Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары

04 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары (ортаңғы топ)
Мазмұны
I. Кіріспе.
1. 1 Мектепке дейінгі ұйымдарда сауықтыру іс - шараларының маңыздылығы.
1. 2 Сауықтыру іс шараларының мақсаттары мен міндеттері
II. Негізгі бөлім
2. 1 Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шараларының ұйымдастырылуы.
2. 2. Түскі ұйқыдан кейінгі жасалатын әр – түрлі жаттығулар.
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе:
Бүкіл халықтың, әсіресе балалардың денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты, соңғы онжылдықта мектепке дейінгі балалармен денсаулық сақтау жұмыстары ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі жағдайды өзгерту үшін жаңа сауықтыру әдістері қабылданып дамытуда.

Біздің талқылау нысанамыз ұйқыдан кейінгі сауықтыру жаттығуларының формасы. Қай іс - шара болмасын, балабақшаларда барлығы 13. 05. 2016ж. №292 қаулысымен бекітілген МЖМББС - на, МДҰ тәрбие мен білім беру бағдарламасына, «Денсаулық» 2016 - 2019 ж. Мемлекеттік бағдарламасы, Санэпид Талаптарға №217 17. 03. 2015ж. сәйкесжасалады. Дене тәрбиесінде қажетті жағдайлар: балалардың күтімі мен өсіуіне қолайлы мәдени – гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына және ауа райына жылы - жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану.

Жаңа стандарт негізінде мектеп жасына дейінгі баланы шынықтыру - сауықтыру шаралары «Денсаулық» білім беру саласында көрсетілген.«Денсаулық» білім беру саласының мақсаты: өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға берген басты құндылығы екенін түсіндіру, қозғалыс белсенділігін дамыту және физиологиялық қасиеттерін қалыптастыру.«Денсаулық» білім беру саласы: дене шынықтыру, қауіпсіз мінез - құлық негіздері, валеология бөлімдерінен тұрады. Осыған орай жылдық жоспарға балалардың салауатты өмір салтын сақтау және әр баланың ерекшелігіне қарай дене дамуын қалыптастыруға сауықтыру шаралары қаралған, олар: таза ауада дене шынықтыру, ертеңгілік жаттығулар, спорттық ойын - сауықтар, серуен, серуендегі қимылды ойындар, сергіту сәттері, ұйқыдан кейінгі гимнастика, массаж, жалаң аяқ жүру, су процедуралары. Денсаулықты жақсарту үшін баланы шыдамдылыққа, іскерлікке, психологиялық және физикалық үйлесімділікке бейімдеу қажет. Денсаулықты дұрыс қалыпта сақтау үшін қажетті негізгі мақсаттарға тоқталсақ; дені сау бала тәрбиелеу, дұрыс қарым - қатынас жасай білу «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ, дені сау, жан - жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.

Мақсаты: Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Жағымды эмоционалды көңіл - күй ортасын жасау. Бала кезінен бойына тазалықты, ұқыптылықты сіңіру. Жеке тұлға ретінде дұрыс қалыптасуына ықпал ету.
Міндеттері: Балабақшада балалардың денсаулығын нығайту, тыныс алу жаттығулары, нүктелі массаж, майтабандылықты болдырмау, омыртқаның дұрыс қатаюын қадағалау, балалардың денсаулығына пайдалы денені шынықтырудың түрі.

1. 1. Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі жасалатын сауықтыру шараларының ұйымдастырылуы.
Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, балаорганизмінің қызметін жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмысқабілетін арттыру дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады. Бұл міндеттердіңмаңыздылығы мынада: ағзаның тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметіжетілмеген, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балаларсыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері менбайланыс буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқаныңфизиологиялық қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. Барлық бұлшық еттоптарын, әсіресе, жиырмалы бұлшық еттерді қатайту, жүрек пен тамыр жүйесініңжетілуіне, оның әртүрлі және тез өзгеріп тұратын ауыртпалықтарға бейімделумүмкіндіктерін арттыру, тыныс алу мускулатурасын қатайту, тыныс алудыңтереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіру шеберлігіндамытуға мүмкіндік жасау, нерв жүйелері мен сезім органдарының дамуынакөмектесу қажет.

Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқтықасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Балабақшада қосымша бағдарламалар және инновациялық технологиялар қолданылады. Күнделікті баланың ақыл - ойын арттыру үшін танымдық мағлұматтар көп беріледі. Баланы тұлға ретінде қалыптастыруда оның дене дамуына көңіл аударуымыз қажет. Бала ағзасының дұрыс дамуы үшін - балабақшада сауықтыру мен профилактикалық міндеттер күнделікті күн тәртібінде жүйелі орындалуы тиіс. Денсаулықты жақсарту үшін баланы шыдамдылыққа, іскерлікке, психологиялық және физикалық үйлесімділікке бейімдеу қажет. Денсаулықты дұрыс қалыпта сақтау үшін қажетті негізгі мақсаттарға тоқталсақ; дені сау бала тәрбиелеу, дұрыс қарым - қатынас жасай білу, денсаулыққа қажеттіліктер, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы дұрыс мағлұматтар беру, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», «Қазақстан 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың негізі» деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз. Мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасының бір бөлігі - денсаулықты нығайту. Қай кезеңде болса да адам денсаулығы бірінші орында тұруы тиіс. Соның ішінде бала денсаулығына баса көңіл бөлінуі тиіс. Ал бұл біздің, яғни балабақша қызметкерлерінің негізгі міндеті. Бала денсаулығының мықты болуы, баланың жиі ауырмауы, кез – келген ауруға қарсы тұра білуі – тәрбиешілерге көп байланысты.

Зеренді ауданы, «Бөбек» балабақшасы
Орындаған: Мыңжанова Г. К.
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары. жүктеу
14 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары
Жаз мезгілінің сауықтыру іс - шаралары. Өтпелі тақырып: «Жайдары жаз келді». Апталық тақырып: «Әрқашан күн сөнбесін».
Еркемай бөбекжайы МКҚК бойынша жазғы сауықтыру іс - шаралар жоспары
Еркемай бөбекжайы МКҚК бойынша жазғы сауықтыру іс - шаралар жоспары
«Бақытты - балалық шақ: бұл мен және сен» апталығы баларды қорғау күніне арналған мерекелік іс - шаралар барлық топтар
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары
Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары
Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары
Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартуына, көздерін дем алтуға, балалардың арқалары, қолдарындағы, табандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату.
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Атырау облысы, Кызылкога ауданы, Миялы селосы. Балабақша тәрбиешісі Телманова Асия Гинияткызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×