Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қанатты достар, Әнші тоты құс

28 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Өтпелі тақырып: Қанатты достар Әнші тоты құс
Тобы: Ересек
Тақырыбы: Құстар біздің досымыз Әнші тоты (ертегі)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіну, өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайту, сөйлеуге дағдыландыру. Құстар жайлы білімін кеңейту. Ертек персанаждарын өз дәрежесінде ойнап беру. Әннің сөздерін жаттап, әуеніне қосылып орындау. Ойын, би қимылдарын қызыға орындау
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, слайд көрсету, түсіндіру, ойын ойнату.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Құстардың суреті, театрландырылған қойылым, слайд, құстар киімдері, ойынға қолданылатын аспаптар. Оркестрге қолданатын қасық
Сөздік жұмыс: Қарлығаш, тотықұс.
Билингвальді компонент: Бұлбұл - Соловей, Қарлығаш - Ласточка, тоты - папугай

Балалармен сәлемдесу
Сәлем, сәлем ұстазым
Сәлем сөздің атасы
Сәлем, сәлем достарым
Ақ ниетін айтатын.(Әндете орындайды)
Үнтаспадан құстардың дыбысы естіледі
Балалар бұл ненің дыбысы болды екен?
- Құстардың
Ия, құстардың дыбысы әртүрлі болады. Олар түрлеріне қарай әр түрлі сайрайды
. Құстардың да ата - аналары болады. Қауіп төнген кезде аналары шырылдап балапандарына ескертеді.
- Құстар туралы сендер не білесіңдер?
- Мен сендерге сұрақтар қойып көрейін, сендер мұқият тыңдап дұрыс жауап беруге тырысыңдар жарай ма?
- Жыртқыш құсты қалай атаймыз? (қыран)
- Қандай құс жемін түнде аулайды? (жапалақ)
- Қонақ шақыратын құсты қалай атаймыз?(сауысқан)
- Құстардың үйі не деп атаймыз (Ұя)
- Орман дәрігері(тоқылдақ)
- Қыстап қалатын құс (қарға)
- Жарайсыңдар, балалар.
- Өзіміз болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
- Құстар
- Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

- балалар ал сендер құстардың дыбыстарын дыбыстай аласыңдар ма?
- Иә
- Олай болса қанекей дыбыстайықшы
Дауыс жаттығуы (Құстар даусымен дыбыстау)
Осы кезде, есік қағылады. Есікті ашып қарайды ашса торда отырған тоты құсын ішке кіргізеді
- Балалар бұл құс бізге қонаққа келген сияқты және торына бір хат салып ала келген сияқты қанекей хатын оқып көрейікші
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендердің құстар туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім. Мен сендерге құстар әлемінен бір өзімнің басымнан кешкен оқиғам ертегі алып келдім.
- балалар біз тоты құс туралы ертегімізді қонағымызға өзіміз орындап берейікші ол қуанып қалсын
Олай болса кішкентай актерлерінің орындауында әнші тоты ертегін орындап берейік

Автор: Ертеде бір Тоты құстың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:
- Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неге алып құстардай ірі болмайсыңдар?- деп ата - анасының мазасын алады. Оны естіген ата құс:
- Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қарға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға,- деп өсиет айтады.
Ерке тоты ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді. Ерке тоты құстар әлемін ұзақ аралайды. Сөйтіп қарғаға кездеседі.
- Қарға: мен қарғамын, қарғамын көп қой менің арманым. Қарқ - қарқ, келе ғой тотыжан
- Тоты: өзі қап - қара, даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған
- Сауысқан: Кел тотыжан, Сауысқанмын саңқылдаған, қонақжаймын аңқылдаған.
- Тоты: Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.
- Торғай: келе ғой Тоты. Мен торғаймын, торғаймын. Ағаштарды қорғаймын.
- Тоты: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы
- Бүркіт: Мен бүркітпін, бүркітпін, құстың бәрін үркіттім, ха - ха - ха
- Тоты: қорқыныштысын - ай, үлкенін - ай
- Қарлығаш: Келе ғой Тоты. Қарылғашпын қалықтаған, Ұшудан ешбір жалықпаған.
- Тоты: Қандай әдемі құс еді, бірақ құйрығы неге айыр? ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі. Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн, жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап шалдығып өз ұясына оралады. Балапанын көріп қуанған атасы құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке тотының бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:
Туған жерім - қымбат мекен
Өскен ұям ыстық екен.
Тоты құстың әуеніне,
Ешбір әуен жетпейді екен,- деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке тотының сазды әуенін барлық құстар қызығып тыңдайды. Осы күннен бастап әнші тотының даңқы бүкіл әлемге жайылды. Жарайсыңдар балалар ертегілерің тоты құсқа ұнағаны сөзсіз
- Ал балалар қонағымызға өз өнерімізді көрсетейік ол бізді өз ертек әлеміне мақтап барсын
Балалар бүгінгі жаң үйренетін әніміз Қарлығаш туралы болмақ
Жаңа ән: Қарлығаш
Қарлығаш қарлығаш
Құйрығың сенің айыр
Тілейсің адамға
Жақсылықпенен қайыр
Қ - сы
Мейірімді құсым - ай
Қанат қағып ұшсын - ай
Мейірімді құсым - ай
Қанат қағып ұшсын - ай

Қарлығаш қарлығаш
Талмасыншы қанатың
Нұрлы күн сәуле шаш
Барлық бала қуансын
Қ - сы
Қарлығаш қарлығаш
Далам қандай тамаша
Көркіңе сен дағы
Қуанасың балаша

- Балалар сендер қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
- Домбыра, қобыз, жетіген сыбызғы
- тамаша балалар олай болса мен сендерге тамаша бір бой сергіту жаттығу ойлап таптым қанекей бәріміз бой сергітіп алайықшы
Сергіту жаттығуы: Аспап тарту массажы
- Бойымызды сергітіп алдық ал енді балалар өзіміздің күнделікті ас қасығымызбен ритм соғу арқылы оркестрде әсем ән орындап берейік біздің тоты құс қонағымызға
Оркестр: Хрустальный вальс
Ойын: Ойлан тап, көңілді аспаптар
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Ертегінің мазмұнын, әннің сөзін
Игерді: Құстар жайлы мағлұматты және суретпен жұмыс жасауды.
Меңгереді: Аспаптар даусын, ритм соғу және ойынның шарттарын

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
№11Балапан бөбекжай балабақшасы
Музыка жетекшісі: Шайзадаева Салтанат

Қанатты достар, Әнші тоты құс. жүктеу
6 983
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс – әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру; құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс - әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру;
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс – әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру; құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Бозторғай – дала  сәні
Бозторғай – дала сәні
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас ауылының М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаманбаева Алмагуль Балгабаевна
Құстар - қанатты достар
Құстар - қанатты достар
Тараз қаласы, А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы Құстар - қанатты достар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×