Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы пішіндер

18 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер
Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы білімдерін толықтыру, оларды ажыратып атай білуге үйрету. Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін ойын арқылы дамыту, қызығушылығын арттыру. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, қане шеңбер жасаймыз. Бүгін бізге көп қонақтар келіпті, барлығымыз сәлемдесейікші.
Сәлемдесу: Сәлем деймін, күнге мен!
Сәлем деймін, мен саған!
Сәлем деймін, апайға,
Қонақтарға, құстарға.

Жылулық шеңбері:
Елімізде тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Әр күніміз сәтті болсын!
Тәрбиеші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қанша ай бар?
- Қазір қай ай?
- Көктемде ауа райы қандай болады, қандай өзгерістер байқадыңдар?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші: Қазір бізде математика сабағы. Біз нешеге лейін санай аламыз? Балалар, біз санамақ айтып көрейікші.
Санамақ:
- 1, 2, 3.
- Ал, қанекей ұш!
- 4, 5, 6, 7.
- Мынау, ауылдың шеті.
- 8, 9, 10.
- Ал, қанекей қон!

1 - тапсырма: Балалар, сендер мына қорапта нелер бар екенін білесіңдер ме, көргілерің келе ме? Ендеше қорапқа қолымызды салып, не бар екенін іздейміз? (Балалар қораптағы қарақұмықтан, пішіндерді іздейді)
Біз андай пішіндерді көріп тұрмыз? (Балалар пішіндердің атын атайды)

2 - тапсырма: Ойын: «Өз пішініңді тап»
Тәрбиеші: Біз осы пішіндерге байланысты қандай тақпақтар білеміз?
Дөңгелек: Мынау емес, тқртбұрыш,
Мынау мүлде жоқ бұрыш.
Бұның аты – дөңгелек
Дөңгелекті дөңгелет.
Үшбұрыш: Үшбұрышты білеміз
Табанында жүреміз
Төбесінен сырғанап
Құлап қалсақ күлеміз.
Шаршы: төрт бұрышы тең болса,
Төрт қабырға тең болса,
Жауап берер балақай
Ой - өрісі кең болса.

3 - тапсырма: Суретпен жұмыс.
(Балалар суретпен заттардың қай пішінге ұқсастығын табады)

Сергіту сәті:
Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздеді.
Орман ішін аралады,
Ағаштарды сілкіп көрді.
Оңға бір, солға бір
Ағаштарды сілкіп көрді
Орман ішін аралады
Қуанғаннан билей берді.

4 - тапсырма:
Тәрбиеші: - Балалар, енді мына пішіндерді жоғарыға, төменгі сөрелерге орналастырамыз.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Шарты: үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішіндері болады. Сол пішіндердің атын атағанда сол пішінге тез жиналу керек.
- ал, балалар, енді мына пішіндерден әртүрлі заттар құрастыруға болады, біз сол пішіндерді пайдаланып өзімізге ұнаған затты құрастырамыз.

Қорытынды жасау.
- Балалар, сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
- Біз қандай пішінді білдік?
- Пішіндерден нелерді құрастырдық?
Күтілген нәтиже:
Білуі керек: пішіндерді ажырата білуді.

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы
«Аяла» балабақшасының тәрбиешісі Қалабаева Н. Ұ.
5 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Құстың ұясы
Құстың ұясы
Балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту. Балалардың ойлау қабілетін дамыту арқылы құстың ұясын құрастыра білуге үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×