Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақ театры

16 сәуір 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ театры
Сабақтың мақсаты: Балаларға қуыршақ туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Білімділігі: Қуыршақ қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Қойылым кейіпкерлері: Шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі
Көрнекілігі: Слайд, ертегі кітаптары, қолға киілмелі қуыршақтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Шеңберге тұрып, шаттық шеңбер айтады.
Кәнеки, балалар шаттық шеңберінде тұрып, сиқырлы таяқшаны бір - бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық.
Балалар мен өзімнің тілегімді бірінші айтайын.
Мен бәріңе бақыт, шаттық тілеймін. Мен енді сиқырлы таяқшаны Медетке берейін. Медет айта ғой, сенің достарыңа қандай тілегің бар.
Балалар бір - біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады.
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін. (Медет)
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін. (Айдос)
Мен бәріңе Мейірім тілеймін. (Нұрәлі)
Мен бәріңе Шуақты күн тілеймін. ( Данияр)
Мен бәріңеШынайы достықты тілеймін. (Айбек)
Мен бәріңе Жақсылық тілеймін. (Жәнібек)
Мен бәріңе Көтеріңкі көңіл күй тілеймін. (Расул)
Мен бәріңе Ашық аспан тілеймін. (Руслан)
Мен бәріңе Көңілді ойын тілеймін. (Сыйлас)
Мен бәріңе Шат кулкі тілеймін. (Бекарыс)

Рахмет! Балалар біз бір - бірімізден жақсы сөздер мен тілектер естідік.
Осы тілектеріңнің барлығы орындалады. Өйткені сендер оның барлығын шын жүректен айттыңдар.
Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу.
Балалар сабағымызды мына экрандағы сөзжұмбақты шешуден бастайық.
Қане, балалар шешіп көрейік, бүгінгі қозғайтын тақырыбымыздағы негізгі тірек сөзіміз шығады.
1. Киелі құс (Аққу)
2. Қазақстан рәміздерінің бірі (Ту)
3. Үй құсы (Тауық)
4. Иіс сезу мүшесі (Мұрын)
5. Қысы, жазы бір түсті ағаш( Шырша)
6. Қыс көркі (Қар)
7. Қағазды, матаны немен қиямыз (Қайшы)
Қуыршақтың шығу тарихы: Балалар сөйлейді.
Жәнібек: 1938 жылы театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді.
Данияр: Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Соның ішінде ең көп тараған түрі қуыршақ театры.
Айдос: Қазақжеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеде келе жатқан «Ортеке ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай Ортеке ойыны көрсетілген.
Тәрбиеші: Ортеке – қазақтың көне қуыршақ театры. ЭКСПО - халықаралық көрмесіне арнап салынғанЭтноауыл мәдени қалашығында Жамбыл облысының шеберлері көрме өткізді. Көрмеге ұмыт болып бара жатқан осы Ортеке ойыны қонақтардың назарына ұсынылды. Ортеке ойынын тек домбырамен ғана емес, ішекті аспаптардың барлығында ойнатуға болады. Үстел үстіне орнатылған қуыршақ аяғы, мойыны, денесі қозғалмалы етіп жасалады да, жіңішке жіптер арқылы домбырашының саусақтарына байланады. Күй тартылғанда саусақтардың жоғары - төмен қозғалуына орай қуыршақтың дене мүшелері де қимылдап, күй ырғағына сай билеп жүргендей әсер етеді. Мынау Ортекенің балалар жаңа нұсқасы екен. Шыныпластиктен жасалған түрі.
Айбек: 2002 жылы Алматыда Қазақстан қуыршақ театрының бірінші фестивалі өтті. бір түрі. Қуыршақ түріне қимылына қарай бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы: мүшелері
Сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалатын)
Қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін және тағы басқа түрлері көп.
Осының ішінде біздікі қолға киіп ойын көрсететін киілмелі қуыршақтар.
Расул: 1935 жылы Алматы қаласында қуыршақ театры ұйымдастырылған.
Сыйлас: Театр – көрерменің тіпті түсінде көрмеген, не армандамаған ойларының орындалатын орны.
Бекарыс: Театр мен киноның айырмашылығы сіз театрда көресіз, ал кинода сізге көрсетеді.
Айбек: Жамбыл театрының кірпіші 1902 жылы қаланған. Алғашында театр Халық үйі деп аталған болатын.
Медет: Өз биігіне жеткен театр ешкімнің де, көмегін қажет етпейді.
Данияр: Театрда екі актёрлік қазақ және орыс топтары қызмет етеді.
Айдос: 2002 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Жамбыл атындағы драма театр ғимаратына 100 жыл толды.
Расул: Облыстық драма театры 2015 жылы 7 - сәуірде ашылды.
Тәрбиеші: Театр 600 жүз орындықты. Үлкен және кіші залдары бар. Қазақ және орыс топтары қызмет етеді. Осы Шығыс Қазақстан Облыстық драма театрында 2017 жылдың Наурыз айында өткен Жұлдызай фестивалінде Айдос өз өнерін көрсетіп, жүлделі орынға ие болып келді. Мына экранға назар аударсақ, мына сурет Айдостың осы театрда түскен суреті. Балалар сендерде осы театрда желтоқсан айында көрермен ретінде барып, Жастар театрының өнерін тамашалап қайытқансыңдар. Балалар осындай театрлардың қалыптасуына көрнекті театр қайраткерлерікөп еңбек сіңірді. Бұл театрда жылына көптеген пьесалар, қойылымдар көрсетіледі. Қуыршақ театры бізде Өскеменде жоқ. Қуыршақ бейнесіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Саусақ театры
2. Сым және жіп арқылы қозғалатын.( Қолмен қуыршақтарды басқарады. Мұнда қуыршақтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі)
3. Көлеңке арқылы көрсетілетін.( Баларан телеарнасынан білесіңдер)
4. Қолға киіп ойнайтын (Кигізілмелі)
Көрме:
Сыйлас: Бізде мұнда ертегі кітаптары мен қуыршақтар көрмесі ұйымдастырылған. Осы ертегі кітаптарынан киілмелі қуыршақтардың көмегімен ертегі кейіпкерлерін көрсетеміз. Қойылымдарды сахналаймыз.
Тәрбиеші: Осы ертегі кітаптарының ішіндегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынасыңдар. Балалар халықтың ұмытылған сөздерін осы ертегіден табамыз. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. Сонда бізге ертегінің берері өте көп екен. Ойлау қабілеттеріңді, сөйлеу тілдеріңді дамытады екен.
Сергіту сәті:
Ертегімізді бастамас бұрын, Айбек осы ертегіге байланысты біраз мағұлымат беріп кетсе.
Айбек: Ертегі халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Ертегі мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Жануарлар жайында
Қиял - ғажайып ертегілер
Шыншыл ертегілер
Біз бүгін осы ертегілердің ішінде жануарлар жайындағы Бауырсақ ертегісімен танысамыз.
Көрініс: «Бауырсақ ертегісі»
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты.
Бірде шал кемпіріне жалынып:
Кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.( Айбек)
Кемпір: Неден пісірейін ұн жоқ қой.( Нұрәлі)
Шал: Әй, Кемпір - ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой. Бауырсақ пісіретін ұн табылып қалар.
Автор: Кемпір солай істейді. Қойма түбін қырнап - қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып, бауырсақ пісіреді.( Сыйлас)
Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп, терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығыпты:(Жәнібек)
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеймін!- дейді.
Бауырсақ: Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін.
Менің атым Бауырсақ, бауырсақ!
Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам.
Ұстатпай кеттім Аттама, ұстатпай кеттім Әжеме.
Ұстатпаймын Қоян саған да.
Автор: Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.(Медет)
Бауырсақ: Қасқыр, сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.
Бауырсақ: Менің атым Бауырсақ, бауырсақ!
Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам.
Ұстатпай кеттім Аттама, ұстатпай кеттім Әжеме.
Ұстатпай кеттім қоянға,
Ұстатпаймын қасқыр саған да.
Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады: (Данияр)
Бауырсақ:- Сендей майтабанға мені жеу қайда.
Менің атым Бауырсақ, бауырсақ!
Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам.
Ұстатпай кеттім Аттама, ұстатпай кеттім Әжеме.
Қоян менен Қасқырға
Ұстатпаймын Аю саған да.
Сөйтіп Аюға да ұстатпай кетеді.
Бауырсақ домалағаннан домалап, келе жатса оған Түлкі жолығады.(Айдос)
Түлкі:- Бауырсақ, бауырсақ, қайда домалап барасың?- дейді ол.
Баурысақ:- Жолмен домалап барамын.
- Бауырсақ, бауырсақ маған өлең айтып берші!...
Менің атым Бауырсақ, бауырсақ!
Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам.
Ұстатпай кеттім Аттама, ұстатпай кеттім Әжеме.
Ұстатпай кеттім Қоянға
Ұстатпай кеттім Қасқыр менен Аюға
Ұстатпаймын саған мүлде
Түлкі: Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы,- дейді.
Бауырсақ: Менің атым Бауырсақ, бауырсақ!
Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам.
Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып, бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алып жеп қояды.
Қорытындылау:
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Балалардың жауабы: Иә
- Ертегінің мазмұны не жайында екен?
Балалар осы ертегіде жағымсыз және жағымды кейіпкерлерді айтайықшы.
Жағымсыз кейіпкер - Түлкі
Жағымды кейіпкерлер - Аю, Қасқыр, Қоян
Неліктен бұлар жағымды кейіпкерлер?
Балалар жауабы: Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.
Ал Түлкі болса, қу айлакер.
Балалар бауырсақ неден жасалады?( Ұнан).
Ұн неден алынады?( Бидайдан)
Ал, балалар Нан туралы мақал - мәтелдер, тыйым сөздер білесіңдер ме?
Балалар мақал - мәтел мен тыйым сөздер айтады.
Ас атасы - нан(Жәнібек)
Нан бар жерде, Ән бар(Руслан)
Дәнді шашпа, нанды баспа( Бекарыс)
Нанды шашпа
Аяғыңмен баспа
Жерде жатса, теріп алып
Торғайларға таста (Айбек)
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.( Сыйлас)
Нан - ардақты асыл ас
Аттамас одан кәрі жас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан. (Расул)
Нан – тамақтың атасы
Ынтымақ – көптің батасы. (Данияр)

Дастарханда наны жоқтың
Тамағының сәні жоқ. (Айдос)

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.( Нұрәлі)
Тәрбиеші: - Иә балалар, Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан – тіршілік тірегі. Нанды қастерлеуіміз керек. Нан бізге адал еңбекпен келетінін естен шығармауымыз керек. Нан қасиетті тағам – деп бекер айтылмаған. Наның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштық әкеледі.
Ән: Ертегілер
24 291
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Фигураларды әріппен белгілеу. Кесінділер салу
Фигураларды әріппен белгілеу. Кесінділер салу
Кесінділерді салу және олардың ұзындықтарын өлшеу бойынша біліктерін тиянақтау және дағдыларын қалыптастыру;
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың ауданы жайында түсінік қалыптастыру және оның мәнді белгілерін тағайындау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару, үш амалдан тұратын өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті, тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Қуыршақ театры жəне оған қолданылатын қажетті құралдарды қалай пайдалануын үйрету, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, диалогпен сөйлесе білуге дағдыландыру, адамгершілікке, достық қарым - қатынасты бағалай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
«Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры) Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің
Театр əлемінде
Театр əлемінде
Балаларға театр туралы түсінік беру, қуыршақ театрының түрлерімен таныстыру; балалардың өз ойын айта білуге үйрету, театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын, басқалардың пікірін тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру; - театр өнеріне құрметпен
Қысқы баспана
Қысқы баспана
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×