Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақшадағы үш тілдік

22 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Балабақшадағы – үш тілдік
Үштілділік – ұлттық және рухани бірліктің ерекшеліктерімен айқындалған. Үш тілді білу Қазақстандық әр азаматының мектепке дейінгі жастан бастап үйренетін міндеті мен борышы, қоғамдық өмірге белсене қатысуы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын ынталылық көрсеткіші. Қоғамда әр баланы бойында патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеудің маңызды факторы сол мемлекеттің тіліне деген аса құрмет болып табылады. Ғылымда бала тілді үйренуді қаншалықты ерте бастаса, соғұрлым тез меңгеретіндігі айқын көрсетілген. Қазіргі қоғамның негізі мақсаты – тіл үйренуші тұлғаларына ойлау қабілеттерін біртіндеп үш тілділендіру, сөйлеуге үйрету және тіл мәдениетін мақтауға тәрбиелеу. Біз - балабақша ұжымы ынтымақтастық балабақшасын құруды жөн көрдік. Өйткені, балабақшамыздың ерекшелігі: өз ұлтымыздың балаларымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің балаларына да есік ашып, мемлекеттік тілдегі оқу - тәрбиеге ынталандырудамыз.
Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт - дәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеленушінің меңгеруіне түсінікті, әр түрлі тіл материалдарын қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың тілдерді үйрену уәждемесінің жоғары деңгейін қалыптастыруға жағдай құру (қазақша, орысша, ағылшынша). Шет тілін оңтайлы үйреніп, түйсінуге және сөйлеу аппараты дамуы мен қалыптасуы кезінде, мектепке дейінгі кіші жаста, яғни 3 жастан бастап балаларды тіл үйренуге тарту. Баланы тіл құралымен басқа тіл мәдениетіне және өз мәдениетін сезінуін қалыптастыру, өз тіліне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. Үш тілде оқыту – заман талабы. Бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту:
Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал, тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер - білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру саласында үш тілдік жұмыста физикалық, интеллектуалды, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етілген яғни функционалды толық білім берудің құрама бөлігі: балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметі.
Педагог ұйымдастырған және білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған қызметтің бір түрі. Педагогтың білім іскерлік және дағдының негізгі деңгейін игеруде балаларға қоятын талабы орынды, міндетті, қарым - қатынаспен және дамыту мен оқытуда көмек көрсетумен үздіксіз байланыста болатын педагогикалық қызметі.
Ең бастысы, бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді игеруге, қазақ халқының мәдениетін, салт - дәстүрлерін танып - білуге деген құлшыныстары артуда. Бұл, әрине, ең алдымен тәрбиешілердің, әдіскерлердің орасан еңбектерінің жемісі.
Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында балабақшада бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, үйірме жұмыстарының, ойын – сауықтар, ашық іс - әрекеттер ұйымдастырылуда. Барлық іс - шаралар үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) міндетті түрде айқындап көрсете алды. Сонымен қатар ата - аналар үшін де топ қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің қарым - қатынасын тереңдету мақсатында сөздіктер үнемі қолданылу басшылыққа алынуда.
Топтың не бөлмелердің әр зоналарында мысалы жатын бөлмесінде
«Тәтті ұйқы», «Сладких снов», «Sweet dreams», ас мәзірінде «Ас болсын!»,
«Приятного аппетита!»,«Enjoy your meal!» т. б. сияқты карточкалар
көрсетілген. Және қабылдау бөлмесінде ата - аналармен бірлескен жұмыс ретінде «Үйде қайталайық»! атта айдармен бұрыштамалар ұйымдастырылған.
Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық технологияларды қолдану жүйесі:
- Педагогикалық іс - әрекетті жүзеге асыру формасы, педагогикалық шараларды жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы;
- Практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйе жобасын құру қарастырылған.
- Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлаумен қатар жүзеге асыру - мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі зерттеу жұмысына басшылық жасап бақылау.
- Нәтиже бойынша жұмыстар жүргізу және қорытындылау әкімшілік тарапынан жоба мазмұнына сай құрылған жоспар бойынша ашық іс - әрекеттер мен шаралар ұйымдастырып, диагностика жасау.
- Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің
мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек.
Әр балаға берген білімі бала жасына сай, кең көлемде түсінікті түрде өткізеді.
Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт - дәстүрлерін таныту, әр баланы отан сүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Балабақшамыздың орыс тілінде білім алатын өзге ұлт балалары жыл сайын қаламызда өтетін «Қазақшаң қалай балақай?» атты сайыста қатысып жақсы орындардан көрінеді. Балалардың сөздік қоры мол, алдарына қойған мақсаттарына жете алады. Сонымен қатар балабақшамызда өтетін «Тіл күні», «Тәуелсіздік мерекесіне» арналған концерттерде балаларымыз үш тілде өз өнерлерін көрсетіп, әр ұлттың дәстүрі мен салтын анық көрсетіп жатады.
Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
2. Балабақша меңгерушісі және әдіскері №5 (2012)
3. Отбасы және балабақша №6 (2014)
4.«Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасы - 2009ж
5.- Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы» - Егеменді Қазақстан газеті. 19/І - 2010. №16.
6 - Данабекова Р., «Көптілді білу заман талабы» Отбасы және балабақша журналы, №4, 2012ж.
1 820
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балабақша балаларының ағылшын тілін оқытудағы басты ерекшеліктері
Балалар мен жұмыс жасау - үлкен бақыт. Балалар еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш шаттығынан асқан бақыт жоқ.
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Дарынды бала және оның дамуындағы мәселелер
Мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты тұлғаның жан жақты дамуын қалыптастырып, болашақ өмірге даярлау.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы, №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін үйрету
Ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін үйрету
«М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ ОРЫНДАҒАН: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанабаева Д. К.
Тілге құрмет - елге құрмет
Тілге құрмет - елге құрмет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×