Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз ертеңгілігі

09 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Наурыз ертеңгілігі
Мерекеге орай әсем безендірілген залға «Наурыз» әуенімен ұлттық киім киген балалар кіреді, көрпеге келіп отырады.
Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Халқымыздың салт дәстүрімен таныстыру. Ұлттық мерекелерді құрметтеуге, әдет ғұрыпты сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Қиялын қызығушылық сезімдерін, тіл байлықтарын дамыту.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Жер ананың тоң кеудесі жібіп. Қасиетті Наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құр береке әкелсін!
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.
Көктем мерекесі келді!
Тыңдаңыздар, көріңіздер
Наурыз мерекесін бастаймыз.
Балалардың тақпақтары.

Айым
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз.
Ақмаржан
Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын жас гүліміз
Бақта бұлұл сайрасын
Наурыз тойы жырымен
Көңіл күндей жайнасын
Аида
Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың
Мирас
Қар еріді су ақты
Күндер келді шуақты
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты
Б: Аяулым
Көке бояп өңірді
Көктем келді көңілді
Бау бақшада орманда
Құстар әні төгілді
Ислам
Көктем көктем көктемде,
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
Ән: «Наурыз біздің жаңа жыл»
Залға әдемі әуенмен әже келеді шашу шашады, қолында кеседе Наурыз көже Ақ әже: Армысыңдар балапандарым! Ал Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаңдар да жодарын болсын қарақтарым..!
Мерекелерің құтты болсын, қонақтар!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақ әже. Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз,
мерекеңізбен сізді де құттықтаймыз. Ақ әже сіз құр қол келген жоқсыз ғой бізге не алып келдіңіз?
Ақ әже: Ия балаларым менің қолымда сендерге әкелген Наурыз көжем бар. Бұл көжені тек Наурыз мерекесіне жеті түрлі дәм салып дайындайды. Бұл көжеге жеті түрлі дәм салып дайындайды. Олар сүт, су, күріш, құрт. сүр ет, тұз. Міне бүгін мен сендерге арнап Наурыз көже дайындап алып келдім.
Дәмін татып көріңдер.
Жүргізуші: Ой, Ақ әже! көрпеге келіп отырыңыз, балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Өмірбек:
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді
Әміржен
Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.
Дина
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі дәм салды.
Жасмин
Көктем келді күркіреп
Жаңбыр жауды сіркіреп
Бәйшешектер дүркіреп
Шыға келді қыр түлеп

Атырау қаласы,
№9 «Әлия» балабақшасы
Бірінші санатты тәрбиеші
Шаймарданова Нәсіп Иманғалиқызы
Наурыз ертеңгілігі жүктеу
2 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×