Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның жер байлығы

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қарағанды қаласының
№ 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы
Сакенова Калкен Сериковна

Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған орта, Экология»
Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап және ойын
Көрнекі –құралдар: Қазақстанның картасы, рәміздері,қалалардың суреттері,
Көмір, күріш, бидай, тары, ұн, қант –жер байлықтарын өзін көрсету, мұнай мұнарасы суреті.

Сөздік жұмыс: Кең байтақ, құнарлы, мұнара, көмір, қалалар аттарына тоқталу.
Ұ.о. іс-әрекетін «жақсы» деген ширату ойынымен бастайық.
- Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Достарыңмен жүрген жақсы ма? (бір адым адымдайды)
- Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы
- Қазақстандық болған жақсы ма? ( бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы

Тәрбиеші: Қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал, Қазақстандық деп кімді айтуға болады? Бұл біз, мына отырған сендерсіңдер. Себебі біз
- Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Тәуелсіз, егеменді ел.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? (елтаңба, әнұран, туымыз)
- Кең байтақ Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
- Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар? (Қарағанды қаласында)
- Сендердің ата –әжелерің қай қалада тұрады?
«Қала аттары» деген ойын ойнаймыз. Мен допты бір балаға лақтырамын, ол бала Қазақстанның бір қаласын айтады.
Бүгін біз балалар Қазақстанның жерінен өндірілетін байлық түрлерімен танысамыз. Осы байлық қазыналарымыздың қай қаладан шығатынын білу үшін, мына «Қазақстан картасына» назар аударайық.

Картамен жұмыс: Мынау балалар, қазақстанның картасы деп аталады. Мұнда көптеген қалалар көрсетілген. Қазақстан жері әсем, әдемі, жер көлемі үлкен, халықтары өте тату тұрады. Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік. – Біздің тұрып жатқан қала қалай аталады? (картадан көрсетіп тұру)
- Қарағандыда не өндіреді? (көмір) (буклеттен Қарағандыны көрсету)
- Көмірді не үшін қолданады? (үйді жылыту үшін)
- Оның қандай қасиеті бар? Жанама, жанбай ма?(жанады)
- Көмірдің түсі қандай? (қара, жылтыр)
Қызылорда қаласы туралы айтылады. Күріш сулы жерде өседі. (Буклеттен суреті көрсетіледі) Нағыз күріш көрсетіледі. Күріштің пішіні қандай? (сопақша) Күріштен тамақ жасайды.
Қостанайда бидай өсіріледі. Бидайдан не жасайды?Бидай пішіні қандай? (дөңгелек) Буклеттен көрсету.

Атырауда мұнай өндіреді. Мұнай түрі қара болады. Одан парафин, свеча-шамшырақ, жарық сөнгенде пайдаланамыз, торт безендіру үшін қолданатын свечаларда қолданады.Осылардың бәрін мұнайдан алынады. Буклеттен мұнай өндіретін мұнара суреті көрсетіледі.
Шымкентте мақта өндіреді, картадан көрсетіледі. Нағыз мақтаны көрсетіп, түрі сұралады. Мақтадан не жасайды? (көрпе, жастық т.б)

- Осы Қазақстанның картасына қарап отырып, үлкен мемлекет екенін білдік. Көрдіңдер ме, балалар әр қаланың өз жерінен шығатын байлығы бар екен.
«Табиғатпен сырласу» атты сергіту сәтін жасаймыз. Орнымыздан тұрып, көз алдымызға туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетеміз. Алдымызда мөп –мөлдір ағып жатқан сулар, гүлер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ, алдымыздан «Бұлақ» кездесті. Сол бұлақтан су ішеміз.Ол үшін алға иілу, аламыз, ішеміз, рахат-ай!
«Алма ағашы» кездесті. Сол ағаштан алманы алып жейміз. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі, алу, қырт етіп тістеу, тәттісін –ай!

«Раушан» гүліне кездестік. Алға иілу, аламыз, иіскейміз, қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз. - Балалар көрдіңдер ме? Осыдан мынадай қорытындыға келдік. Бұлақ –денсаулық, Алма –рухани байлық, Гүл –бақыт құсын сыйлайды –деп ойынымызды аяқтаймыз.
Балаларға сұрақ –жауап: Кім қане, қай қалаға, ата –әжесіне немесе туған –туыстарыңа бардыңдар? Онда не көрдіңдер, қайда бардыңдар, табиғаты қандай екен? Бір бала шығып, өзінің қай қалаға барғанын картадан көрсетеді, сол қала туралы әңгімелеп береді. Сол қалаға белгі қояды –жұлдызша немесе жалау. 2 -3 баладан сұралады.

- Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Соның жауабын тапсаңдар, Қарағандының байлығын табасыңдар.
Баласымын даланың
Туғаннан датсыз қарамын
Қыс келсе үйді жылытып
Пештен –пешке жанамын. Ол не? (көмір)
- Жұмбақтың шешуін тапқан бала, көмір суретін алып картаға қаланың тұсына қояды. Алтын, сары тоны бар
Қауызында дәні бар (бидай) - Қостанайдың тұсына қояды.
Күнді сүйемін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп мол өнім
Ала жаздай су іштім (күріш) –Қызылорда тұсына қояды.
- Жұмбақты жақсы шештіңдер. Біз сабақтың басынан бастап Қазақстанның қалалары , қазба байлықтары, картасы туралы айтып жатырмыз. Енді қазір біз, ұжымдық жұмыс қазақстанның картасын түрлі –түсті қағаздан құрастырамыз. Балалар үш топқа, үш үстелге бөлінеді. Үстел үстінде түрлі –түсті қағаздан қалалар суреті қиылған. Балалар қазақстанның картасына қарап отырып, ватман қағазға жапсырады. Тәрбиеші түсіндіріп тұрады: Ортасына Қарағанды қаласын жапсырамыз, Қарағандының үстіне Астана қаласы, картаның оң жақ, жоғарғы жағына Павлодар қаласын, Павлодардың астына Алматы қаласы, сол жақ төменгі жағына атырау қаласын жапсырамыз деп математикамен байланыстыру. Болған топтың балалары картаны көтеріп көрсетеді. Қандай қалаларды құрастырғанын айтады.

Қорытынды: Балалар, сендер көп нәрсе үйрендіңдер.Қазақстанның жер байлығымен таныс болдыңдар. Мұның бәрін біз қайдан аламыз? (жерден аламыз) Сондықтан жерді қорғап, аялай білуіміз керек.
44 445
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Қазақстан жер байлығы
Қазақстан жер байлығы
Еліміздің жер байлықтарымен таныстыру. Елімізде өндірілетін қазба байлықтар жайлы түсінік беру. Балалардың өз отанын, туған жерін сүюге және туған жер табиғатына қамқорлықпен қарауға, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Қазақстанның жеті кереметі!
Қазақстанның жеті кереметі!
Математикалық ұғымдар туралы түсініктерін дамыту, балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының қалалары туралы мәлімет беру. Туған жеріне еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Менің отаным - Қазақстан!
Менің отаным - Қазақстан!
Тақырыбы: Менің отаным - Қазақстан!
Егеменді Қазақстан
Егеменді Қазақстан
Темір ауданы«Алақай»балабақша «Алақай» балабақша тәрбиешісі Қуаншалина А. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×