Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары мен төлдері

28 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Үй жануарлары мен төлдері (Байланыстырып сөйлеу)
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Оқу қызметінің мақсаты:
Білімділігі: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айқынды зейін қойып тыңдауға үйрету
Тәрбиелігі: төрт түлік малдың пайдасын айта отырып, оларды қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: балалардың ой өрісін дамыту, ауызша сауаттылығын арттыру, суретпен жұмыс арқылы балалардың ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, өзара қарым - қатынастарын жақсарту
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар көрсету, үнтаспа, қуыршақ, Шопан ата, киіз үйдің макеті, төрт түлік малдың суреті, ермексаздан жасалған үй жануарларының мүсіндері, таратпа материал
Сөздік жұмыс: төлдер, сүзеген, өріс
Билингвалды компонент: түйе - верблюд, жылқы - лощадь, сиыр - корова, қой - овца, ешкі - коза

Балалар музыка әуенімен топқа кіреді. Қонақтармен амандасып шаттық шеңберін құрады. Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Құрсақ енді шеңберді, Алақанды ұрайық. Балалар көңіл күйлерің қалай? Осы жақсы көңіл күймен ұйымдастырылған оқу қызметін бастайық.

Үнтаспа арқылы үй жануарларының дыбыстарын тыңдату. Қай жануардың дыбысы екенін анықтау.

Жаңа оқу қызметі Ендеше оқу қызметі сөйлеуді дамыту Тақырыб: «Үй жануардары мен төлдері»
- Олай болса, балалар, бүгін біз үй жануарлары және олардың төлі туралы әңгімелесеміз.
Ғажайып сәт
Үнтаспадан аттың шабысы естіліп, қоржын ұстаған бала келеді.
– Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жайлаудан келдім. Шопан ата балапан шағын орталығының балаларына мына қоржынды беріп жіберді.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе! Иә, біз «Балапан» шағын орталығының бүлдіршіндеріміз. Қойшы бала төрлетіңіз.
Қойшы бала: - Рахмет, мен жайлауға қайтуым керек Мені атам күтіп отыр
Тәрбиеші: Сау болыңыз! Жайлауға аман жетіп, Шопан атаға сәлем айтыңыз. Балаларға қоржынды көрсетемін.
– Балалар бұл не?
- Қоржында не бар екенін көргілерің келе ме?
Қоржында хат және асықтар бар екен.
Балаларға хатты ашып оқып беру.

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қызылжар елді мекені, №81 орта мектебі жанындағы
«Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі
Төлебаева Айнұр Жамбылқызы

Толық нұсқасын жүктеу
5 695
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінін дамыту.
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, «Жаңақала аудандық балалар бақшасы» МКҚ кәсіпорын тәрбиеші: Адиетова Л. Е
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×