Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді аққала

20 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Көңілді аққала
Мақсаты: Аққала туралы түсінік беру
Білімділік: Аққала суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу қажеттілігін үйрету.
Дамытушылық: Губка арқылы жуан, жіңішке дөңгелекті басу әдісімен салуға жаттықтыру байқампаздығын дамыту;
Тәрбиелілік: Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Аққала суреттері слайд интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Пилингвальді компонент: қар - снег, аққала - снеговик.

Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері: (айтып, экран арқылы көрсету)
Аула сырты баққа да,
Тұрғызамыз аққала!
Аққаланы айналып
Ойнаймыз біз шаттана
Аққала, аққала
Сені жасап мақтана,
Қорғауменен жүреміз
Бұздырмастан басқаға

Ғажайып сәт
Ертегілер елінен скайп арқылы видео хабар келеді.
- Ой балалар біздерге ертегілер елінен Айя мен Али ден скайп арқылы видео хабар келіпті, қане қарайық қандай хабар екен? (ролик проектор арқылы қосу)
Тәрбиеші: Балалар ертегілер еліндегі Али мен Айя өздерінің аққаланы жасап үйренгенің сендермен бөлісіп осындай керемет видео хабар жіберіпті. Қандай керемет иә балалар!
Балалар мен де бүгінгі біздің оқу қызметімізде аққала туралы сөз қозғағым келген. Бүгінгі оқу қызметіміз сурет салу.
Тақырыбы: «Көңілді аққала»
- Балалар, жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Төрт мезгілге
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Дұрыс айтасыңдар.
Балалар қане үш тілде айтайықшы.

Пилингвалды компонент: Қыс - зима - winter, қар - снег - snow,
аққала - снеговик - snowman
Тәрбиеші: Балалар зал іші салқындап кеткен тәрізді, тақылдап біреу келе жатырған сияқты. Бізге қонаққа кім келді?
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар, (балалар амандасады) мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен қысты жақсы көремін. Қыста қар жауады. Қар ұшқындап жапалақтап, борандатып жауады. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, шешуге дайынсыңдар ма?
Қыста ғана боламын.
Көздерім қара көмірден.
Мұрным менің сәбізден.
Суықпын, аппақпын
Мен не екенмін?
Балалар: Жауабы аққала,
Аққала: Мені неге осылай атайды? – деп мұңайып қалады.
Балалар: Себебі сізді қардан жасайды.
Аққала: Мен неше дөңгелектен тұрамын?
Балалар: Үш дөңгелек үлкен, орташа, кішкентай.
Аққала: Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Д. о: «Аққала құрастыру» (компьютер арқ.)
Менде мынадай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық.
Шарты: аққала бөліктерін рет - ретімен жинап құрастыру.
Балалар: Домаланып ақ қарды,
Ұлпа қарлар, жасаймыз
Үлкен, кіші, орташа,
Дөңгелектеп құраймыз
Мұрнын жасап сәбізден,
Бас киімін - шелектен.
Көңілденіп, секіріп,
Аққаланы жасаймыз

Балалар сендер тақпақ білесіңдер ме? (Иә, әрине)

Ерболсын
Аққаламыз жүрмейді,
Ойнап бізбен күлмейді.
Қалжыңдап қар атса да,
Сөз қайтару білмейді.

Айым
Аппақ күміс бар әлем,
Зымыраймыз шанамен
Тоғайлар тон киеді,
Аяз беттен, сүйеді.
Жиналып ап бар бала,
Тұрғызамыз аққала.

Каусарім
Әппақ, әппақ, жапалақтап
Қар жауып тұр далада.
Әппақ дала, барлық бала,
Қуанып жүр далада

Абдурахман
Көкті бұлт тұмшалап
Жер ақ тонан киеді
Шұнақ, аяз шымшылап,
Аяз бетінен сүйеді.
Аққала: Ендеше балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын жауап беруге дайынсындар ма? (слайд арқылы)
Тәрбиеші: Аққала - ау! сен жаңылтпашты жатқа айтқызып көр балаларымыз ақылды айтып береді оны да! (слайд арқылы)
Аққала: Балалар жарайсыңдар, енді мен сендермен бір сергіп жаттығу жасағым келіп тұр.
Сергіту сәті (экран арқылы көрсету)
Тәрбиеші: Балалар біздің Аққала көңілсіз тәрізді!
Аққала: Сендерге жақсы, көңілді, бәрің бірге жүресіңдер. Мені балалар жалғыз қалдырып, үйлеріне кетіп қалады, - деп өзінің ертегілер әлемін көрсетеді. Содан менім көңілім құлазиды. Мына суретте де мен жалғызбын. Сендер көмектеседі деп келдім.
Тәрбиеші: Аққала біз балалармен саған көмектесейік, көп дос тауып беріп көңіліңді көтерейік. Балалар енді осы аққаланың суретін көңілді етіп салайық. Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түс керек. Аққала үш бөліктен тұратынын, бірінен - бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр қарлардан болатынын көрсетеді. Аққаланың бейнесі анық көрінуі үшін басына шелек суретін салуды, мұрны сәбізден бола алатынын ескертемін. Қарды көгілдір түспен бояуға болады. Балалар аққаланың суреттерін салады.
Аққала: Балалар сендерге үлкен рахмет! Маған енді қорқынышты емес менің енді достарым көп. Мен енді көңілді аққаламын. Балалар сендерге сыйлығым бар қабыл алыңдар, деп қарлардан сиқыр жасап тәтті рафаэллоны тәрбиешіге береді.
Маған тез далаға шығу керек, әйтпесе мен еріп кетуім мүмкін. Сау болыңдар балалар! Балалар рахмет айтып аққаламен қоштасады.

Қорытындылау:
- Балалар, бізге скайп арқылы кім хабарласты?
- балалар қонаққа кім келді?
- аққала неше бөліктен тұрады?
- аққаланың түсі қандай?

№30 «Гүлдер» бөбекжайы
Тәрбиеші: Галиева Аида Азаматқызы
15 871
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Аққала жапсырайық!
Аққала жапсырайық!
Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету. Қыс туралы әңгімелеп беру. Ауыз екі сөйлеуін дамыту. Бүктелген шаршыдан қиылған әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққаланың, үшбұрыштардан шыршаның бейнесін құрастыру.
Аққала
Аққала
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасы Байтелеуова Индира Сисеновна
Ақ ұлпа қар
Ақ ұлпа қар
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Аққала жапсыру
Аққала жапсыру
№8 жалпы орта білім беретін мектеп Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Сарина Кенжегүл Жақыпбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×