Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
Ақпаратты компьютерлік технологиямен жұмыс жасау арқылы балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
Ақпаратты компьютерлік технологиямен жұмыс жасау арқылы балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Балалар музыкамен залға кіреді.
Қажетті құрал - жабдықтар: Компьютер, проектор, экран, үй жануарларының суреттерімен, маскалары. Доп, жіп. Құрастыруға арналған матадан қиылған пішіндер.
Ойынның барысы:
- Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеден қарасақ ең алдымен нені көреміз.
- Күнді, күннің шуағын, нұрын көреміз.
- Олай болса, бүгін бізге келген қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік.
Саламатсыздар ма!

- Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрып болсаң шеңберге,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға,
Алақанды соғайық.
Сол жақтағы балаға
Алақанды соғайық
Амандасып алайық.
Достарменен бірге біз,
Күлімдейік күлейік.
Қолды созып күнге біз,
Шат көңілмен жүрейік.

Тәрбиеші: Өте жақсы олай болса қазір біз «Төлдер айтысы» ертегісін тамашалайық. Экранға назар аударайық.
( музыка ырғағы ойналады және әр кейіпкер сөйлеген сайын үнтаспадан дыбыс шығарылып, әуенмен сүйемелденеді) Слайд көрсетіледі.
Автор: Ерте заманда үй жануарлары түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, жылқы бәрі бас қосыпты. Үй жануарлары слайдпен көрсетіледі.
Түйе тұрып: - Менің Адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе көлікпін, сүтімнен шұбат ішеді, жүнімнен неше түрлі киім киеді - дейді. Слайдпен түйе көрсетіледі.

Сонда ешкі тұрып: Ешкі қойды бастаған,
Қойды артына тастаған.
Ешкі деген жануар,
Сойса саны қалақтай,
Сауса сүті бұлақтай.
Адамдар біздің сүтімізді ішіп, түбітімізден киім жасайды. Адамдар мені жақсы көреді. ( мә - мә - мә) Слайдпен ешкі көрсетіледі.
Сонда жылқы тұрып: - Ешкі сен босқа мақтанба Слайдпен жылқы көрсетіледі.
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған,
Қашқанға жетпей қоймаған,
Ер қанаты өзің – деп,
Ел қуана айдаған.
Біздің етімізден адамдар қазы - қарта, шұжық жасайды, қымыз ішеді. Адамдарды алыс - алыс ауылдарға жеткіземіз.. Адамдар мені жақсы көреді. ( Жылқы кісінейді)
Сонда сиыр тұрып: Сендер босқа мақтанасыңдар,( Слайдпен сиыр көрсетіледі)
Адам тіршілігіне ең қолайлысы менмін.
Бізден шелек - шелек сүт,
Қарын - қарын май, ірімшік алады.
Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ.
Иеміз бізді жақсы көреді – дейді ( мө - мө - мө)

Сонда қой тұрып: - Сендер босқа мақтанасыңдар,( Слайдпен қой көрсетіледі)
Иеміз бізді жақсы көреді.
Адамдар киетін киім-кешектер,
Маталар, үйдегі төсеніштер,
Біздің жүнімізден алынады,
Бізден пайдалы түлік жоқ,- дейді

Сонда түйе тұрып, итке мойнын соза қарап: Ей салпаң құлақ неғып үндемей тұрсың, айтатын ештеңең жоқ – ау сірә - депті.

Автор: Сол кезде бұл әңгіменің бәрін иесі естіп тұр екен.
Иесі: Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, Адам үшін бәрің де керексіңдер. Мен сендерге ризамын.
Ит болмағанда ол сендерді күзетпегенде, қасқыр бәріңнің де түбіңе жетер еді - депті.
Ит: аф - аф - аф (Слайдпен ит көрсетіледі)
Автор: Бұл жөн сөзге жануарлар сөз қайтара алмапты.
Тәрбиеші: балалар біз төрт түліктің адамға пайдасын білеміз.
До:«Не қалай дыбыстайды»
Балалардың жауабын тыңдау. Ит үреді. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Ешкі бақылдайды.
Сергіту сәті: 1. Атқа жақсы қараймын,
Жал құйрығын тараймын.
Мініп алып сол атқа,
Барып жүрмін қонаққа.
2. Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың.
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
3. Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
4. пеш түбінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
ДО: «Өз үйлерін табуға көмектес» ( Слайд).
Сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе қорада. Ит - үйшікте. Мысық үйде.
Дидактикалық ойын: «Домалақ жіп»
Шеңбер жасап, жіпті бір - біріне үй жануарлары туралы мақал - мәтелдерді айтып береді.
Мыс: Жылқы малдың патшасы,
Түйе малдың көшбасы.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
Мал төлімен көрікті,
Гүл жерімен көрікті.
т. б барлығы айтып жіпті бір - біріне лақтырады. Бір ұшын өздері ұстап тұрады.
Тәрбиеші: Малға теріс қарап мінбе т. б тиым сөздерді айты жіпті кері орайды.
Осы шеңбердей достығымыз берік, тату болайық.
ДО: «Жасырынған жануарды ата» (слайд)
ДО: Шнурмен «Құрастыру»
ДО: Ассосация
Түйе – шөлге шыдамды. Екі өркеші бар. Жантақ жейді. Жүк тасиды. Керуен көш бастайды. Шұбат береді.
Жылқы - жүйрік. Көкпар ойнайды. Бәйгеге шабады. Жал құйрығын тараймыз. Арбаға жегеді. Қымыз береді.
Қой - момақан жуас. Жүнінен киіз, байпақ жасайды. Тон тігеді.
Сиыр - екі мүйізі бар. Айран, құрт жасайды т. б
Слайд: Жұмбақ шешу.
Д/О: «Суреттер сөйлейді»
Ойын шарты: Сызба суреттерге қарап балалар сөйлем құрайды.
Бақташы ата келеді. Балалар, сендер бәрің де үлкен еңбек еттіңдер. Төрт түлік мал еңбек еткен адамның ғана қарнын тойғызады, азығын сыйлайды. Мен сендерге ризамын, сендер төрт түлік малдар туралы көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге «Төрт түлікті шақыру»- деген ойын ала келдім.
ҚО: «Төрт түлікті шақыру»
Ойын шарты: Бақташы атай төлдердің маскасын балаларға таратып береді.
Балалар масканы киіп кейіпкерлердің роліне енеді. Пұшай-пұшайт дегенде қошақандар жүгіріп бақташының қасына жиналады.
Шөре-шөре - дегенде лақтар секіріп келеді.
Құрау-құрау - дегенде құлындар келеді.
Аухау-аухау - дегенде бұзаулар,
Көс-көс - дегенде ботақандар шауып келеді.
Шопан ата: Менің өрісте толы малым бар. Мен енді жайылымға қайтамын. Мен өзіммен бірге сендерге малдардың сүтінен жасалған тағамымды ала келдім. Дәмнен ауыз тиіңдер. (Қоржынынан сыйлық таратылады)
Мен сендерді жайылымдағы малдарымды көруге шақырамын. Бәрі қоштасып шығып кетеді.
Өрістегі малдар туралы шағын фильм көрсетіледі.
14 868
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
The Penguin
The Penguin
Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Балалардың танып білуге деген қызығушылығын арттыру. Сөйлемді грамматикалық жағынан дұыс құрастыруға үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарлары мен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы үй жануарларының төлдерін ата сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×