Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған. Шуағын шашқан аялы алақан

28 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Шуағын шашқан аялы алақан
Зал іші мерекеге сай мейрамхана стилінде безендірілген
.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ата - аналар, ұстаздар, қызғалдақтай құлпырған қыздар! Міне жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

Залға қыздар кіріп келеді. Қыздарды мейрамхана администраторы қарсы алады.
- Сәлеметсіңдер ме қыздар! Мерекелеріңмен!
- Рахмет! Сізді де мерекеңізбен құттықтаймыз!
Біз №9 «Қарақат» тобының қыздарымыз. Бізді мұнда біздің топтың жігіттері шақырған еді. Олардың өздері әлі келмеді ма?
- Жоқ сендердің жігіттерің әлі келген жоқ. Олар келгенше сендер отырып жайғасыңдар.
Қыздар отырады.
Райхан: - Жігіттердің мұнысы несі? Бізді шақырып алып, өздері әлі жоқ қой.?
Зейнеп: - Ал біз сәнденіп, әдемі көйлектерімізді киіп келіп отырмыз ғой.
Ұлбосын: - Қыздар ұрыспайық бүгін аналар мерекесі ғой. Одан да оларды мерекемен құттықтап жыр шумақтарын арнайық.
Ұлбосын: Адам барма ана сүтін татпаған
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты ар намысты сақтаған
Мен анамның сонысымен мақтанам
Жанель: Мәпелейді, әлдилейді, бағады
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады
Айша: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым
Мадина: Еркелесем шаттанам
Күлімдесең бақ маған
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам!
Аружан: Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам
Музыка ырғағымен ұлдар кіріп келеді.
Жалғас: - Сәлем қыздар! Неге мұңайып отырсыңдар?
Тәрбиеші: - Жігіттер сендердің топтарыңның қыздары сендерге қатты ренжулі. Сендер бір амалын тауып олардың көңілін табыңдар.
Бәрі бірге: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Шаттық жырын арнаймыз
Жүрсінәлі: Айтқанда әнді әуелі
Ерекше шығар әуені
Биязы қыз Еркежан
Өзі де ұяң әдемі
Мансұр: Ай секілді өзі де
Сыңғыр - сыңғыр сөзі де
Зейнеп деген арудың
Әдемі ғой көзі де

Жалғас: Сабағын да меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Ата - анасы Жанниет деп
Әдемі есім теңгерген
Сауран: Сабағынан қалмайды
Жалқаулыққа бармайды
Миланаға бүгінде
Ұлдар жырын арнайды
Асылбек: Құлпырған дала гүліндей
Жүресің әр кез күлімдей
Арманыңа аңсаған Мадина қыз
Ақ ниетпен жете бергін сүрінбей
Айқын: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі бізде Жания
Көрінген көштің басынан
Ернұр: Ыңғайы көңіл күйінің
Келгенде байқап бейімін
Айтарымыз Айша қыз
Еркесі ғой үйінің
Нүржігіт: Мерекеде көктемгі
Жақтырмайды өктемді
Дилнозаны байқаймыз
Еркелігі көп тегі
Алмат: Сабағы ылғи үздікті
Шығарса есеп ызғытты
Арамызда Ұлбосын
Өзі ширақ қыз тіпті
Бекзат: Жақсы оқуды бастады
Әріптерді ашқалы
Томпиған қыз Нұрсая
Бұйра - бұйра шаштары
Әділет : Жақсы оқып сабағын
Бәрімізге жағатын
Ашуланса Райхона
Шеттерінен қыратын
С. Нурислам: Сабағын жақсы оқиды
Көңілге бәрін тоқиды
Үндемей жүрген Жанелья
Нені ойлап тоқиды?
Әділет: Алар дәйім бестігін
Аққұба қыз кескінің
Бойшаң біздің Жанерке
Ұяңдау деп естідім
Абдужамил: Билейді кейде айнала
Көркіне ақылы сай ғана
Е. Кәусар біздің әдемі
Сөйлейді бірақ жай ғана
Музраб: Саған да жыр арналады
Саусағынан бал тамады
Үздіктердің қатарында
Аружан да табылады
Бауыржан: Ән де кейде салады
Бағаны да алады
Бірақ біздің Милана
Бақшадан көп қалады
Абдужамил: Мың бұрала билейді
Мақтануды сүймейді
Кәусар деген қызымыз
Ортаны еш бермейді
Ұлдар: - Қыздар бізді кешіріңдерші....
Қыздар: - Жарайды бұл жолы кешіреміз...
Жалғас: - Қыздар бүгін барлығың өте сұлу болып кетіпсіңдер.
Жанниет: - Рахмет жігіттер. Әрине бүгін біздің мейрам ғой. Сендер де сондай сымбаттысыңдар!
Жалғас: Ооооо..... рас па? Рахмет қыздар! Бірақ бүгін тек қыздардың ғана емес, әжелердің, аналардың, апайлардың да мерекесі ғой. Кел одан да оларды мерекемен құттықтайық.
Жанниет: Армысың әжелерім аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың
Абдужамил: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Зейнеп: Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Жалғас: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Аналарға арналған әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: «Ай дидарлы анашым»
Зейнеп: О, анашым!
Таянышым тірегім
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Мені жақсы болса екен деп қашан да
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің
Туған жердің
Жайнап тұрған даламның
Өзіңе деп гүлін үзіп алармын
Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым
Міне гүлім!
Мен де гүлдей балаңмын!
Жүрсінәлі: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз

Шымкент қаласы,
№25 "Қарақат" бөбекжай - балабақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі Шолатова Айжан Нуралиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 911
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×