Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы көңіл-күй – жан шуағы

27 сәуір 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жақсы көңіл-күй – жан шуағы
Мақсаты: Ұжымдағы қызметкерлердің көңіл - күйлерін көтеру, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өздеріне құрметпен қарауға, жаңашылдық пен ізденімпаздыққа баулу.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті карандаш, ақ парақ,, сазды әуен, жүрекше.
Әдіс - тәсілдер: Тест, жаттығулар.
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме сүйіктіде, сүйкімді ұжымдастарым. Сіздермен бірге бүгін тренинг өткізгелі тұрмын. Тренингіміздің тақырыбы «Жақсы көңіл күй - жан шуағы» деп аталады. Біздер көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандармыз. Өзіміздің жан дүниемізге үңіліп, бір демалатын болармыз. Олай болса тренинг сіздерге ұнайды деген ой бар.

1. «Сыйлық» жаттығуы.
Бүгін бәріміздің туған күніміз деп ойлайықшы. Туған күнге арнап бір бірімізге жақсы тілегімізді айтып, бір - бірімізге мына әдемі жүректі, жақсы ілтипатпен, бар мейірімізбен сыйға тартайықшы.
Нұсқау: Бүгінгі сіздің туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сізге денсаулық тілеймін. Әдемі жүректі сізге тарту етемін.

2. «Өз әңгімеңді ойлап тап» жаттығуы
Тренингке қатысушылар екі топқа бөлінеді. Сіздерге әр түрлі 20 сөз беріледі. Сол сөздерді байланыстырып, бір әңгіме құрастыруларыңыз керек. Сол әңгімелеріңізді оқып, қорғап шығасыздар. Іске сәт.
Сөздер:
Ана; Гүл; Орындық; Бала/қыз/; Балмұздақ; Жапырақ; Самал жел; Кітап; Ата; Ағаш; Газет; Көлеңке; Саябақ; Маңдай; Көбелек; Шелек; Құмалаңқайы; Доп; Қалақша; Үй.
Тәрбиеші; Бала/ер/; Киім; Орындық; Ілгек; Ана; Көмекші тәрбиеші; Конфет; Серуен; Сабақ; Түрлі - түсті карандаш; Шкаф; Үй; Киім; Телефон; Шарф;

3. «Алманы жұлып ал» жаттығуы.
Тренинг жүргізуші қатысушылардан бір - бірінен алшақтау тұруын сұрайды да: «Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте биікте өсіп тұр, оң қолымызды барынша көтеріп бір - біріміздің артымызға тұрамыз да, ішке терең тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйлап шығарып, алмаларды себетке саламыз.
Сол жақта тағы да өте үлкен алма тұр. Сол алманы тағы да жұлып аламыз. Терең тыныс алып, екінші алманы сол қолымызбен жұламыз да тынысты сыртқа шығарып, алманы себетке саламыз.

4. «Жасырын хат». жаттығуы
Ерте - ерте - ертеде... әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір - біріне хат жазған екен. Қалайша?
Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ойларыңызды жеткізесіздер. Сіздер алдымен 4 топқа бөлініңіздер. Сіздерге бір сөйлемдер беріледі. Берілген тапсырманы суретін салып, қағазға түсірулеріңіз керек.
1. Бүгін маған сағат алтыда телефон соғыңыздаршы;
2. Бүгін жұмыстан кейін мәдениет үйіне концерт көруге барайық;
3. Жексенбі күні сағат үште менің туған күніме келіңіздер;
4. Ертең балаларды саябаққа қыдыртуға апарайықшы..
Іске сәт.

5. Тест. «Басқаларға әсер ете аласыз ба?»
6. «Тілек» жазу жаттығуы.
Түрлі - түсті қағаздан адам мүсінін қолмен қиып жасау. Адам мүсінін қиып болған соң, қағазға бүгінгі тренингтен алған әсерлерін, көңіл - күйлерін, тілектерін жазу. Сонан соң тақтаға магнитпен жабыстыру.
Бәріміз осылай тату болайық. Бір - бірімізді әрқашан сыйлап, құрметтеп жүрейік.
Құрметті педагог - тәрбиешілер, әріптестер! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шуағын шаша берсін дегім келеді.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы,
"Ақбота" балабақшасының психологы
Тогаева Акелик Утелгеновна
9 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздарға арналған тренинг. Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті
Ұстаздарға арналған тренинг. Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті
Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым - қатынас орната білу.
Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг)
Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг)
Педагогтар арсында сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру, жағымды қарым - қатынас орнату, көңіл - күйлерін көтеру, бір - біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін сыйлауға жағдай жасау.
Жақсы көңіл-күй - жан азығы
Жақсы көңіл-күй - жан азығы
Педагог мамандар мен жас мамандардың көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынас дағдылар мен жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру, топтасып жұмыс істеу, ауызбіршіліктерін нығайту.
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілерге арналған психологиялық жаттығулар
Тәрбиешілердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымдық сыйластық қарым – қатынас орнату.
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×