Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи педагогикалық технологиялар

22 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша

«Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи педагогикалық технологиялар»
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшаларындағы оқу - тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы ҰОІӘ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге, салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемлекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана - сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез - құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т. б.) қолдану дағдыларын дамыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды - техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
- педагог пен балалардың бірлескен іс - әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.
дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады.
Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін – ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс - әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:
- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял – елесі;
- коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;
- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
- өзін тануы мен ұғынуы (іс - әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.
Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г. С. Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой - өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.
Ойын іс - әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі
Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс - әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:
- өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;
- іс - әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;
Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез - құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс - әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте - бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. ҰОІӘ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – ҰОІӘ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы, әртүрлі түстен болуы керек.
Ы. Алтынсарин «Натуральды әдіс» туралы былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген.
Жемістер - көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді.
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады
ҰОІӘ тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
Жұптық. Топтық. Ұжымдық.
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат - екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т. б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі - екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір - бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі: ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым - қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп ҰОІӘ өткізу балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез - құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз - үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеуінің бір - бірін үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен - екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. ҰОІӘ балалардың коммуникативтік сөйлеуі, тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мәселе:
- балалардың қазақ тілінде сөздік қоры аз болуында
- Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы
- Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
- Жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы
Тәрбиеші сабақта сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы да баланың тілін дамытады. Серуен кезінде айналадағы табиғат құбылыстарын бақылау, балабақша ауласында қандай өзгерістер болғандығын сұрау кезінде баладан жауап ала отырып, тілін, ойын дамытумен қоса сөздік қорын молайтады.
Сондай - ақ, тілді дамытуда рөлдік ойындар мен мнемотехника тәсілін қолдану өте тиімді. Тәрбиеші көркемдік шығармалар мен ертегілерді айтып қана қоймай, рөлдік ойындар арқылы ойнатса, ол баланың ойында қалады. Сахнада кейіпкер ретінде ойнап тұрған бүлдіршіннің тілі, ой - өрісі дамиды, оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық артады. Рөлдік ойын ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, (мәселен, батырға, шешенге) жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Рөлдік ойындарды ойнау негізінде балалардың ойынға деген қызығушылығы артады. Сондықтан олар лайықты рөлді өздері таңдап алғаны жөн. Сонда ғана ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Байланыстыра сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілін тиімді құрал ретінде қолдану арқылы жеткіншектің есте сақтау қабілеті артып, өмірлік құбылыстар мен оқиғаларды ажырата айтып, айырмашылығын жетік әңгімелей алуға дағдыланады.
Мнемотехника дегеніміз – көру образдары амалының құрылымы. Ол хабарды миға жүйелі жазып алуға мүмкіндік беретін ішкі хат жүйесі. Мұндай тәсілдер арқылы материалды балалар тез игереді. Балабақшадағы ҰОІӘ мнемикалық кестелерді қолдану балалардың көру арқылы ақпаратты тиімді қабылдауына және қайта өңдеуге, әрі оқу тапсырмасына сәйкес оны қайта тарқатуға, есте сақтауға және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл технологияны қолданғанда сызба - кестені пайдаланған жөн. Кестелер сурет арқылы берілуі керек. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Бауырcақ» ертегілері балаларға таныс. Оның мазмұнын бала лар жақсы біледі. Сондықтан оны айту кезінде сурет кестесін қолданамыз. Ертегі желісін шатастырмас үшін бұл суреттер ретімен қойылады. Ал балалар суретке қарап, ертегіні айтып береді.
Заттарды суреттеу немесе кез келген тақырыпта әңгіме құрастырар кезде де сызбалар қолдануға болады. Бала сызбаға қарап, әңгіме құрастырып үйренеді. Нәтижесінде тәрбиеші бірқатар жетістікке жетеді. Демек, бала мен тәрбиеші арасында ынтымақтастық қалыптасады, тіл дамыту сабақтарындағы ойындар баланы қызықтыратындай тартымды өтеді, жеткіншектің сөздік қоры толығып, байланыстыра сөйлеуге үйренеді, тілі дамиды, қарым - қатынас мәдениеті бүлдіршіннің өз пікірін жеткізе білуіне жетелейді.
Балалардың ақыл - ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым - қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым - қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс - тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Жоғарыда айтып кеткен топтық, жұптық, ұжымдық оқытуларда мнемокестелерді тақырыпқа байланысты өткізуге болады. Мысалы: жұптық оқытуда, балаларға жеке символдармен бейнеленген кестелерді беріп, балалар сол кестені пайдалана отырып диалог түрінде сөйлесе алада. Ал негізі монологтарды ең алғашқысында ұжымдық оқытуда
Ұсынылатын ойын түрлері:
- «Көршімді іздеймін.»
- «Адасқан сөздерді орнына қою»
- «Берілген сөздер бойынша мақал құрастыру»
- «Ребусты шешу»
Мысалы, мақал құрастыруға берілетін сөздер ата, ағаш, бала, жапырақ. Мақал: «Ата – ағаш, бала – жапырақ.», «Бала тілі - бал». Балаларға мақалдардың мағынасын түсіндіру.
ҰОІӘ әр тақырыптарға байланысты сызба - схемаларды қолданамын. Сол
сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Педагог өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Әр ҰОІӘ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.
1. ҰОІӘ қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.
2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі ҰОІӘ қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.
3. Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т. б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы ҰОІӘ түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.
Осыдан шығатын нәтиже:
- әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Баланың жеке қабілеті анықталады.
- Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады.
- әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Артемова Л. В. Дидактикалық ойындар. ¬– М.,
2. А. М. Бородич «Методика развития речи детей» Москва, 1981г.
3. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы»
4. Изучаем казахский язык, әдістемелік құрал
5. О. Ушакова «Развитие речи детей»
6. «Отбасы және балабақша» журналдары
7. Е. Өтетілеуов «Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына арналған»
8. 1992. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.
9. Мақал - Мәтелдер жинағы

2 320
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Заманауи тәрбиедегі жаңаша технологиялар
Қазіргі оқу жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×