсеңдер....... Олай болса «балалық шақтан - болашаққа» деп фото - перезентацияны тамашалаңыздар. Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріңіз басталып та кетті. Кезекті балалардың тақпағына берейік:
Назжан: Алты жасқа толамыз.
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата - анамды,
Мектепке кетіп барамыз.
Бақша біздің панамыз.
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып, білім аламыз.
Ерғазы: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке барам алғашқы,
Бәріңе жостар сәт - сапар.
Күмісханым: Балабақшам сүйікті.
Ән салдыртты, билетті.
Шынықтырып денеңді,
Шымыр болуға үйретті.
Ақниет: Үлкендердей тап - таза,
Жазамын бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламын,
Жүретіндей мақтана.
Таудай үлкен боламын.
Мен бармақтай боламын,
Көктің жүзін шарлаймын,
Үлкен ғалым боламын.
Жанерке: Тәрбие берген ұямыз.
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала - бақшамен,
Мектепке біз барамыз.
Мадияр: Баулап, баптап өсірген,
Бұзықтық етсек кешірген.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Амина: Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл - қызын.
Анамызды ерекше,
Қуантамыз біз бүгін.
Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер қаламым.
Таңғалдырып достарымды,
Мен мектепке барамын.
Ән: «Мұғалім ол біздің» орындайтын: Ғалымжанова Назжан
Жүргізуші: Бірге ойнап, бірге жүрген.
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын сіздерден,
Джентлмен биін сыйлаймыз.
Би: «Джентлмен» ортада: Бекжан Санжар Айкөркем Ақниет Нұрқанат
Ән: «Балабақша» орындайтындар: Ақниет Ерғазы Мадияр
Ойын: «Кім жылдам?» ата - аналарға.
Шарты: шеңберге қанша сан айтылса сонша балалар жинау керек.
Ән: «Апатайым» орындайтындар: Айзере мен Гүлназ
Інжу: Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
«ағылшынша видео саяхат»
Айзере: Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Гүлназ: Қош, балалар бақшасы,
Естен кетпес есімің,
Қош, балалар бақшасы,
Алғаш ашқан есігім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 362
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 "Күншуақ" балабақшасының "Құлагер" тобының түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен
Қош бол балабақша (сценарий)
Қош бол балабақша (сценарий)
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар! Әріптестер және біздің бүгінгі балабақшамызбен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз. Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй - тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне, бүгін
Балабақшамен қоштасу
Балабақшамен қоштасу
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды Бізден ұшып қанат қағып есейіп Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×