Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саяжайға саяхат

12 наурыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Дене шынықтыру сабағы жаңа технологияны пайдалану үлгісі

Ұйымдастырылатын оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру: «Денсаулық»
Бөлімдері: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: Саяжайға саяхат
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға түрлі жаттығу жасату арқылы сергіту, жаңа технологияны қолдана отырып, сабаққа деген ынта - жігерін, қызығушылығын ояту;
Тәрбиелік: атадан мұра болып қалған табиғатымызды таза ұстауға тәрбиелеу, сана - сезімін арттыру;
Дамытушылық: Кедергілерден өту арқылы өзіне деген сенімін арттыру, зейінмен ықыласын жандандыру,
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, экология, өзін - өзі тану, қоршаған ортамен таныстыру.
Қолданылатын материалдар: түрлі - түсті лента, қағаздар, жеміс - жидек суреті, интерактивті тақта.
Қолданылған әдіс: Деңгейлеп саралап оқыту

Мотивациялық оятушылық
Жылулық шеңбер
Салем ардақты аспан
Салем қасиетті жер ана
Мен - сүйкімді балаң.
Маған сүйсіне қара.

Ұйымдастыру
ізденушілік Балалар саяжай дегеніміз - қала маңында орналасқан, бау - бақша өсіріп, дем алатын жер.
Біз бүгін сол саяжайға барар жолда кездесетін кедергілерден өтуді үйренеміз.
Ал, ендеше бәріміз бір - бірімізге тіркеліп, пойыз құрайық. Пуп - чик - чик, пуп - чик - чик бір - біріміздің бәріміз белімізден ұстап саяхатқа шығамыз. Ал қанеки достарым барлықтарың түзу тұрайық, сапты бұзбайық.
Пойыздың үлкен терезесіннен көрінген түрлі аң - құстардың іс – қимылын қайталап денемізді шынықтырып алайық. (интерақтивті тақтаға сергіту сәттерінен қайталаймыз)
Балалар біз пойыздан түстік. Енді саяжайға барар жолда кездесетін түрлі кедергілерден өтеміз
1. Кедергі:
Ұзын - ұзын шөптер, жолды бөгеп тұр екен,
Қолдан қайшы жасаймыз, шөпты қиып тастаймыз.
(баланы мадақтау)
2. Кедергі:
Өзен ағып жатыр,
Одан өтер көпір жоқ,
Тастан көпір жасайық,
Денемізді көтеріп,
Секіріп аяқ басайық.

3. Кедергі.
Табиғатты ластапты,
Түрлі қағаз тастапты,
Қағаздарды аламыз
Таза болсын ауламыз. Қағаздардың түсін атап, себетке тастау.

Қол маторикасын дамыту
Арам шөпті жұламыз,
Бақшаға су құямыз,
Біз көңілді баламаз
Айтқан сөзді ұғамыз.

Қорғалжын ауданы,
Амангелді орта мектебі
«Ақ тиін» шағын орталығы
Дайындаған: Серикова Назира Қайырбайқызы

Саяжайға саяхат. жүктеу
2 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық
Денсаулық
Дене шынықтыру және денсаулық тақырыбын өрбіту үшін қажетті сөздерді айқындау;
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Балалардың бойында балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой - өрістерін кеңейте отырып бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Гандбол ойынының элементтерін меңгеру. Иық, қол бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Балаларының күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы
Спорт – денсаулық кепілі
Спорт – денсаулық кепілі
Балаларды адамның ең маңызды негізгі мүшесі – жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оның қызметі туралы мәлімет беру. Спорт, дене шынықтырудың маңызы туралы түсінік бере отырып, сабақ барысына қимыл қозғалысты енгізу.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×