Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяз ата

04 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Аяз ата
Мақсаты: қағазды бүктеу арқылы аяз атаны жасау жолдарын қарастыру
Міндеттері: оригами әдісімен таныстыру, таза, тиянақты жұмыс жасауға үйрету, жылдамдықты, әсемдікті дамыту.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер, қағаздар
Билингвалдылық компонент: аяз ата - дед мороз

Мотивациялық қозғаушылық
Қане балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шыршамызды айналып,
Аман - есен болайық.(Өлең жолдарын бірге қайталайды).
- Балалар біз мында неге жиналдық? Қандай мереке жақындап қалды? Ал бізге кімдер жетіспейді?
Ендеше оларды шақырып көрейік.
Сол кезде жылаған дауыс естіледі
Шыршаны қызықтап қарайды. Балалар әр түрлі жануарлардың маскаларын киіп алған.
- Жаңа жыл мерекесі жақындады. Сыйлықтар аламыз.
- Бізге аяз ата мен ақшақар жетіспейді.
Аяз ата, ақшақар
Аяз ата, ақшақар
Аяз ата, ақшақар

Іздену – ұйымдастырушы
- Балалар бұл кім екен жылап тұрған, қарайықшы?!
- Сәлеметсіңбе, Ақшақар! Неге жылайсың? Аяз ата қайда?
Ақшақар:- Біз орманда келе жатып, қатты боран соққанда, мен адасып кеттім. Ал, аяз ата жоғалып кетті. Маған Аяз атаны табуға көмектесіңіздерші.
- Ақшақарға көмек көрсетемізбе?
Ендеше мына үстелде ақшақар сендерге сыйлықтар әкеліпті. Ашып көріңдер. (Онда сағаттар: 1) қылқалам суретімен; бейнелеу өнері орталығы. 2) үстел.(үстел үстіне)
- Енді өз орындарыңды табыңдар.
1 - топ: аяз атаға арналған шананың суретін салады
2 - топ: қағаздан аяз атаны құрастырады.

«Оригами» деген қағазды бүктеу деген мағынаны білдіреді.
Ешқандай желім, қайшы қолданбаймыз. Ең алдымен қызыл түсті қағазды аламыз. Сол жақ, оң жақ бұрыштарын қосамыз. Пайда болған бұрышынан басындағы бұрышпен қосамыз. Басқа жағын қаратамыз. Аяз атаның қалпағы шығу үшін 1 бұрышын төмен түсіреміз, бүктейміз. Артық бұрыштарын арт жағына келтіреміз.
Саусақ жаттығуы: жаңғақ арқылы алақан арасына салып уқалау.
Қарындашпен көздерін салуға болады. Аяз ата дайын.
- Енді ақшақарға 2 топтың еңбектерін сыйлайық.
Орындарымен ауысу. Балалардың назары жылаған дыбысқа ауады.
- Бұл ақшақар ғой

Ақшақарға көмектескілері келеді.
Балалар сыйлықтарды қызыға ашып көреді.
Балалар, сағаттарды тағып, қылқалам бейнеленген сағатты алғандар сурет салуға, ал үстел бейнесі бар сағатпен үстел басына отырады

Сурет салу үлгісі бойынша суретті салып, бояйды.

Тәрбиешінің жасау үлгісін мұқият тыңдап, алдарында дайын тұрған қызыл қағазды алып, жұмыс жасау барысына кіріседі.
Жасай алмаған, қиналған балаларға көмек көрсетіледі.

Өз қиялдарын қосып, көзін, аузын бояуға болады.

Жаңғақты алақан арасына салып уқалайды.
Балалар өз жасаған жұмыстарын ақшақардың үстеліне қойып, сыйға береді.
Рефлексия - қорытынды
Ақшақар:- Балалар сендерге көп рахмет. Мен өте қуаныштымын. Енді шанамызға отырып, аяз ата екеуміз орман жануарларына сыйлықтарымызды апарайық. Сау болыңдар!
- Енді бәріміз шыршаның жанына жиналып, «Кел, жаңа жыл» әнін орындайық.

Ақшақармен қоштасып, шыршаның жанына жиналып әнді би қимылдарыцн жасай отырып орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырылды: аяз атаны оригами әдісі арқылы жасау жолдары
Түсінді: жаңа жыл туралы білімдерінің болуы
Қолданды: түсті қағаздарды
6 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақшақардың достары (ортаңғы топ)
Ақшақардың достары (ортаңғы топ)
Аяз - атаның шарбағында бір қоян тұрған ол шарбақта тазалықты жақсы көрген күнде жинаған, сыпырған.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
Жаңа - жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме. Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Жаңа - жыл кешінде
Жаңа - жыл кешінде
Түпқараған ауданы,Баутин ауылы. "Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі Жолдыбаева Анар
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×