Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші

12 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Тақырыбы: «Үлкен және кіші»
Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Қажетті құрал жабдықтар көрнекіліктер: үлкен шаршы немесе шеңбері бар 3 тәрелке, 4 кіші тәрелке.

Мотивициялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн?
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.

Оқу қызметіне кіріспес бұрын тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Тікен – тікен, тік пісте
Қысы – жазы бір түсте.

Көк жиекте шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа, мақта пернелер.

Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Қолы да жоқ,
Шашы жоқ.
Сыңар аяқ көкеңнің
Ойлан тап, не екенін.

Ұйымдастыру – іздестіру
Балаларды қызықтыру мақсатында жұмбақ жасырып, назарын өзіне аударады. Осылайша жаңа тақырыппен таныстырып, түсіндіреді. Оқу қызметін өту барысында одан әрі тапсырмалар орындатады.

Дәптермен жұмыс
- Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?
- Бір – бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.
1 және 2 затты санауға байланысты тәрбиеші сұрақ қояды.
- Сол жақ карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй?
- Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?
- Қане тақияны санайықшы.
- Жарайсыңдар.
- Ал енді киіз үйді санайық, нешеу екен?
- Осылайша балаларды санауға және бір – бірінен ажырата білуге үйретеміз.
- Келесі тапсырма бойынша заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады. Балалардың өз беттерінше жұмыс жасауларын қадағалайды.

Сергіту сәті
Оңға қарай иілдік,
Солға қарай иілдік,
Бір отырып, бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.

Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы
«Сен сұлу» жеке балабақшасының тәрбиешісі
Сейділдаева Гүлзат

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші. жүктеу
30 487
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Құлыншақ ортаңғы тобының оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Құлыншақ ортаңғы тобының ----- оқу жылына арналған перспективалық жоспары
Қызықты лабиринт
Қызықты лабиринт
заттарды санымен сәйкестендіру; 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру; сандық және реттік санауды бір - бірінен ажырату; геометриялық пішіндерді айырмашылығын табу және ені, түсі, көлемін ажырата білу
Биік - аласа. Бір - көп
Биік - аласа. Бір - көп
Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Түрлі түсті шарлар
Түрлі түсті шарлар
Балаларды шарлардың түстерімен, пішіндерімен таныстыру. (сары, қызыл көк, жасыл) Сурет салу тәсілдерін үйрету. Берілген бейненің ішін бояуға үйрету. Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Үйрету карточкалары
Үйрету карточкалары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×