Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы көңіл-күй - жан азығы

25 сәуір 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Педагог мамандар мен жас мамандардың көңіл - күйін көтеру, қарым - қатынас дағдылар мен жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру, топтасып жұмыс істеу, ауызбіршіліктерін нығайту.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті карандаш, ақ парақ, шарлар, сазды әуен.
Әдіс - тәсілдер: Тест, жаттығулар.
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер. Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Жақсы көңіл күй - жан азығы» деп аталады. Біздер көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. Бүгінгі тренингте бір сәт өзіміздің жан дүниемізге үңіліп, бір демалып қайтамыз деген ой бар.

«Қоян» жаттығуы.
Менің қолымда аппақ қоянның көжегі бар деп елестетіңіздер. Мен жақсы көремін. Сипаймын, искеймін. Қазір сендер шеңбер бойымен осы көжекті еркелете отырып бір - бірімізге береміз. Көжек айнала жүргізушінің қолына келеді. Жүргізуші көжекті енді өз орманына жіберейік деп көжекті қоя береді. Бара ғой, бара ғой менің аппақ болған көжегім. Үлпілдеп тұрған менің ақ көжегім.
Нұсқау: Енді көжекті қалай еркелетсе, көжекті берген адамын да дал солай еркелетуі керек. Тапсырма орындалады. Тапсырманы орындап болсақ екінші жаттығуымызға көшейік.

«Бет адамның айнасы» жаттығуы
Тренингке қатысушыларға кішкене шарлар таратылады. Таратылған шарларда адамның көңіл - күйлерінің түрлері жазылып тұр. Жазылған көңіл - күйді оқып, соны мимикамен салып берулеріңіз керек. Берілген тапсырманы үш рет орындау керек. Іске сәт.
Селқостық; Жанжал; Қуану; Қатты ашулану; Мұңаю; Ұялу; Өзін - өзі нашар сезіну, Қатты қуану; Сын көзбен сенімсіздік таныту; Таң қалу; Қорқу; Шаттану.

«Ормандағы нөсер» жаттығуы.
Қанекей барлығымыз тығыз шеңбер бойына тұрамыз. Өздеріңізді орманда қалып қойдық деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн шуағын шашып тұр, өте ыстық қапырық. Кенет жеңіл самал жел тұрды. Алдарыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызды тигізіңіз де, жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел үдей түсті - арқаға түскен қысымды күшейтеміз. Дауыл басталды арқаға қолды шеңбер бойымен дөңгелете жүргіземіз. Сосын ұсақ жауын басталды - жеңіл соққылар. Кенеттен нөсер басталды - саусақтармен жоғары - төмен қозғалыстар жасау. Найзағай жарқылдады - барлық саусақпен қатты соққылар жасаймыз. Тағыда нөсер, дауыл, қатты жел. Нөсер біртіндеп басыла бастайды. Табиғат толық тынышталды. Қайтадан жарқырап күн шықты.

«Кактус» тесті
Мақсаты: бойдағы ашу - ыза, агрессияны анықтау.
Нұсқау: Алдарыңыздағы ақ параққа кактустың суретін салу тапсырылады.
Тапсырма орындалады.
Нәтижесі:
Тікенек болса - Жиі ашуланады.
Кактуста гүл көп болса - нәзіктіктің белгісі.
Тікенек сыртында болса - тез ашуланады және тез басылады.
Тікенек тек ішіне салынса - Ашуы ішінде болады.
Сурет жағымды көркем салынса - таза ұқыптылықтың белгісі
Кактуста тікенек зик - зак етіп салынса - онда күйгелек шыдамсыз болып келеді
Кактусты үлкен етіп салса - отбасын жақсы көреді.
Ыдыссыз салса - жалғыздықты ұнатады.
Осы тренингті өткізу барысында бір - бірімізге деген сыйластығымызды, ықыласымызды нығайта түстік деп ойлаймын. Жас мамандар ұстаздық қарым - қатынас шегін шыңдап, өзімізді жазбаша бір қырымыздан тани білдік. Сіздерге көп - көп рахмет. Қатысқандарыңызға алғысымды білдіремін.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутино ауылының
"Ақбота" балабақшасының психологы
Тогаева Акелик Утелгеновна
2 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тренинг «Мен ғажайыппын»
Тренинг «Мен ғажайыппын»
Оқушыларды қиын жағдайдан шыға білуге үйрету, Оқушылардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тренингтер жинағы
Тренингтер жинағы
мұғалімдердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату.
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру
Мақсаты: 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; Айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету. Алдында, үстінде, астында, артында түсініктерін бекіту.
Жақсы көңіл-күй – жан шуағы
Жақсы көңіл-күй – жан шуағы
Ұжымдағы қызметкерлердің көңіл - күйлерін көтеру, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне құрметпен қарауға, жаңашылдық пен ізденімпаздыққа баулу.
«Мен ғажайыппын»
«Мен ғажайыппын»
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы психологиялық ахуалды нығайту. Ситуациядан шыға білуге және өзін - өзі әрдайым көтеріңкі көңіл - күйде ұстауға баулу. Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Жақсы көңіл - күй жан азығы
Жақсы көңіл - күй жан азығы
ШҚО, Кокпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектеп педагог – психолог Кезенбаева Алмагуль Кайрдиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×