Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұйқыдан кейінгі жаттығулар

22 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Ұйқыдан кейінгі жаттығулар»
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған. Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдың іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: ілгекті жолдар, тастар, денсаулық кілемшілері, табандар, әтеш киімі.

Музыка әуенімен әтеш бейнесіне еніп тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку. Балапандарым кәне ұйқыдан тұрайық.
Тәрбиеші: Түс мезгілі, түс мезгілі.
Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті,
Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады.
Тәрбиеші: Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.

Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.
5. Балалар төсекте отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.
Тәрбиеші: Балалар кәне шеңбер құрайық.

Тыныс алу жаттығуы:
Ку - ка - ру, ку - ка - ри – ку, ку - ка - ри - ку.
Табанды шынықтыру массаждары:
1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.
2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.
3. Ілгекті жолмен жүру.
4. Тастардың үстерімен жүру.
5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.
6. Табандар арқылы жүру.

Тәрбиеші: Балалар енді беті - қолымызды жылы сумен жуып, сүлгімен сүртінейік.
Тәрбиеші: Балалар кәне жарты шеңберге тұрайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Тәрбиеші: Осымен ұйқыдан кейінгі жаттығуларымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп - көп рахмет.
29 856
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары
Балабақшада түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру іс-шаралары
Бүкіл халықтың, әсіресе балалардың денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты, соңғы онжылдықта мектепке дейінгі балалармен денсаулық сақтау жұмыстары ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі жағдайды өзгерту үшін жаңа сауықтыру
Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Сауықтыру жұмысы, Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары
Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары
Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартуына, көздерін дем алтуға, балалардың арқалары, қолдарындағы, табандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату.
Менімен бірге ойна
Менімен бірге ойна
Қол ұстасып жұппен жүру. Тапсырма арқылы жүгіру. Домалаған заттарды қуып жету «Допты қуып жету». Екі сызықтан аттап өтуге үйрету. Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын нығайту, дене
Қызықты аңдар
Қызықты аңдар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы, «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Гүлжазира Махмутова Сиражеденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×