Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Спорт - сенің серігің" спорттық сайыс

07 қаңтар 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша

1. Спорттық сайыстың мақсаты:
а) Спорт – сенің серігің ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
ә) ойын барысында балалардың ынтымақтастығын арттыра отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) ойынға қатысушылардың өзін - өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.
2. Спорт мерекесінің қорытындысын шығару. Қатысушыларды марапаттау.
3. Керекті құрал - жабдықтар: қасық, доп, тунель, картоп, себет, түрлі суреттер, арқан, шеңбер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді Спорт - біздің досымыз! Атты спорттық шарамызға шақырамыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуымыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азамат болып өсеміз. Жарысты бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуларын орындап алайық.
Жүргізуші: Бүгінгі өткелі тұрған «Спорт - сенің серігің!»атты спорттық - эстафеталық сайысқа қош келдіңіздер! Ендеше спорттық ойын - сауығымызды бастамас бұрын әділ - қазы алқасын таныстырып өтейін:
Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)
1. Балабақша әдіскері: Дана Шәмшиденқызы
2. Балабақша медбикесі: Жұлдызай Бақытжанқызы
3. Ата - Ана: Ақмарал Амангелдіқызы
«Спорт – сенің серігің» спорттық сайысының бағдарламасы:
1. «Тез адымда»
2. «Тунель»
3. «Пингвин»
4. «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
«Қыран»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашанда қашпаймыз!
«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достасамыз,
Жалқаулықпен қоштасамыз!
І кезең:
«Тұлпар» тобы балалар.«Тез адымда»
Шарты: Себеттен себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.
«Қыран» тобы ата - ана
Шарты: Себеттен себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке допты салып, жұмбақ шешу.
1. Допты алып қолға,
Дәл түсірген торға. (Баскетболшы)
2. Қырық екі шақырым қашықтан
Жүгіріп өтіп машыққан. (Марафоншы)
3. Шеберлік көрсетіп жүргендер,
Ағаш атқа мінгендер. (Гимнасшы)
4. Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (Доп)
5. Қайқы тұмсық қостабан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды.
Табанға қанжар байладым,
Бетiнде айна ойнадым. (Коньки)
ІІ кезең: «Тунель»
Шарты: Бұл сайыста арнайы жабдықталған тунельдің астынан өтіп, матрац үстінен аунау керек. Мәреге жетіп, сөреге жүгіріп қайту қажет.
IІІ кезең: «Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетіп, қиынды суреттерден бір бүтін сурет құрастыру тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.
ІV кезең: «Арқан тартыс»
Шарты: Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға ортасына қызыл жіп байланған арқан қойылады. Ойынға қатысатын оқушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.
Жүргізуші:- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)


Атырау қаласы, "Зейнеп, Амина және балапандар"
бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Балмуханова Арайлым Сансызбаевна

7 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Эстафеталық ойындар
Эстафеталық ойындар
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған көмекші әдістемелік құрал
Спорт – сенің серігің жарыс
Спорт – сенің серігің жарыс
Денсаулық ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы (спорттық шара)
Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы (спорттық шара)
Салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Эстафеталық ойынға қызығушылықтарын арттыру.
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×