Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қыс ғажайыптары» «Қар қандай болады?»

21 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қайырлы кеш құрметті қонақтар және ата - аналар!
Біз сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
Ортаңғы топқа арналған ойын сабақтың үлгісі.
Тақырыбы: «Қыс ғажайыптары» «Қар қандай болады?»
Мақсаты: 1. Эмоцианалдық, шығармашылық орнату.
2. Қолдардың ұсақ қимылдарын, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Ата - аналар мен балалардың келешектеде тығыз байланыста болуын және қолдау болуына тәрбиелеу.
4. Қарға эксперимент жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, әдептілікке, шеберлікке, татулыққа.
Көрнекі құралдар: түрлі – түсті қағаздар, қайшылар, аққала, желім, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын ұжымдық жұмыс.
Білім беру салалалары:«Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық» «Денсаулық»

Сабақтың барысы; Қайырлы кеш ата - аналар!
Сіздерді ойын сабаққа келгендеріңізге өте қуаныштымын.
Бүгін ойын сабақта кездескен тапсырмаларға нақты жауап беру және ұйымшылдықпен, көтеріңкі - көңілмен шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Ата - аналар бір сәт өздеріңді баларыңызды орнында елестетіңіздер.
Көздеріңізді жұмып, «Бұрыламыз, айналамыз, балалалық сәті еске алып, балық шаққа ораламыз»- бала боламыз.
Бәрі сөздерді қимылдармен қайталайды.
Тәрбиеші: Оңға, солға бұрыламыз.
Шыр айналамыз.
Жоғары, төмен қараймыз.

Тәрбиеші: Балалар ойын сабақты бастамас бұрын.
Қолдан жасалған қардың үлгісі бар соны бір - бірімізге кезекпен беріп, отырып, атарымызды айтамыз. Мысалы: Аружан, Мирас, Әділет, Инжу, Алдияр т. б.
Қазір сендер мен айтқан дене мүшелерімен амандасасыңдар.
Мұрындарын түйістіріп, қолдарымен алысады, тізелерімен түйістіреді маңдайларын түйістіреді солай жалғаса береді
Ал енді амандасамыз.
Жылулық шеңбері.
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Балалар қызықты саяхат сабағына барамыз.
Өлең жолдарын оқу.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,

Бет домбығып.
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады. Айтыңдаршы бұл қай кезде болады?.
Қазір қандай мезгіл? Қыстың ерекшеліктерін атаңдар? Қыс мезгілінің суреттерін көрсету.- Ноутбукпен. – Әңгімелеп беру.- Ауызша балаларымен ата - аналар кезектесіп жауап береді.
Балалар: Қыс мезгілі. Қыста суық болады. Қар жауады. Айналамыз аппақ болады. Жылы киінеміз. Сырғанақ тебеміз. Шана тебеміз. Қар атысып ойнаймыз. Боран, аяз болады.
Балалар орманға барамыз. - Суреттерді көрсету. Ноутбукпен слайд арқылы.
Поездің суретімен, дауысын қосу.
Поезбен барайықшы. Поезда өлең айтып барайық жол ұзақ қой балалар.- Ән күй. «Қыс мезгілінің қызығы»- өлеңін айту.
Сұрақ - жауап. Ата - аналар сіздер қалай ойлайсыңдар өз ойларыңмен бөлісеңіздер.
Орманда шулауға бола ма? Жалғыз жүруге бола ма?
Орманда от жағуға бола ма? Ағаштарды сындыруға бола ма? Құстарға тас лақтыруға? Қоқыс тастауға бола ма?
Жұмбақ жасыру.
1. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады?- Аю.
2. Өзі бір қу, жүрген жері шу.- Түлкі
3. Қанжардай тісі бар, суық үрейлі түсі бар.- Қасқыр.
4. Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал, оның баласын «көжек» дейді.- Қоян.

Орманда нелер тіршілік етеді?
1. Балалар жауаптарын айтады: Аңдар: Аю, қасқыр, түлкі, қоян, тиін, Құстар т. б.
Дидактикалық ойын: «Аңдардың азығы».- Карточкамен жұмыс.
Мақсаты: Аңдардың азығын дұрыс көсету.
Тәрбиеші: Балалар мынау кімнің үйі екен? Есігін қағып білгілерің келе ме? Есікті қағады. Қоян: Бұл кім? Біздер балабақшаның балаларымыз. Есікті қоян ашады.
Жолай қоянның үйін кездестіреді. Тәрбиеші: қоян сәлеметсің бе!
Қалың қалай? Қыста тоңған жоқсың ба? Қоян: Тонымның арқасында тоңғаным жоқ. Тәрбиеші: Балалар қоянға арнап тақпақ айтып берейік.

Қоян туралы тақпақтар айтады.
«Қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян естіп қалып, сыбдырды.
Ойлы, қырлы жерлермен ытқып, ытқып, секірді.
Қарап еді артына, келе жатқан, томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.- Өлеңді қимылмен көрсетеді.

«Қыс ғажайыптары» «Қар қандай болады?» жүктеу
3 623
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баланың балабақшаға бейімделуі
Баланың балабақшаға бейімделуі
Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру; ата - ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Қыс ғажайыптары
Қыс ғажайыптары
Қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын артыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балаларды табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілдер мен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға
Армысың, қар ұшқыны!
Армысың, қар ұшқыны!
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы ақыл - ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×